О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 июня 2018 года № 105/НҚ «Об утверждении профилей защиты и методики разработки профилей защиты» Қолданыста
Басқа 0
«Қорғау бейіндерін және Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 105/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қорғау бейіндерін және Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 105/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17247 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1‑тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрықтың 1‑қосымшасына сәйкес Қорғау бейіндері;»;
осы бұйрықпен бекітілген 1‑қосымша осы бұйрықтың 1‑қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықпен бекітілген 2‑қосымша осы бұйрықтың 2‑қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Қорғау бейіндері
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 380/НҚ Бұйрыққа
1 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 105/НҚ бұйрығына
1 - қосымша
Қорғау бейіндері
1-бөлім. Жұмыс станцияларына және серверлерге арналған вирусқа қарсы қорғау құралдарын қорғау бейіні
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қорғау бейіндері «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қорғау бейінінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағалау объектісі (бұдан әрі – БО) – бағалауға жататын әкімшінің және пайдаланушының басшысымен ЦИО-ның компоненттері;
Тармақша 2
2) басып кіру (шабуыл) – мақсаты цифрлық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуді жүзеге асыру болып табылатын іс-қимыл;
Тармақша 3
3) басып кірулерді айқындау жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – ақпаратқа оны алу, жою, бұрмалау және оған қолжетімділікті бұғаттау мақсатында қасақана қол жеткізуге, ақпаратқа (ақпарат тасығыштарға) арнайы әсер етуге бағытталған цифрлық жүйедегі іс-қимылдарды автоматты айқындау (бұғаттау) функцияларын іске асыратын бағдарламалық немесе бағдарламалық-техникалық құрал;
Тармақша 4
4) БАЖ әкімшісі – БО-ны орнатуға, әкімшілендіруге және пайдалануға пайдаланушы;
Тармақша 5
5) БАЖ талдағышы – ақпаратты БАЖ сенсорларынан (датчиктерінен) жинауға, оның бақылаудағы ЦИО-ға басып кірулерді (шабуылдарды) айқындау тұрғысынан қорытынды талдауын жинауға арналған БАЖ–дың бағдарламалық немесе бағдарламалық-техникалық компоненті;
Тармақша 6
6) БАЖ деректері – өзінің функцияларын орындау нәтижесінде БАЖ жинаған немесе құрған деректер;
Тармақша 7
7) БАЖ датчигі (сенсоры) – бақылаудағы ЦИО-дағы оқиғалар туралы ақпаратты (деректерді) жинауға және бастапқы талдауды жүргізуге, сондай-ақ – осы ақпаратты (деректерді) БАЖ талдағышына жіберуге арналған БАЖ–дың бағдарламалық немесе бағдарламалық-техникалық компоненті;
Тармақша 8
8) БО қауіпсіздік саясаты (бұдан әрі – ОҚС) – цифрлық ресурстарды, бақылаудағы БО басқаруды, қорғау мен бөлуді реттейтін қағидалар жиынтығы;
Тармақша 9
9) БО қауіпсіздік функциялары (бұдан әрі – ОҚФ) – ОҚС жүзеге асыруға бағытталған БО-ның барлық қауіпсіздік функцияларының жиынтығы;
Тармақша 10
10) вирусқа қарсы қорғау – ақпаратты және ЦИО компоненттерін зиянды компьютерлік бағдарламалардан (вирустардан) қорғау (зиянды компьютерлік бағдарламаларды (вирустарды) айқындау, бұғаттау, оқшаулау, жою);
Тармақша 11
11) вирусқа қарсы қорғау құралы (бұдан әрі – ВҚҚҚ) – компьютерлік ақпаратты рұқсатсыз жоюға, бұғаттауға, түрлендіруге, көшіруге немесе ақпаратты қорғау құралдарын бейтараптандыруға арналған компьютерлік бағдарламаларды немесе өзге компьютерлік ақпаратты айқындау, сондай-ақ осы бағдарламалар мен ақпаратты айқындауға әрекет ету функцияларын іске асыратын бағдарламалық құрал;
Тармақша 12
12) зиянды компьютерлік бағдарламалар (вирустар) белгілерінің дерекқоры (бұдан әрі – КВБ ДҚ) – ВҚҚҚ-ның зиянды компьютерлік бағдарламалар (вирустар) (сигнатуралар) туралы ақпаратты қамтитын, ВҚҚҚ зиянды компьютерлік бағдарламаларды (вирустарды) айқындау және оларды өңдеу үшін пайдаланатын қосалқы бөлігі;
Тармақша 13
13) киберқауіпсіздік қатері (бұдан әрі – қатер) – киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
Тармақша 14
14) қауіпсіздік әкімшісі – БО-ны орнатуға, әкімшілендіруге және пайдалануға пайдаланушы;
Тармақша 15
15) қауіпсіздігі тұрғысынан сенімділік - ЦИО компоненттерінің өзінің қауіпсіздік мақсаттарына жауап беретініне сенімді болудың негіздемесі;
Тармақша 16
16) қауіпсіздік мақсаты – ұйымның анықталған қатерлерге қарсы тұру және (немесе) белгіленген қауіпсіздік саясаты мен болжамдарды қанағаттандырудың жазылған ниеті.
