О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июня 2015 года № 567 «Об утверждении Перечня материально-технического оснащения, строительства, реконструкции и ремонта зданий и сооружений для оказания содействия местными исполнительными органами территориальным подразделениям и подведомственным государственным учреждениям Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» 2015 жылғы 27 шілдедегі бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11808 болып тіркелген, 2015 жылы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін: аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қоса берілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.»; Аталған бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде: Тізбенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жүзу құралдары: 1) құтқару қайығы (көліктік тіркемесі бар); 2) тасымалдауға арналған тіркемесі бар сүңгуірлік бот; 3) тасымалдауға арналған тіркемесі бар құтқару катері; 4) ескекті қайық; 5) үрлемелі қайық; 6) құтқару салы; 7) аспалы қайық моторы; 8) ауа жастығындағы кеме.»; 5-тармақтың 22-тармақшасы алынып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Байланыс, ақпараттандыру және есептеу техникасының жабдығы 1) бейнеқабырға; 2) жергілікті есептеу желісі (құрылымданған кабельдік желі); 3) жұмыс станциясы (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір, акустикалық жүйе, үздіксіз қуаттандырғыш көзі, желілік сүзгі); 4) перифериялық құрылғы (сканер, принтер, көп функционалды құрылғы); 5) қорғалған корпустағы тасымалды компьютер; 6) электрондық құжат айналымының сервері жиынтықта; 7) бейнемен сүйемелдеуді және ілеспе аударманы қамтамасыз ететін конференц жүйе; 8) бейнеконференция байланысының абоненттік терминалы; 9) бейнебақылау жүйесі; 10) цифрлық коммутатор; 11) позициялаудың ғаламдық жүйесін қабылдағыш; 12) 1 000 Вт дейінгі қысқы толқынды стационарлы радиостанция (деректер жіберу функциясы бар); 13) 1 000 Вт дейінгі қысқа толқынды радиостанция (мобильді); 14) 1 000 Вт дейінгі тасымалды қысқа толқынды радиостанция (алып жүретін); 15) ультра қысқа толқынды диапазондағы репитер; 16) радиоұзартқыш; 17) ультрақысқа толқынды транкингтік/конвенциалды радиостанция (мобильді, стационарлы, алып жүретін); 18) автоматты телефон станциясы; 19) құлақтандыру жүйесі; 20) өтімділігі жоғары автомобиль негізіндегі электрмен қуаттандырғыш станция; 21) телефонмен және радио сөйлесулерді жазу, үлкен көлемдегі сөйлесу мұрағатын сақтау жүйесі; 22) автомобильдік бейнетіркегіш; 23) жарық-сигналды дауыс зорайтқыш қондырғы; 24) навигациялық аспап; 25) топтық зарядтық құрылғылар; 26) серверлік үй-жайлардың ауасын баптау жүйесі; 27) ультра қысқа диапозон радиостанциялары (алып жүретін, мобильді); 28) ультра қысқа және қысқа толқынды радистанцияларды өлшеу, баптау және жөндеу жинағы; 29) планшетті компьютер.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.