О внесении изменений в постановление акимата области от 27 января 2015 года № 54 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 ақпанында № 3051 тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда № 29 «Жетісу», 2015 жылғы 7 наурызда №29 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) № 54 қаулысымен бекітілген келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген Ереженің 9-тармағы  жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 9
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.».
Тармақ 2
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.