О внесении изменения и дополнения в решение Коргалжынского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 1/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда «Нұр-Қорғалжын» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«10) Учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Қорғалжын ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;»;
9-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қорғалжын ауданының әкімі
______________ Қ. Рыскелдінов
23.10.2017