Тармақша 17
17) қауіпсіздік функциясы – БО қауіпсіздік саясатының өзара байланысты қағидаларының ішкі жиынтығын орындауды қамтамасыз ететін ОЦИ бөлігінің немесе бөліктерінің функционалдық мүмкіндіктері;
Тармақша 18
18) қорғау бейіні (бұдан әрі – ҚБ) – цифрлық объектілердің құрауыштары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;
Тармақша 19
19) сигнатура – зиянды компьютерлік бағдарламаның (вирустың) (бұдан әрі – КВ) оны айқындау үшін пайдаланылатын өзіндік белгілері.
Тармақша 20
20)ұйымның қауіпсіздік саясаты – ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын қауіпсіздік саласындағы бір немесе бірнеше қағидалар, рәсімдер, практикалық тәсілдер немесе басшылық қағидаттары;
Тармақша 21
21) цифрлық инфрақұрылым объектілері (бұдан әрі – ЦИО) – цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 22
22) цифрлық инфрақұрылым – электрондық цифрлық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ЦИО жиынтығы;
Тармақша 23
23) шешуші қағидалар базасы (бұдан әрі – ШҚБ) - БАЖ оның негізінде басып кірулердің (шабуылдың) орын алуы туралы шешім қабылдайтын басып кірулер (сигнатуралар) туралы ақпаратты қамтитын БАЖ - дың құрамдас бөлігі.
Тарау 2
2-тарау. Цифрлық объектілердің құрамдас бөліктері болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын төменгі талаптар
Тармақ 3
3. ВҚҚҚ қарсы тұру үшін пайдаланылатын, негізгі қатерлер халықаралық ақпарат алмасу желілерін (жалпыға ортақ пайдаланылатын байланыс желілерін) және (немесе) алмалы машиналық ақпарат тасығыштарды қоса алғанда, цифрлық-коммуникациялық желілерден ЦИО-ға КВ енгізуге байланысты қатерлер болып табылады.
Тармақша 1
1) қауіпсіздіктің функционалдық талаптары(бұдан әрі – ҚФТ);
Тармақша 2
2) қауіпсіздікке қойылатын сенімділік талаптары.
Тармақ 4
4. ВҚҚҚ-ның ҚФТ:
Тармақша 1
1) КВ-ны айқындау мақсатында тексерулерді орындау режимдері мен әдістеріне қойылатын талаптарды;
Тармақша 2
2) зиянды компьютерлік бағдарламалар (вирустар) белгілері дерекқорын (КВБ ДҚ) жаңарту бойынша функционалдық мүмкіндіктерге қойылатын талаптарды;
Тармақша 3
3) ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындау (ВҚҚҚ жұмысын) режимдерін басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 4
4) қауіпсіздік функциялары деректерін (ВҚҚҚ деректерін) басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 5
5) басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 6
6) ВҚҚҚ-ның жұмыс істеу аудитіне қойылатын талаптарды қамтиды.
Тармақ 5
5. ВҚҚҚ-ның қауіпсіздігіне қойылатын сенімділік талаптары мынадай негізгі мәселелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конфигурацияны басқару;
Тармақша 2
2) жеткізу және пайдалану;
Тармақша 3
3) әзірлеу;
Тармақша 4
4) басшылықтар;
Тармақша 5
5) өміршеңдік кезеңді қолдау;
Тармақша 6
6) тестілеу;
Тармақша 7
7) осалдықтарды бағалау;
Тармақша 8
8) ВҚҚҚ-ны жаңарту.
Тармақ 6
6. Осы ҚБ-ға сәйкес келетін ВҚҚҚ:
Тармақша 1
1) ақпарат тасығыштардың файлдық аумақтарында КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында тексерулерді орындау мүмкіндігін;
Тармақша 2
2) КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында команда бойынша тексерулерді орындау мүмкіндігін;
Тармақша 3
3) КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында сигнатуралық әдістермен тексерулерді орындау мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) автоматтандыру құралдарын пайдаланбай, КВБ ДҚ жаңартуларын алу және орнату мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) аудит жүргізілетін оқиғалар үшін аудит жазбаларын өндіру мүмкіндігін;
Тармақша 6
6) аудит жазбаларындағы ақпаратты оқу мүмкіндігін;
Тармақша 7
7) аудит жазбаларын оқуға қолжетімділікті шектеуді;
Тармақша 8
8) аудиттің деректерін іздеуді, іріктеуді, реттеуді;
Тармақ 7
7. ВҚҚҚ есептеу желісінің базасында жұмыс істейтін ЦИО жұмыс станциялары мен серверлеріне орнатылады.
Тармақ 8
8. ВҚҚҚ пайдаланылатын ЦИО үлгілік схемасы осы ҚБ-ға 1-қосымшада беріледі.
Тарау 3
3-тарау. Бағалау объектісінің қауіпсіздік ортасы
Тармақ 1
1-Параграф. Қауіпсіздік болжамдары
Тармақ 9
9. БО-ны алдын ала белгілеп пайдалануға қатысты болжамдар:
Тармақша 1
1) 1-болжам.
БО-ға өзінің функционалдық мүмкіндіктерін іске асыру үшін қажетті барлық ЦИО-ларға (бақылаудағы ЦИО-ларға) БО-ның қолжетімділігі қамтамасыз;
Тармақша 2
2) 2-болжам.
Пайдалану құжаттамасына сәйкес БО-ны орнату, конфигурациялау мен басқару қамтамасыз;
Тармақша 3
3) 3-болжам.
ЦИО-ның бақылаудағы ресурстарымен БО-ның үйлесімділігі қамтамасыз;
Тармақша 4
4) 4-болжам.
Цифрлық жүйеде бірге пайдаланылған жағдайда ВҚҚҚ-ның басқа өндірушілердің ВҚҚҚ-мен бірлесіп дұрыс жұмыс істеу;
Тармақша 5
5) 5-болжам.
БО орнатылған ЦИО элементтерінің физикалық қорғалуы;
Тармақша 6
6) 6-болжам.
БО компоненттері арасында, сондай-ақ БО мен оның жұмыс істеу ортасы арасында уақыт бойынша синхрондау;
Тармақша 7
7) 7-болжам.
БО-ның жұмыс істеуіне жауапты персонал пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып, БО-ның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз.
Тармақ 2
2-Параграф. Қатерлер
Тармақ 10
10. БО қарсы тұруы қатерлер:
Тармақша 1
1) 1-қатер;
қатердің сипаттау - халықаралық ақпарат алмасу желілерін (жалпыға ортақ пайдаланылатын байланыс желілерін) қоса алғанда, сыртқы цифрлық-телекоммуникациялық желілермен цифрлық өзара іс-қимылды жүзеге асырған кезде ЦИО-ның автоматтандырылған жұмыс орындарына КВ енгізу;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – КВ-ны ақпарат алмасуды жүзеге асырған кезде ЦИО-ға енгізу;
пайдаланылатын осалдықтар – ЦИО-да қолданылатын ақпаратты қорғау құралдары кешенінің толық еместігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – БО орнатылған ЦИО цифрлық ресурстары;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері – құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ЦИО есептеу желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарын компьютерлік вирустармен зақымдау, құпия ақпараттың таралуы, ЦИО-ның жұмыс істеу режимдерін бұзу;
Тармақша 2
2) 2-қатер;
қатердің сипаттау - алмалы машиналық ақпарат тасығыштардан ЦИО-ның автоматтандырылған жұмыс орындарына КВ енгізу;
қатер көзі – ішкі бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – пайдаланушылардың алмалы машиналық ақпарат тасығыштардан ЦИО объектілеріне КВ енгізуі;
пайдаланылатын осалдықтар – ЦИО-да қолданылатын ақпаратты қорғау құралдары кешенінің толық еместігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі - БО орнатылған ЦИО цифрлық ресурстары;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері – құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ЦИО есептеу желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарын компьютерлік вирустармен зақымдау, құпия ақпараттың таралуы, ЦИО-ның жұмыс істеу режимдерін бұзу.
