О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Шал акына Северо - Казахстанской области от 27 марта 2017 года № 12/1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Шал акына Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешіміне (2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4146 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «12.  Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.»; 17 және 18-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «17.  Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, жол құны мөлшерінде бір рет көрсетіледі. 18.  Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша оқу жылының басында адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 160 (жүз алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын: «18-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»; 20 және 21-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен: 1) жеке басын куәландыратын құжатпен; 2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен; 3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды. 21. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.»; Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысының әкімі __________________ Қ.Ақсақалов 2021 жылғы «__»______________
Басқа 1
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1/13 шешіміне 1- қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша р/с№ Ата­у­лы күн­дер­дің, ме­ре­ке күн­де­рі­нің ата­у­ла­ры және әле­умет­тік кө­мек алушы­лар са­нат­та­ры Әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту есе­лі­гі және мөл­ше­рі 15 ақ­пан – «Ауған­стан Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы­нан Ке­ңес әс­кер­ле­рі­нің шек­те­улі кон­тин­ген­ті­нің шы­ға­ры­л­ған кү­ні» 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның үкi­мет­тік ор­ган­да­ры­ның ше­шiм­дерiне сәй­кес бас­қа мем­ле­кет­тер­дiң ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Теңiз фло­ты­ның, Мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi, бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гiнiң бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры (әс­ке­ри ма­ман­дар мен ке­ңес­шiлер­дi қо­са ал­ған­да); оқу жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған және Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан ке­зең­де жi­берiл­ген әс­ке­ри мiн­дет­тiлер; Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан ке­зең­де осы ел­ге жүк жет­кi­зу үшiн жi­берiл­ген ав­то­мо­биль ба­та­льон­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның ау­ма­ғы­нан Ауған­стан­ға жа­уын­гер­лiк тап­сыр­ма­лар­мен ұш­қан ұшу құ­ра­мы­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; Ауған­стан­да­ғы ке­ңе­стік әс­ке­ри кон­тин­гент­ке қыз­мет көр­сет­кен, жа­ра­қат, кон­ту­зия ал­ған неме­се мер­тіккен не ұрыс қи­мыл­да­рын қам­та­ма­сыз ету­ге қа­тыс­қа­ны үшін бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның ор­ден­дерi­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғын қор­ғау, әс­ке­ри қыз­мет­тiң өзге де мiн­дет­терiн бас­қа ке­зең­дер­де ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан неме­се май­дан­да бо­луы­на бай­ла­ны­сты, сон­дай-ақ Ауған­стан­да неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа да мем­ле­кет­тер­де әс­ке­ри қыз­метiн өт­ке­ру кезiн­де ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 3 Бас­қа ел­дер­де­гі май­дан­да­ғы әре­кет ет­кен әс­ке­ри кон­тин­гент­тер­ге қыз­мет көр­сет­кен және ұрыс қи­мыл­да­рын жүр­гi­зу ке­зеңiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі не ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған тиiстi са­нат­тар­да­ғы жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 4 Ауған­стан­да­ғы неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа да мем­ле­кет­тер­де­гi ұрыс қи­мыл­да­ры кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі, ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан қа­за тап­қан (ха­бар-ошар­сыз кет­кен) неме­се қай­тыс болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 5 1979 жы­л­ғы 1 жел­тоқ­сан – 1989 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Ауған­стан­ға және ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген бас­қа да ел­дер­ге жұ­мысқа жi­берiл­ген жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы Мем­ле­кет­тік қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң Ауған­стан ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша болған және ке­ңес әс­кер­лерiнiң шек­те­улі кон­тин­ген­ті­нің құ­ра­мы­на ен­бе­ген жұ­мыс­шы­ла­ры мен қыз­мет­шiлерi. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 7 Тә­жікс­тан-Ауған­стан учас­ке­сін­де Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның ше­ка­ра­сын қор­ғауды кү­шей­ту жө­нін­де­гі мем­ле­ке­та­ра­лық шар­ттар мен ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес мін­дет­те­рін орын­да­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 8 Ирак­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық бі­тім­гер­ші­лік опе­ра­ци­я­ға бі­тім­гер­лер ре­т­ін­де қа­тыс­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 9 Та­у­лы Қа­ра­бах­та­ғы эт­но­са­ра­лық қақ­тығ­ы­сты рет­те­у­ге қа­тыс­қан әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы іш­кі іс­тер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 8 на­урыз – «Ха­лы­қа­ра­лық әй­ел­дер кү­ні» 1 «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен ма­ра­пат­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен ма­ра­пат­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Төрт және одан көп кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­сы, оның ішін­де кәме­лет­тік жас­қа толған­нан кей­ін бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­ті­ре­тін уа­қыт­қа дей­ін (бі­рақ жиыр­ма үш жас­қа толған­ға дей­ін) ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын ба­ла­ла­ры бар кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы­лар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 26 сәу­ір – «Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­ты ес­ке алу кү­ні» 1 1986 – 1987 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың, аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­тыс­қан, сон­дай-ақ яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға тi­ке­лей қа­тыс­қан адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың, яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар және мү­ге­дек­ті­гі ата-ана­сы­ның бiрiнiң ра­ди­а­ци­я­лық сәу­ле алуы­мен ге­не­ти­ка­лық бай­ла­ны­сты олар­дың ба­ла­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 3 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою кезiн­де қа­за тап­қан адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 4 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың және яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан сәу­ле ау­руы­на шал­ды­ғып қай­тыс болған­дар­дың неме­се қай­тыс болған мү­ге­дек­тер­дiң, сон­дай-ақ қай­тыс бо­луы бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен со­лар­дың әсе­ріне бай­ла­ны­сты болған аза­мат­тар­дың от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 5 1988 – 1989 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар қа­та­рын­да­ғы, қо­ныс ауда­ру кү­ні құр­сақ­та болған ба­ла­лар­ды қо­са ал­ған­да, оқ­ша­у­лау және кө­ші­ру ай­мақ­та­ры­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қо­ныс ауда­ры­л­ған (өз ер­кі­мен кет­кен) адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 7 ма­мыр – «Отан қор­ғау­шы­лар кү­ні» 1 Бұ­рын­ғы  КСР Ода­ғы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лi­гi­нің, іш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның әс­ке­ри мiн­дет­ті­лер жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған, қо­ғам­ға жат көрiнiстер­ге бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар кезiн­де қо­ғам­дық тәр­тiп­тi қор­ғау жөнiн­де­гi мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­шiле­рінiң, бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­рам адам­да­ры­ның от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Бей­бiт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­метiн өт­ке­ру кезiн­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 9 ма­мыр – «Же­ңіс кү­ні» 1 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­те­рі. Жы­лы­на 1 (бір) рет 100 (жүз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерi­нің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­ріне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшін бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ліп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де қыз­мет өт­кер­ген әс­ке­ри қыз­мет­шiлер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 3 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де май­дан­да­ғы ар­мия құ­ра­мы­на кiр­ген әс­ке­ри бөлiм­дер­де, шта­б­тар­да, ме­ке­ме­лер­де штат­тық ла­у­а­зым­дар ат­қар­ған не сол ке­зең­дер­де май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерi­нің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­ріне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшін бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ліп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да болған Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Теңiз Фло­ты­ның, бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк әс­кер­лерi мен ор­ган­да­ры­ның ерік­тi жал­да­ма­лы құ­ра­мы­ның адам­да­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 4 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот­тың құ­ра­мы­на кiр­ген бөлiм­дер­дiң, шта­б­тар мен ме­ке­ме­лер­дiң құ­ра­мын­да полк ба­ла­ла­ры (тәр­би­е­ле­ну­шiлерi) және юн­га­лар ретiн­де болған адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 5 Екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс жыл­да­рын­да шет ел­дер­дiң ау­ма­ғын­да пар­ти­зан от­ряд­та­ры, астыр­тын топ­тар және бас­қа да фа­шизм­ге қар­сы құ­ра­лым­дар құ­ра­мын­да фа­ши­стiк Гер­ма­ния мен оның одақ­та­ста­ры­на қар­сы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы Қа­ты­нас жол­да­ры ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, Бай­ла­ныс ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, кәс­iп­шiлiк және көлiк ке­ме­лерiнiң жү­зу құ­ра­мы мен авиа­ци­я­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның, Ба­лық өнер­к­әс­iбi ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, теңiз және өзен фло­ты­ның, Сол­тү­стiк теңiз жо­лы бас бас­қар­ма­сы­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның ар­на­у­лы құ­ра­лым­да­ры­ның Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де әс­ке­ри қыз­мет­шiлер жағ­дай­ы­на кө­шiрiл­ген және ұрыс май­дан­да­ры­ның тыл­да­ғы ше­ка­ра­ла­ры, флот­тар­дың же­дел ай­мақ­та­ры ше­гiн­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот мүд­де­лерi үшін мiн­дет­тер ат­қар­ған қыз­мет­кер­лерi, сон­дай-ақ Ұлы Отан со­ғы­сы­ның бас кезiн­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дiң порт­та­рын­да ерік­сіз ұстал­ған көлiк фло­ты ке­ме­лерi эки­паж­да­ры­ның мү­ше­лерi. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 7 Ле­нин­град қа­ла­сын­да­ғы қор­шау ке­зе­ңін­де қа­ла­ның кәс­i­по­рын­да­рын­да, ме­ке­ме­лерi мен ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс iсте­ген және «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 8 Екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс ке­зеңiн­де фа­ши­стер мен олар­дың одақ­та­ста­ры құр­ған конц­ла­герь­лер­де­гі, гет­то­лар­да­ғы және бас­қа да мәж­бүр­леп ұстау орын­да­рын­да­ғы кәме­лет­ке тол­ма­ған тұт­қын­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 9 Қыз­мет­тік мiн­дет­терiн ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан не май­дан­да бо­луы­на неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген мем­ле­кет­тер­де қыз­мет­тік мiн­дет­терiн орын­да­уы­на бай­ла­ны­сты ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның және іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 10 1944 жы­л­ғы 1 қаң­тар – 1951 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Укра­и­на Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Бе­ла­русь Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Лит­ва Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Лат­вия Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Эс­то­ния Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да болған ха­лық­ты қор­ғау­шы жой­ғыш ба­та­льон­дар­дың, взвод­тар мен от­ряд­тар­дың жа­уын­гер­лерi мен ко­ман­да­лық құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы, осы ба­та­льон­дар­да, взвод­тар­да, от­ряд­тар­да қыз­мет­тік мiн­дет­терiн ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы неме­се мер­ті­гуі сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 11 Ұлы Отан со­ғы­сын­да қа­за тап­қан, жер­гiлiк­тi әуе ша­буы­лы­на қар­сы қор­ға­ны­стың объ­ек­тiлiк және ава­ри­я­лық ко­ман­да­ла­ры­ның өзiн-өзi қор­ғау топ­та­ры­ның же­ке құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры, Ле­нин­град қа­ла­сы­ның гос­пи­таль­да­ры мен ау­ру­ха­на­ла­ры­ның қа­за тап­қан жұ­мыс­кер­ле­рінiң от­ба­сы­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 12 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған мү­ге­де­гінiң неме­се же­ңіл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­стiрiл­ген адам­ның екiн­шi рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы), сон­дай-ақ жал­пы ау­ру­ға шал­ды­ғу, жұ­мыста мер­ті­гу және бас­қа да се­беп­тер (құқық­қа қай­шы ке­летiн­дер­дi қо­с­па­ған­да) сал­да­ры­нан мү­ге­дек деп та­ны­л­ған, Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған қа­ты­су­шы­сы­ның, пар­ти­зан­ның, астыр­тын әре­кет ету­шi­нің, «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тың екін­ші рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы). Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 13 Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен мін­сіз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін бұ­рын­ғы Ке­ңес Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 31 ма­мыр – «Са­я­си қу­ғын-сүр­гін және ашар­шы­лық құр­бан­да­рын ес­ке алу кү­ні» 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы ау­ма­ғын­да са­я­си қу­ғын-сүр­гін­дер­ге ті­ке­лей ұшы­ра­ған және қа­зір­гі уа­қыт­та Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қазiр­гi ау­ма­ғын­да өздерiне қу­ғын-сүр­гiн­дер қол­да­ны­л­ған­ға дей­iн тұ­рақ­ты өмiр сүр­ген адам­дар мы­на тө­мен­де­гi жағ­дай­лар­да та­ны­ла­ды:1) бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ке­ңес сот­та­ры мен бас­қа да ор­ган­дар­дың қол­да­нуы;2) екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс кезiн­де (жай адам­дар мен әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дi) тұ­рақ­ты ар­мия әс­ке­ри три­бу­нал­да­ры­ның ай­ып­та­уы;3) Қа­зақ­стан­нан тыс­қа­ры жер­лер­де әс­ке­ри қыз­мет ат­қа­ру үшiн ша­қы­ры­л­ған­нан кей­iн қу­ғын-сүр­гiн­дер­дiң