О внесении изменения в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
56-1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56-1. Осы Қағидалардың 51 тармағының екінші бөлігінің және 54 тармағының талаптары:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағының шегінен тыс қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы жүзеге асырған жағдайда қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және Қағидалардың 56-1-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі