О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 404 «Об утверждении натуральных норм обеспечения служебными животными Национальной гвардии Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11270 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқыларды өсіру бойынша қамтамасыз ету». 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету». Р/с № Кү­зет объ­ек­ті­ле­рі­нің (бө­лім­нің, бө­лім­ше­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Ит­тер­дің са­на­ты Із­де­у­ші Пат­рульл­дік-із­де­у­ші Қа­ра­уыл­дық Есірт­кі із­де­у­ші Ми­на із­де­у­ші Ша­буыл­да­у­шы Із­де­у­ші-құт­қа­ру­шы Асыл тұқым­ды Кү­шік­тер Жөн­де­уде­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1-па­ра­граф. Ма­ңы­зды мем­ле­кет­тік объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту жө­нін­де­гі әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) 1. Тәу­лік­тік кү­зе­ті бар тұ­рақ­ты объ­ект бір­лік 2 3 1 - 2 - - - - - 2. Тәу­лік­тік кү­зе­ті бар тұ­рақ­ты объ­ек­ті­нің кө­лік­ті өт­кі­зу жө­нін­де­гі ба­қы­лау-өт­кі­зу пунк­ті бір­лік - 3 - - 2 - - - - - 2-па­ра­граф. Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ме­ке­ме­ле­рін кү­зе­ту жө­нін­де­гі әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) 3. Тәу­лік­тік кү­зе­ті бар тұ­рақ­ты өн­ді­рі­стік объ­ект бір­лік 2 4 7 1 - - - - - - 4. Же­ке тұ­рақ­ты өн­ді­рі­стік объ­ект, бір ауы­сым­да жұ­мыс іс­тей­тін тұ­рақ­ты құ­ры­лыс және уа­қыт­ша объ­ект бір­лік - 3 6 - - - - - - - 5. Тәу­лік­тік кү­зе­ті бар тұ­рақ­ты объ­ек­ті­нің кө­лік­ті өт­кі­зу жө­нін­де­гі ба­қы­лау-өт­кі­зу пунк­ті бір­лік - 3 - - - - - - - - 6. Өмір бой­ы­на бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған және өлім жа­за­сы­на ке­сі­л­ген сот­тал­ған­дар­дың мі­нез-құл­қын ба­қы­лау мен қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­сі 1 кор­пус­қа бір­лік 1 2 - - - - - - - - 7. Объ­ек­ті­ні тәу­лік­тік кү­зе­ту­ді жү­зе­ге асы­ра­тын бө­лім­ше­нің із ке­су то­бы бір­лік - 1 - - - - - - - - 3-па­ра­граф. Ай­да­уыл­дау жө­нін­де­гі әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) 8. Ай­ы­на қар­сы қа­ра­уыл­дар­ды та­ғай­ын­да­ған кез­де­гі ай­ыр­ба­стау пунк­ті: 1) 10-ға дей­ін бір­лік - 1 - - - - - - - - 2) 15-ке дей­ін 1 1 - - - - - - - - 3) 20-ға дей­ін 1 2 - - - - - - - - 4) 25-ке дей­ін 1 3 - - - - - - - - 5) 25-тен астам 1 4 9. Сот­тал­ған­дар мен кү­зет­пен ұста­ла­тын адам­дар­ды сот және жос­пар­лы ав­то­жол қа­ра­уыл­да­рын­да ай­да­уыл­мен алып жү­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын бө­лім­ше бір­лік 1 1 - - - - - - - - 4- па­ра­граф. Ар­найы мо­тор­лан­ды­ры­л­ған әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) мен же­дел мақ­сат­та­ғы әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) 10. Же­дел мақ­сат­та­ғы ба­та­льон бір­лік 1 4 - - - - - - - - 11. Же­дел мақ­сат­та­ғы бө­лім­нің (бө­лім­ше­нің) әс­ке­ри же­дел ре­зер­ві бір­лік - - - 1 1 - - - - - 5-па­ра­граф. Ар­найы мақ­сат­та­ғы әс­ке­ри бө­лім­дер (бө­лім­ше­лер) 12. Ар­найы мақ­сат­та­ғы жа­сақ бір­лік 1 - - 1 1 3 - - - - 13. Ар­найы мақ­сат­та­ғы топ бір­лік 1 - - - 1 1 - - - - 6-па­ра­граф. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою жө­нін­де­гі аза­мат­тық қор­ға­ныс бө­лім­де­рі (бө­лім­ше­лер) 14. Құт­қа­ру құ­ра­лым­да­ры ки­но­ло­гия қыз­ме­ті­нің бө­лім­ше­сі (есеп­топ­та­ры) бір­лік 1 - - - 1 - 4 - - - 7-па­ра­граф. Ки­но­ло­ги­я­лық ор­та­лық, қыз­мет­тік тұқым­ды ит­тер­ді өсі­ру және кө­бей­ту жө­нін­де­гі пи­том­ник 15. Ки­но­ло­гия қыз­ме­ті­нің ма­ман­да­рын да­яр­лау жө­нін­де­гі оқу взво­ды (то­бы) бір­лік 1 - - - - - - - - 1 кур­сант­қа 16. Қыз­мет­тік тұқым­ды ит­тер­ді өсі­ру және кө­бей­ту пи­том­ни­гі (асыл тұқым­ды ит­те­рі бар бө­лім­ше), мы­на­дай есеп­пен: 1) екі асыл тұқым­ды ит­ке бір­лік - - - - - - - - 10 8 2) он асыл тұқым­ды ит­ке бір­лік - - - - - - - - 30 25 3) жиыр­ма асыл тұқым­ды ит­ке бір­лік - - - - - - - - 60 50 4) қы­рық бес асыл тұқым­ды ит­ке. бір­лік - - - - - - - - 90 76 Ескертпе: 1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды: 1) қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі; 2)  есірткі іздеуші иттер – оларды қолдана отырып орындалатын қызметтік міндеттер болмашы көлемде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі; 3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомникте асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-маманға бекітіліп беріледі. 2. Оқу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Қажет болған жағдайда курсанттарға оқу орталығының иттері бекітіледі 3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жыл 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін есептен шығарылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2)және 3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі __________________________ 2019 жылғы «___» _________