Тармақ 11
11. Орта қарсы тұруы қатерлер:
Тармақша 1
1) 1-орта қатері:
Қатердің сипаттау - бұзушылардың вирусқа қарсы қорғау құралдарын ажыратуы немесе бұғаттауы;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – штаттық және штаттық емес құралдарды пайдалана отырып, ВҚҚҚ-ға рұқсатсыз қол жеткізу;
пайдаланылатын осалдықтар – ЦИО-да өкілеттіктердің аражігін ажырату рәсімдерінің жеткіліксіздігі, ВҚҚҚ-мен өзара іс-қимыл жасайтын және ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін АЦИО техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-техникалық құралдарының осалдықтары, АЦИО-дағы қолжетімділікті басқару, сеанстарды қорғау, жабдықты физикалық қорғау механизмдерінің жеткіліксіздігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – ОҚФ деректері;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ВҚҚҚ жұмысының тиімсіздігі;
Тармақша 2
2) 2-орта қатері:
қатердің сипаттау - ВҚҚҚ конфигурациясын рұқсатсыз өзгерту;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – ВҚҚҚ-ның конфигурациялық ақпаратына (баптауларына) рұқсатсыз қол жеткізу;
пайдаланылатын осалдық – ЦИО-да өкілеттіктердің аражігін ажырату рәсімдерінің жеткіліксіздігі, ВҚҚҚ-мен өзара іс-қимыл жасайтын және ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін ЦИО техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-техникалық құралдарының осалдықтары, ЦИО-да қолжетімділікті басқару, сеанстарды қорғау, жабдықты физикалық қорғау механизмдерінің жеткіліксіздігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – ВҚҚҚ бағдарламалық қамтылымының баптаулары;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ВҚҚҚ-ның жұмыс істеу режимдерін бұзу, ЦИО-ға КВ-ның енгізілуін айқындамау;
Тармақша 3
3) 3-орта қатері:
қатердің сипаттау - КВБ ДҚ-ны жаңарту механизмі арқылы ВҚҚҚ-ның жұмыс істеу логикасына рұқсатсыз өзгерістер енгізу;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – ЦИО ұсынатын штаттық емес құралдарды, сондай-ақ мамандандырылған аспаптық құралдарды пайдалана отырып, рұқсат етілмеген іс-қимылдарды жүзеге асыру;
пайдаланылатын осалдық – КВБ ДҚ жаңартуларын алудың сенімді арнасын қамтамасыз ету механизмдерінің жеткіліксіздігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – ВҚҚҚ бағдарламалық қамтылымы мен КВ белгілерінің дерекқоры;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ВҚҚҚ-ның жұмыс істеу режимдерін бұзу, ЦИО-ға КВ-ның енгізілуін айқындамау. ВҚҚҚ төменде берілген ұйымның қауіпсіздік саясаты қағидаларын басшылыққа алуы.
Тармақ 3
3-Параграф. Ұйымның қауіпсіздік саясаты
Тармақ 12
12. ВҚҚҚ ұйымның қауіпсіздік саясаты басшылыққа алуы жұмыс істейді:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік саясаты.
Тіркеу механизмдері осындай уәкілеттік берілген ЦИО субъектілеріне орын алған оқиғалар туралы ақпаратпен ішінара танысуға мүмкіндік беруге тиіс;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік саясаты.
ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындауына әсер ететін ВҚҚҚ параметрлерін басқаруды ЦИО-ның уәкілетті субъектілері ғана жүзеге асыру керек;
Тармақша 3
3) 3- қауіпсіздік саясаты.
ЦИО-ның уәкілетті субъектілері тарапынан ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін басқару жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік саясаты.
ВҚҚҚ рұқсатсыз қол жеткізуден және ВҚҚҚ-ның функциялары мен деректеріне қатысты бұзулардан қорғалған тиіс;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік саясаты.
ВҚҚҚ белгіленген жады аумақтары мен файлдардағы КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында тексерулер орындауды қамтамасыз тиіс;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік саясаты.
КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында ВҚҚҚ тексерулерді орындау режимдерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз тиіс;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік саясаты.
ВҚҚҚ зақымдалған объектілерден КВ кодын жою (егер техникалық тұрғыдан жою мүмкін болса) мүмкіндігін қамтамасыз тиіс;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік саясаты.
ВҚҚҚ КВБ ДҚ жаңартуларын орындау режимдерін орнату мүмкіндігін ВҚҚҚ қамтамасыздандырады.
Тарау 4
4-тарау. Қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 1
1-Параграф. Бағалау объектісіне арналған қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 13
13. БО-ға арналған қауіпсіздік мақсаттарының сипаттамасы беріледі:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік мақсаты. ВҚҚҚ қауіпсіздік аудиті.
ВҚҚҚ-ның қауіпсіздікті ықтимал бұзуларға жататын кез келген оқиғаларды тіркеу мен болдырмаудың тиісті механизмдері. Тіркеу механизмдері уәкілетті ЦИО субъектілеріне орын алған оқиғалар туралы ақпаратпен ішінара танысуға мүмкіндік беруге тиіс;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік мақсаты. ВҚҚҚ параметрлерін басқару.
ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындауына әсер ететін ВҚҚҚ параметрлерін уәкілетті ЦИО субъектілері тарапынан басқару мүмкіндігін ВҚҚҚ қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) 3-қауіпсіздік мақсаты. ВҚҚҚ жұмысын басқару.
Уәкілетті ЦИО субъектілері тарапынан ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін басқаруды ВҚҚҚ қамтамасыз етуі;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік мақсаты. ВҚҚҚ басқаруға қолжетімділіктің аражігін ажырату.
ЦИО субъектілерінің ВҚҚҚ басқаруға қолжетімділіктің аражігін ажыратуды ВҚҚҚ қамтамасыз етуі;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік мақсаты. Объектілерді тексерулерді орындау.
КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында ВҚҚҚ тексерулерді орындауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік мақсаты. Тексерулерді орындау режимдері.
КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында ВҚҚҚ тексерулерді орындау режимдерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік мақсаты. Зақымдалған объектілерді өңдеу.
ВҚҚҚ зақымдалған объектілерден КВ кодын жою (егер техникалық тұрғыдан жою мүмкін болса) мүмкіндігін қамтамасыз етуі;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік мақсаты. Дерекқорын жаңарту.
ВҚҚҚ КВБ ДҚ жаңартуларын орындау режимдерін орнату мүмкіндігін ВҚҚҚ қамтамасыз етуі.
Тармақ 2
2-Параграф. Бағалау объектісінің ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 14
14. Осы бөлімде БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының сипаттамасы беріледі:
Тармақша 1
1) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат. ЦИО деректеріне қол жеткізу.
БО өзінің функционалдық міндеттерін іске асыру үшін қажетті ЦИО деректеріне ВҚҚҚ-ның қолжетімділігі қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат. БО-ны пайдалану.
Пайдалану құжаттамасына сәйкес ВҚҚҚ-ны орнату, конфигурациялау мен басқару қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат. Үйлесімділік.
ВҚҚҚ-ның бақылаудағы ЦИО объектілерімен үйлесімділігі қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат. Бірлескен жұмыс.
ЦИО-да бірге пайдаланылған жағдайда ВҚҚҚ-ның басқа өндірушілердің ВҚҚҚ-мен бірлесіп дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат. БО бөліктерін физикалық қорғау.
ВҚҚҚ орнатылған бағдарламалық-техникалық құралдардың физикалық қорғалуы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 6
6) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат. Уақытты синхрондау.
ВҚҚҚ компоненттері арасында, сондай-ақ ВҚҚҚ мен олардың жұмыс істеу ортасы арасында тиісті уақыт белгілерінің көзі және уақыт бойынша синхрондау қамтамасыз етілуі;
Тармақша 7
7) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат. Персоналға қойылатын талаптар.
ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуіне жауапты персонал пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып, ВҚҚҚ-ның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 8
8) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат. Сенімді байланыс.
ВҚҚҚ мен уәкілетті ЦИО субъектілері (қауіпсіздік әкімшілері) арасында сенімді байланыс қамтамасыз етілуі;
Тармақша 9
9) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат. Аутентификация және сәйкестендіру механизмдері.
ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуі ВҚҚҚ қауіпсіздік әкімшілерінің аутентификациясы мен сәйкестендіру механизмдерін ұсынатын жұмыс істеу ортасында жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 10
10) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат. Сенімді арна.
ВҚҚҚ КВБ ДҚ жаңартуларын алудың сенімді арнасы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 11
11) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат ОҚФ деректерін қорғау.
ВҚҚҚ қауіпсіздік функцияларын орындаудың қорғалған аясы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 12
12) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат. Қауіпсіздік атрибуттарын басқару.
ВҚҚҚ функциялары мен деректеріне қол жеткізуге байланысты қауіпсіздік атрибуттарын басқару ВҚҚҚ және ЦИО әкімшілерін ғана берілуі тиіс.
Тарау 5
5-тарау. Негіздеме
Тармақ 1
1-Параграф. Бағалау объектісінің қауіпсіздік мақсаттарының негіздемесі
Тармақ 15
15. Қауіпсіздік мақсаты:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер, 2-қатер қатерлеріне қарсы тұру мен ұйымның 1-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі қауіпсіздікті ықтимал бұзуларға жататын кез келген оқиғалардың тиісінше тіркелуін және олар туралы ескертуді, орын алған оқиғалар туралы ақпаратпен іріктеп таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер, 2-қатер қатерлеріне қарсы тұру мен ұйымның 2-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ қауіпсіздік функцияларын орындауға әсер ететін ВҚҚҚ-ның параметрлерін уәкілетті ЦИО субъектілері тарапынан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) 3-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер, 2-қатер қатерлеріне қарсы тұру мен ұйымның 3-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін уәкілетті ЦИО субъектілері тарапынан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2-қатер қатеріне қарсы тұру мен ұйымның 4-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ны басқаруға қолжетімділікті бөлуді уәкілетті ЦИО субъектілерінің негізінде қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу ұйымның 5-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі жадының белгіленген аумағы мен файлдарда КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында тексерулер орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу ұйымның 6-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі КВ-мен зақымдалған объектілерді айқындау мақсатында тексерулерді орындау режимдерін белгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу ұйымның 7-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі зақымдалған объектілерден КВ кодын жою (егер техникалық тұрғыдан жою мүмкін болса) мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу ұйымның 8-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ КВБ ДҚ жаңартуларын орындау режимдерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Осы ҚБ-ға 2-қосымшада қауіпсіздік мақсаттарының ұйымның қауіпсіздік БО қатерлері мен саясатына әсері беріледі.
