О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 «Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде: 1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында: 01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» деген сыныбында: 120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» деген кіші сыныбында: 123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» деген ерекшелігі бойынша: 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру шығындары көрсетіледі»; 150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» деген кіші сыныбында: 154 «Үй-жайды жалға алу төлемдері» деген ерекшелігі бойынша: 5 «Атауы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу»; 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге шығындар»; 7 «Ескерту» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады»; 156 «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» деген ерекшелігі бойынша: 5 «Атауы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Консалтингтік қызметтерге ақы төлеу»; 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар»; «156» деген жолдан кейін: 4 «Ерекшелiгi» деген баған «157» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Форумдар, семинарлар және конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу»; 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Форумдар, семинарлар және конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу»; 7 «Ескерту» мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Өкілдік шығындар», «Ақпараттық-имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады»; 4 «Ерекшелiгi» деген баған «158» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу.»; «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар және (немесе) бейнероликтер дайындау»; 7 «Ескерту» мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Өкілдік шығындар», «Ақпараттық-имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады»; 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген ерекшелігі бойынша: 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Осы ерекшелiк бойынша 151-158 ерекшелiктерде көрсетiлмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетiледi, оның ішінде: ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлiк және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер; республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесiн ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу. Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 «Басқа қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 «Басқа қызметтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ерекшелiк бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшiн төлемақы көрсетiледi. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша жiктеледi. Бұл ерекшелiк бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі. Бұдан басқа, осы ерекшелік бойынша жоғары білімді төлеу жөніндегі білім беру гранты, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының «Өркен» бiлiм беру гранты беріледі. Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады»; 160 «Басқа да ағымдағы шығындар» деген кіші сыныбында: 163 «Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары» деген ерекшелігі бойынша: 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету»; 2 «Күрделi шығындар» деген санатында: 4 «Негiзгi капиталды сатып алу» деген сыныбында: 420 «Негiзгi құралдарды күрделі жөндеу» деген кіші сыныбында: 421 «Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу» деген ерекшелігі бойынша: 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделi жөндеуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығындар»; 6 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» деген санатында: 8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» деген сыныбында: 810 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» деген кіші сыныбында: 811 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» ерекшелігі алынып тасталсын; 4 «Ерекшелiгi» деген баған «812» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»; 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау»; 4 «Ерекшелiгi» деген баған «813» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»; «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау»; 4 «Ерекшелiгi» деген баған «814» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»; «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау»; 4 «Ерекшелiгi» деген баған «815» деген цирфлармен толықтырсын; 5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»; 6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.