қол­да­нуы;4) қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ор­та­лық одақ­тық ор­ган­дар: Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның Жо­ғар­ғы Со­ты мен оның сот ал­қа­ла­ры­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның Ай­рық­ша бас са­я­си Бас­қар­ма ал­қа­сы­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Iш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты - Мем­ле­кет Қа­уiп­сiздi­гі ми­ни­стр­лi­гi - Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гi жа­нын­да­ғы ай­рық­ша ке­ңе­стiң, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Про­ку­ра­ту­ра­сы мен Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы іш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның Тер­геу Іс­те­рі жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­сы­ның және бас­қа ор­ган­дар ше­шiм­дерi бой­ын­ша қол­да­нуы;5) Қа­зақ­стан­да­ғы 1986 жы­л­ғы 17-18 жел­тоқ­сан оқи­ға­ла­ры­на қа­тыс­қа­ны үшін, осы оқи­ға­лар­да қа­са­қа­на кі­сі өл­тір­ге­ні және ми­ли­ция қыз­мет­ке­рі­нің, ха­лық жа­сақ­шы­сы­ның өмі­ріне қа­стан­дық жа­са­ға­ны үшін сот­тал­ған, өзде­ріне қа­ты­сты қыл­мыстық іс­тер­ді қай­та қа­ра­удың қол­да­ны­лып жүр­ген тәр­ті­бі сақ­та­ла­тын адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, қу­ғын-сүр­гін­дер­дің қол­да­ны­луы жағ­дай­ла­рын­да та­ны­ла­ды. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 3 Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы мем­ле­кет­тiк өкi­мет­тiң жо­ға­ры ор­ган­да­ры­ның құ­жат­та­ры негiзiн­де Қа­зақ­стан­ға және Қа­зақ­стан­нан кү­ш­теу ар­қы­лы құқық­қа қар­сы қо­ныс ауда­ру­ға ұшы­ра­ған адам­дар да та­ны­ла­ды. Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 4 Ата-ана­лар­мен неме­се олар­дың ор­нын­да­ғы адам­дар­мен бiр­ге бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да, ай­да­уда, жер ауда­ру­да неме­се ар­найы қо­ныс ауда­ру­да болған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры, сон­дай-ақ қу­ғын-сүр­гiн кезiн­де он се­гiз жас­қа тол­ма­ған және оның қол­да­ны­луы нәти­же­сiн­де ата-ана­сы­ның неме­се олар­дың бі­ре­уі­нің қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 7 (же­ті) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 30 та­мыз – «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы кү­ні» 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на сі­ңір­ген ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы та­ғай­ын­дал­ған адам­дар, об­лы­стық ма­ңы­зы бар дер­бес зей­нет­кер мәр­те­бе­сі бар зей­нет­кер­лер, об­лы­стың, (қа­ла­ның, аудан­ның) құр­мет­ті аза­мат­та­ры. Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 2 Со­ци­а­ли­стік Ең­бек Ер­ле­рі, үш дә­ре­же­лі Даңқ, үш дә­ре­же­лі Ең­бек Даң­қы ор­ден­де­рі­нің иегер­ле­рі. Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш 3 «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы­на ие болған адам­дар. Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Басқа 2
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1/13 шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаттары Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе мүліктік залал тартқан азаматтар (отбасылар) 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, бір рет Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен алты айдан кешіктірмей
Басқа 3
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1/13 шешіміне 3-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-қосымша
Тармақша 1
1) жетiмдiк;
Тармақша 2
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девиантты мiнез-құлық;
Тармақша 4
4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
Тармақша 5
5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 6
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 7
7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 8
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
Тармақша 9
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
Тармақша 10
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
Тармақша 11
11) пробация қызметінің есебінде болуы;
Тармақша 12
12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 13
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
Тармақша 14
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;
Тармақша 15
15) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
Тармақша 18
18) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, амбулаторлық емделуде жүрген, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың қосымша күшейтілген тамақтануға қажеттілігі;
Тармақша 19
19) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және жеңілдіктер бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
Тармақша 20
20) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беру ұйымдарында күндізгі оқу түрінде оқытып жатқан аз қамтамасыз етілген отбасыларда студенттердің бар болуы;
Тармақша 21
21) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) шақырылған ауру-сырқаты бар балалардың үнемі күтім және қосымша күшейтілген тамақтануға мұқтаждығы.