Тармақ 2
2-Параграф. Бағалау объектісі ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының негіздемесі
Тармақ 17
17. Осы ҚБ-ға 3-қосымшада ортаға арналған қауіпсіздік мақсаттарының қауіпсіздік болжамдарына, қауіпсіздік саясаты мен қатерлерге әсері беріледі:
Тармақша 1
1) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ға өзінің функцияларын іске асыру үшін қажетті ЦИО-ның барлық деректеріне ВҚҚҚ-ның қолжетімділігі қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ны пайдалану құжаттамасына сәйкес орнату, конфигурациялау және басқару қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 3-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі ЦИО-ның бақылаудағы цифрлық ресурстарымен ВҚҚҚ-ның үйлесімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 4-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі цифрлық жүйеде бірге пайдаланылған жағдайда ВҚҚҚ-ның басқа өндірушілердің ВҚҚҚ-мен бірлесіп дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру мен 5-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ орнатылған ЦИО элементтерін физикалық қорғау қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 6-болжам қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ компоненттері арасында, сондай-ақ ВҚҚҚ мен оның жұмыс істеу ортасы арасында уақыт бойынша синхрондау қамтамасыз етіледі;
Тармақша 7
7) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 7-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуіне жауапты персонал пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып, ВҚҚҚ-ның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ мен уәкілетті ЦИО субъектілері қауіпсіздік әкімшілері арасында сенімді байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-орта қатері мен 2-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ның жұмыс істеуін ВҚҚҚ қауіпсіздік әкімшілерінің аутентификациясы мен сәйкестендіру механизмдерін ұсынатын жұмыс істеу ортасында қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 3-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ КВБ ДҚ жаңартуларын алудың сенімді арнасы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 11
11) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-орта қатері мен 2-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі ВҚҚҚ-ның қауіпсіздік функцияларын орындаудың қорғалған аясы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 12
12) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-орта қатері мен 2-орта қатері ортасына төнетін қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БО-ның функциялары мен деректеріне қол жеткізуге байланысты қауіпсіздік атрибуттарын басқару мүмкіндігін уәкілетті ВҚҚҚ және ЦИО әкімшілеріне ғана беру қамтамасыз етіледі.
Бөлім 2
2-бөлім. Желі деңгейіне басып кіруді айқындау жүйелерін қорғау бейіні
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. БАЖ есептеу желілерінің базасында жұмыс істейтін цифрлық жүйелердің ақпаратын қорғау жүйесінің элементін білдіреді және цифрлық жүйелердегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден ақпаратты қорғаудың басқа құралдарымен бірге пайдаланылады.
Тармақ 2
2. БАЖ басып кірулерге (шабуылдарға) жататын мынадай негізгі ақпараттың қауіпсіздік қатерлерін айқындауды және (немесе) бұғаттауды қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) халықаралық ақпарат алмасу желілерін қоса алғанда, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерден іс-қимыл жасайтын сыртқы бұзушылардың тарапынан ақпаратқа (ақпарат тасығыштарға) рұқсатсыз қасақана қол жеткізу немесе арнайы әсер ету;
Тармақша 2
2) цифрлық жүйедегі ақпаратқа қол жеткізуге құқығы мен өкілеттігі бар ішкі бұзушылардың тарапынан ақпаратқа (ақпарат тасығыштарға) рұқсатсыз қасақана қол жеткізу немесе арнайы әсер ету.
Тармақ 3
3. БАЖ-дың негізгі компоненттері датчиктер (сенсорлар) мен талдағыштар болып табылады.
Тармақ 4
4. Датчиктер (сенсорлар) осы датчиктер орнатылған ЦИО шегінде жіберілетін деректердің топтамалары туралы ақпарат жинайды. Желі деңгейінің БАЖ датчиктері стандартты бағдарламалық-техникалық платформаларға орнатылатын бағдарламалық қамтылым (БҚ) түрінде, сондай-ақ ЦИО-ға қосылатын бағдарламалық-техникалық құрылғылар түрінде іске асырылуы мүмкін. Талдағыштар датчиктер жинаған ақпаратты талдауды орындайды, талдау нәтижелері бойынша есептерді өндіреді және айқындалған басып кірулерге әрекет ету процестерін басқарады.
Тармақ 5
5. БАЖ басып кірудің айқындалуы туралы шешімді БАЖ шешуші қағидалар базасын пайдалана отырып, БАЖ датчиктері жинайтын ақпаратты талдау нәтижелеріне сәйкес қабылдайды.
Тармақ 6
6. БАЖ-да мынадай қауіпсіздік функциялары іске асырылған:
Тармақша 1
1) БАЖ-ды басқаруға қолжетімділіктің аражігін ажырату;
Тармақша 2
2) БАЖ жұмысын басқару;
Тармақша 3
3) БАЖ параметрлерін басқару;
Тармақша 4
4) БАЖ-дың шешуші қағидалар базасын жаңартуларды (өзектілендіруді) орнатуды басқару;
Тармақша 5
5) БАЖ деректерін талдау;
Тармақша 6
6) БАЖ қауіпсіздік аудиті;
Тармақша 7
7) бақылаудағы цифрлық жүйедегі оқиғалар мен белсенділік туралы деректерді жинау;
Тармақша 8
8) БАЖ-дың әрекет етуі.
Тармақ 7
7. БАЖ жұмыс істейтін ортада ортаның мынадай қауіпсіздік функциялары іске асырылған:
Тармақша 1
1) сенімді маршрутты қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сенімді арнаны қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қауіпсіздік атрибуттарын басқару.
Тармақ 8
8. БАЖ қауіпсіздік функцияларының осы функцияларды іске асыруды қамтамасыз ететін функционалдық мүмкіндіктер құрамы.
Тармақ 9
9. БАЖ ҚФТ:
Тармақша 1
1) БАЖ деректерін жинауды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды;
Тармақша 2
2) БАЖ деректерін талдауға қойылатын талаптарды;
Тармақша 3
3) БАЖ-дың әрекет етуіне қойылатын талаптарды;
Тармақша 4
4) БАЖ шешуші қағидалар базасын жаңарту құралдарына қойылатын талаптарды;
Тармақша 5
5) БАЖ-ды қорғау жөніндегі талаптарды;
Тармақша 6
6) қауіпсіздік функцияларын орындау (БАЖ жұмысын) режимдерін басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 7
7) қауіпсіздік функциялары деректерін (БАЖ деректерін) басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 8
8) субъектілердің басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 9
9) БАЖ-ды әкімшілендіру құралдарына қойылатын талаптарды;
Тармақша 10
10) БАЖ-дың жұмыс істеу аудитіне қойылатын талаптарды қамтиды.
Тармақ 10
10. ҚБ-да жазылған БАЖ-дың қауіпсіздігіне қойылатын сенімділік талаптары мынадай мәселелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конфигурацияны басқару; жеткізу мен пайдалану; әзірлеу; басшылықтар;
Тармақша 2
2) өміршеңдік кезеңін қолдау;
Тармақша 3
3) тестілеу;
Тармақша 4
4) осалдықтарды бағалау;
Тармақша 5
5) шешуші қағидалар базасын жаңарту.
Тармақ 11
11. Осы ҚБ-ға сәйкес келетін БАЖ:
Тармақша 1
1) желілік трафик туралы ақпаратты жинау мүмкіндігін;
Тармақша 2
2) БАЖ жинаған желілік трафик туралы деректерді уақыттың нақты масштабына жақын режимде талдауды орындау мүмкіндігін және талдаудың нәтижелері бойынша талдау жүргізілген күні мен уақыты, нәтижесі, деректер көзін сәйкестендіргіш, басып кіруді жүргізу үшін пайдаланылған хаттама туралы ақпаратты тіркеуді;
Тармақша 3
3) сигнатуралық және эвристикалық әдістерді пайдалана отырып, басып кірулерді айқындау мақсатында жиналған деректерді талдауды орындау мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) эвристикалық талдаудың белгіленген деңгейінде желілік трафиктің ауытқуларын айқындау әдістеріне негізделген эвристикалық әдістерді пайдалана отырып, басып кірулерді айқындау мақсатында жиналған деректерді талдауды орындау мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) ашық жүйелердің өзара іс-қимылының базалық эталондық моделінің желілік деңгейі хаттамаларының қызметтік ақпаратын талдау негізінде басып кірулерді айқындау мүмкіндігін;
Тармақша 6
6) басып кірулерді айқындау немесе қауіпсіздікті бұзу фактілерін аудит журналдарында тіркеу мүмкіндігін;
Тармақша 7
7) басқару консоліне тиісті хабарлама бейнелеу көмегімен ЦИО-ның бақылаудағы тораптарына қатысты айқындалған басып кірулер мен қауіпсіздікті бұзулар туралы БАЖ әкімшісінің хабарламасын;»;8) шешуші қағидалар базасын автоматты жаңарту мүмкіндігін;
Тармақша 9
9) БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын тестілеу (өзін-өзі тестілеу) мүмкіндігін;
Тармақша 10
