О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 559 «Об утверждении Правил и условий выдачи и (или) продления разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы, а также осуществления внутрикорпоративного перевода» Күшін жойған
Басқа 0
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жыл;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 28 ақпандағы № 75
бұйрығына
қосымша
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына
4-қосымша
нысан
Қайда ________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының
жергілікті атқарушы органының атауы)
Кімнен ________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
_____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:
бірінші санат бойынша – ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары
(кәсіптері) бойынша: _________________________________________________________
______________________________________________________________________________
екінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін
көрсету қажет (рұқсат берілген/ұзартылған кезде): ____________________________
______________________________________________________________________________
үшінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________
______________________________________________________________________________
төртінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________
маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын)
сұраймын.
Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық
қызмет түрі: ______________________________________________________________.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік
жұмыскерлерді тартқан кезде:
Облыс (қала):______________________.
Шетелдік жұмыскерлер саны: __________ адам, оның ішінде:
басшы – ___ адам,
лауазымы ____________________________________________________________________;
менеджерлер – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________
мамандар – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________
Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:___________________________________
______________________________________________________________________________
Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: ____________________________
______________________________________________________________________________
Ұйымның меншік нысаны ________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы «____» _________________.
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы
куәлік _______________________________________________________________________
(нөмірі, қашан және кім берген)
жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі:__________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі: _________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: ____________________________________________
______________________________________________________________________________
(шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Мекенжайы, телефон, факс: ____________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: _____________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу
қажеттілігінің негіздемесі: __________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
жұмыскерлерді тартқан кезде
Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: __________________
______________________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі: _________________________________________________
______________________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: _________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______________________
______________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен
шарттарының 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: __________________________
______________________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер: ____________________________________
______________________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: __________________
______________________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі: _________________________________________________
______________________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: _________________________________________
«Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым».
Басшы ________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20 ___жылғы «___» ______________
М.О.
Өтініш 20 ___жылғы «__» ______________ қарауға қабылданды ____________________
______________________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)