О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 1/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда аудандық «Нұр-Қорғалжын» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 9
«9. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттары – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;
Тармақша 4
4) ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерлер, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар – Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғалар – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша мөлшерінде;
Тармақша 6
6) табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен отбасылар (азаматтар) – акт немесе анықтама негізінде табиғи апаттан немесе өрттен кейінгі үш ай мерзімінен кешіктірмей отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғалар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммун тапшылық вирусымен) – Қорғалжын орталық аудандық ауруханасының есебінде тұрған, есепте тіркелуі туралы растау негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінен (отбасыларынан) шыққан, колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – оқу орнымен жасалған шарт көшірмесінің, оқу орнынан анықтама, көп балалы отбасынан шыққандығын, немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға немесе халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне жататындығын растайтын анықтама негізінде оқу ақысы мөлшерінде. Жоғары медициналық оқу орындарында оқитын болса, шарт аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалады;
Тармақша 9
9) 1 және 2 топтағы мүгедектер – жылына бір рет сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 10
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) Ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қорғалжын ауданының әкімі
Б. Ғайса
2018 жылғы 21 қарашада