О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2015 года № 355 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Введенского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 355 шешіміне (2015 жылғы 15 желтоқсанда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:
«Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Mәслихаттың
2021 жылғы 12 ақпандағы
№ 11
шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 355 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Введенка ауылының тұрғындарына
120
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Загаринка ауылының тұрғындарына
17
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Каменка ауылының тұрғындарына
6