О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 июня 2016 года № 5/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 27 шілдедегі № 3844 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
нұсқалған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
Қағиданың 13 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 13
«13. Осы Қағидаға 3-қосымшаға 15) тармақшада негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, әлеуметтік көмек негіз бойынша айсайын көрсетіледі.»;
Қағиданы 20-1 тармағымен келесі мазмұңдағы толықтырылсын:
Тармақ 20-1
«20-1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Мамлют орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын айсайын анықтама (есептілігі) ұсыну негізінде барлық амбулаторлық емделу кезеңінде асырылады, әлеуметтік көмек көрсетудің 20-1, Қағиданың 13) тармақшада көрсетілсін.».
Нұсқалған шешіммен бекітілген Қағидаға 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндеттер атқарушысы
2017 жылғы 20 шілде
Н. Косоурова
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
2017 жылғы 20 шілде
А. Биктимиров
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданды мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі № 17/2
шешіміне 1 -қосымша
Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша
Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
р/с №
Алушылар санаттарының тізбесі
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
1
2
3
4
1
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азамат (отбасы) не оның мүлкі
40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен артық емес, бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей
Басқа 6
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі №17/2
шешіміне 2-қосымша
Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
3-қосымша
Азаматтарды санатына жататын тұлғаның (отбасының)
материалдық – тұрмыстық жағдайының тексерісін жүргізу
негіздерінің тізімі
Тармақша 1
1) жетімдік;
Тармақша 2
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 5
5) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
Тармақша 6
6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 8
8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 9
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
Тармақша 10
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
Тармақша 11
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
Тармақша 12
12) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін;
Тармақша 13
13) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
Тармақша 14
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) зиян келтіру;
Тармақша 15
15) амбулаторлық емдеу кезендегі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын мұқтаж тұлғаларға;
Тармақша 16
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген коммуналдық қызметтерді төлеу және отын алу үшін;
Тармақша 17
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделуде мұқтаж;
Тармақша 18
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеу үшін (бағалы металлдардан және металлокерамика, металлоакриллден протезден басқа);
Тармақша 19
19) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендердің, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендердің, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балалар мен 1, 2-ші топтағы мүгедектерге еріп жүруші азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту станциясынан ауруханаға жеткізилетін жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы.