О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 27 октября 2017 года № А-11/489 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі: «Аршалы ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 48, 49, 50-жолдармен толықтырылсын: « 48 Есіл өзенінің ескі арнасы (Александровка ауылы) 3,2 километр 49 Мөлдір көлі 3 50 Әлихан бөгеті 6,7 »; «Барлығы: 47» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 50» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «13005 гектар 3 километр» цифрлары мен сөздері «13014,7 гектар, 6,2 километр» цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын; «Астрахан ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын: « 11 Қаз-Қоскөл 1,2 көлі 232,3 12 Толқынкөл көлі 100 13 Үштоған көлі 80 14 Шыражантүбек ескі арнасы 1,2 »; «Барлығы: 10» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 14» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «2910» цифрлары «3323,5» цифрларына ауыстырылсын; «Бурабай ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын: « 41 Балықты көлі 500 42 Қылшақты өзеніндегі көпірден бастап Кенесары бөгетіне дейін 8 километр 43 Қаражан көлі 10 44 Жарағаш көлі 8 45 Қояндыкөл (Турское) көлі 300 46 Вишневая тоғаны 4 »; «Барлығы: 40» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 46» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «4805 гектар 65 километр» цифрлары мен сөздері «5627 гектар, 73 километр» цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын; «Есіл ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын: « 11 Фестиваль өзенінің ескі арнасы 25 »; «Барлығы: 10» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 11» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «610,9» цифрлары «635,9» цифрларына ауыстырылсын; «Ерейментау ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 51, 52, 53-жолдармен толықтырылсын: « 51 Жалғас бөгеті 3 52 Алан ескі арнасы 10 53 Безымянная бөгеті 40 »; «Барлығы: 50» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 53» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «11287» цифрлары «11340» цифрларына ауыстырылсын; «Еңбекшілдер ауданы» бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Біржан сал ауданы»; «Жарқайың ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 19, 20, 21-жолдармен толықтырылсын: « 19 Отрадинская өзенінің ескі арнасы 5 километр 20 Любицкая ескі арнасы 45 21 Сарғалдақ өзенінің ескі арнасы 5 километр »; «Барлығы: 18» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 21» сөзімен цифрларына ауыстырылсын; «3851 гектар 43 километр» цифрлары мен сөздері «3896 гектар, 53 километр» цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын; «Жақсы ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын: « 11 Қамсақты өзені 3 километр »; «Барлығы: 10» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 11» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «65 километр» цифрлары «68 километр» цифрларына ауыстырылсын; «Целиноград ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 56, 57, 58-жолдармен толықтырылсын: « 56 Құмкөл көлі 70 57 № 3 бригада бөгеті 132 58 Софиевка бөгеті 14,8 »; «Барлығы: 55» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 58» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «8741,5» цифрлары «8958,3» цифрларына ауыстырылсын; «Шортанды ауданы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын: « 38 Новокавказский тоғаны 109 »; «Барлығы: 37» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 38» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «3878» цифрлары «3987» цифрларына ауыстырылсын; «Степногорск қаласы» бөлімінде: келесі мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын: « 5 Қарабұлақ бөгеті 50 »; «Барлығы: 4» сөзі мен цифры «Барлығы: 5» сөзі мен цифрына ауыстырылсын; «164» цифрлары «214» цифрларына ауыстырылсын; «Барлғы: 498» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 524» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын; «104612,7 гектар 727 километр» сөздері мен цифрлары «106300,7 гектар, 751,2 километр» сөздері мен цифрларына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.С. Үйсімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.