О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 345 «Об утверждении Правил формирования плана размещения объектов по использованию возобновляемых источников энергии» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) сәйкес қалыптастырылады.»; 7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7-1. ЖЭК орналастыру жоспарын өзектілендіруді уәкілетті орган мынадай жағдайларда: 1) аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша; 2) басым тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша; 3) Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг нәтижелері негізінде; 4) осы Қағидалардың 7-2-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде; 5) жер учаскесінің сипаттамалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеген кезде; 6) Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 241-бабында айқындалған биоәртүрлілікті жоғалту тәуекелдері болған кезде; 7) электр желілерінің қосылу нүктесіне техникалық тұрғыдан қосу мүмкін болмаған жағдайда; 8) әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, облыс) өзгерген жағдайда электр желілеріне қосылу нүктесін өзгертпей жер учаскесі өзгерген кезде жүргізеді. ЖЭК орналастыру жоспарын өзектілендіру кезінде осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін өзгертуге бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде жол беріледі. Әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, облыс) өзгермей, жер учаскесі өзгерген жағдайда ЖЭК орналастыру жоспарын өзектілендіру жүзеге асырылмайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі