О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының қолданысын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушылар үшін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрық күшіне енгенге және осы бұйрықтың 1-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын кәсіпкерлік субъектілерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі