О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июня 2015 года № 567 «Об утверждении Перечня материально-технического оснащения, строительства, реконструкции и ремонта зданий и сооружений для оказания содействия местными исполнительными органами территориальным подразделениям и подведомственным государственным учреждениям Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.«Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11808 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде: 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тілдегі мәтін өзгермейді; 11-тармақта: 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) құтқару станцияларының ғимараттары мен құрылыстары кешендерін салу; 8) «Құтқару станцияларының ғимараттары мен құрылыстары кешендерін салу» үлгілік жобасын құрылыстың нақты алаңына байланыстыру;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) «Өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциялары объектілеріне коммуникациялық құрылыстарды салу, реконструкциялау, жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу» үлгілік жобасын құрылыстың нақты алаңына байланыстыру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.