О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 27 октября 2017 года №16-3 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Чингирлаускому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 «Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 «Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4952 тіркелген, 2017 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімімен бекітілген Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары қосымшасында: реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 5 Емханалар 1 келіп кету »; реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 6 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек - орын »; реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 8 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын »; реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 12 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 ».
Тармақ 2
2. Шыңғырлау аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (С.Шагиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.