О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 июня 2016 года № 5/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 27 шілдеде № 3844 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда «Солтүстік жұлдызы», «Знамя труда» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: орыс тіліндегі атауы келесі редакцияда баяндалсын: «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района»; нұсқалған шешімнің 1 тармағы тіліндегі келесі редакцияда баяндалсын: «1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района.»; нұсқалған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай – Қағида): Қағиданың 12 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 12
«12. Осы Қағидаға 3-қосымшасының 14) тармақшасында негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескерусіз, әлеуметтік көмек негіз бойынша жылына бір рет көрсетіледі.»; Қағиданың 19 тармағында: 2) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақша 2
«2) тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуді растайтын құжат;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2016 жылғы 23 желтоқсан В. Артимович «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2016 жылғы 23 желтоқсан А. Биктимиров