О внесении изменений в решение районного маслихата от 27 марта 2015 года №ХХХ-5 «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории сельских округов Кызылкогинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы №ХХХ-5 «Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және 2015 жылғы 17 маусымдағы Мұқыр ауылдық округі әкімінің №26, 2015 жылғы 20 шілдедегі Ойыл ауылдық округі әкімінің №22, 2015 жылғы 20 шілдедегі Тасшағыл ауылдық округі әкімінің №18, 2015 жылғы 20 шілдедегі Жамбыл ауылдық округі әкімінің №7, 2015 жылғы 20 шілдедегі Қызылқоға ауылдық округі әкімінің №6, 2015 жылғы 20 шілдедегі Жангелдин ауылдық округі әкімінің №7, 2015 жылғы 20 шілдедегі Тайсойған ауылдық округі әкімінің №9, 2015 жылғы 21 шілдедегі Сағыз ауылдық округі әкімінің №43, 2015 жылғы 23 шілдедегі Миялы ауылдық округі әкімінің №59 және 2015 жылғы 23 шілдедегі Көздіғара ауылдық округі әкімінің №11 шешімдерінің негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы №ХХХ-5 «Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3161 санымен тіркелген, аудандық «Қызылқоға» газетіне 2015 жылғы 7 мамырда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін: қосымшалардың 11 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «11. Ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жиында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны әр ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің жүз тұрғындарынан (жергілікті қоғамдастық мүшелерінен) бір өкіл құрамында айқындалады. Егер ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны жүз тұрғынға (жергілікті қоғамдастық мүшелеріне) жетпеген жағдайда, әрбір ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйден бір өкілден сайланады.»
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Қ.Қоданов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.