О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 27 июня 2017 года № 12-7-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI Бородулиха аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
26-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) алушы Бородулиха ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.