О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 405 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размер ставок и срок их действия»
- Атауы (қаз.)
- «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 20.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2016 97958_75127.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600012895
- ЭКБ идентификаторы
- 97958
- Редакция идентификаторы
- 97958_75127
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:02
0 Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:
«
2709 00 900 94
Шикі мұнай
-
60 доллар
60 доллар
тұрақты
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2709 00 900 94
Шикі мұнай
-
40 доллар
40 доллар
2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін
».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесінің жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 20 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________В. Школьник
2016 жылғы 20 қаңтар