О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 27 февраля 2015 года № 53 «О создании государственных природных заказников местного значения» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті