О внесении дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июня 2015 года № 567 «Об утверждении Перечня материально-технического оснащения, строительства, реконструкции и ремонта зданий и сооружений для оказания содействия местными исполнительными органами территориальным подразделениям и подведомственным государственным учреждениям Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11808 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жергілікті атқарушы органдардың жәрдем көрсетуі үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 79) тармақшамен толықтырылсын: «79) сейсмотренажер.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.