«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 февраля 2016 года № 188 «Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13583 болып тіркелді, 2016 жылғы 21 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:» көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдар нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары»; «Ішкі істер министрлігі» бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-бөлім. «Ішкі істер министрлігі»; мынадай мазмұндағы 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын: « 12 Тер­ге­у­ге алын­ған­дар­дан жа­у­ап алу­ға ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 13 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 14 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 15 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 16 Заттай дәлел­де­ме­лер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай ш.м. 36 »; «Ішкі істер департаменттері» бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-бөлім. «Полиция департаменттері»; мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын: « 16 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 17 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 18 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 »; «Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністері» бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-бөлім. «Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністері»: мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын: « 7 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 8 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 9 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 »; ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертпе»: *үлгілік жоба бойынша 75 адамға арналған ЖБО; *қолдану саласы – Алматы қаласы (Шығыс өңірі), Нұр-Сұлтан қаласы (Солтүстік өңірі), Шымкент қаласы (Оңтүстік өңірі), Атырау қаласы (Батыс өңірі).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2020 жылғы «____» ___________