10) уәкілетті әкімшілер тарапынан БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындау режимін басқару мүмкіндігін;
Тармақша 11
11) уәкілетті әкімшілер тарапынан БАЖ-дың деректерін басқару мүмкіндігін;
Тармақша 12
12) БАЖ-ға және олардың нақты БАЖ әкімшілері және АЖ пайдаланушыларымен байланысын қолдау;
Тармақша 13
13) БАЖ-ды әкімшілендіру мүмкіндігін;
Тармақша 14
14) ықтимал аудит жүргізілетін оқиғалар үшін аудит жазбаларын өндіру мүмкіндігін;
Тармақша 15
15) аудиттің әрбір оқиғасын оны бастамалаған субъектінің сәйкестендіргішімен байланыстыру мүмкіндігін;
Тармақша 16
16) ақпаратты аудит жазбаларынан оқуға мүмкіндік беру мүмкіндігін;
Тармақша 17
17) аудит жазбаларын оқуға қолжетімділікті шектеуді;
Тармақша 18
18) аудит деректерін іздеу, іріктеу, ретке кетіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 12
12. БАЖ архитектурасының жалпы түрі мынадай компоненттерді қамтиды:
Тармақша 1
1) ЦИО-ның жұмыс істеуі туралы қажетті ақпаратты жинауға арналған БАЖ датчиктері (сенсорлар);
Тармақша 2
2) басып кірулерді айқындау мақсатында датчиктер жинаған деректерді талдауды орындайтын БАЖ талдағыштары;
Тармақша 3
3) оқиғалар, тіркелген басып кірулер туралы ақпаратты, сондай-ақ басып кірулердің сигнатуралары мен оның негізінде басып кірудің орын алатыны туралы шешім қабылданатын шешуші қағидалар базасының басқа ақпаратын сақтауды қамтамасыз ететін сақтау орны;
Тармақша 4
4) қауіпсіздік әкімшісіне БАЖ-ды конфигурациялауға, қорғалатын ЦИО және БАЖ-дың жай-күйін бақылауға, талдағыш айқындаған инциденттерді қарауға мүмкіндік беретін БАЖ компоненттерін басқару консолі.
Тармақ 13
13. БАЖ-дың негізгі компоненттері БАЖ датчи(ктері)гі мен талдағыш(тар)ы болып табылады. Датчиктер ЦИО-ға келіп түсетін желілік трафик туралы ақпаратты жинайды, бастапқы талдау жүргізеді және осы ақпаратты (деректерді) талдағышқа жібереді. Талдағыш жиналған деректерді талдауды орындайды, БАЖ әкімшілерін айқындалған басып кірулер туралы хабардар етеді, әрекет ету бойынша басқа іс-қимылдарды орындайды, жиналған ақпараттың (деректердің) негізінде есептерді өндіреді.
Тармақ 14
14. Желі деңгейінің датчиктері бақылаудағы АЖ сегментіндегі байланыс арнасының үзілген жеріне; порттарға ЦИО желілік жабдығын қосу жолымен орнатылуы, сондай-ақ желіаралық экрандарға немесе ЦИО-ның коммуникациялық жабдығына интеграцияланған болуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Талдағыштың мынадай функционалдық мүмкіндіктері:
Тармақша 1
1) датчиктерден деректерді қабылдау;
Тармақша 2
2) басып кірулерді айқындау мақсатында деректерді өңдеу;
Тармақша 3
3) айқындалған басып кірулерге әрекет ету.
Тармақ 16
16. Әрекет етудің есептер құруды, хабарламаны басқару консолінде бейнелеу мен әрекет ету бойынша өзге мүмкіндіктерді қамтуына жол беріледі.
Тармақ 17
17. БАЖ басып кіруді айқындау туралы шешімді БАЖ сенсорлары БАЖ шешуші қағидалар базасын пайдалана отырып жинайтын ақпаратты талдау нәтижелеріне сәйкес қабылдайды.
Тармақ 18
18. БАЖ-ды әкімшілендіру қашықтықтан немесе локальдық тәсілдермен орындалуы мүмкін. Локальдық әкімшілендіру нақты БАЖ компоненті орнатылған тораптан, ал қашықтықтан – байланыс арналары бойынша жіберілетін командалар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Бұдан басқа, БАЖ-дың барлық компоненттерінің мынадай функционалдық мүмкіндіктері:
Тармақша 1
1) өзінің бағдарламалық және ақпараттық бөлігін араласудан қорғауды (жұмыс істеу ортасының мехнизмдерімен бірлесіп) жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өзінің параметрлерін қауіпсіздік әкімшісі тарапынан баптауға жол беру.
өзінің параметрлерін қауіпсіздік әкімшісі тарапынан баптауға жол беру.
ЦИО желі деңгейінің БАЖ қолданудың үлгілік схемасы осы ҚБ-ға 4-қосымшада беріледі.
Тармақ 20
20. БАЖ жұмыс істеуі БАЖ қауіпсіздігінің функционалдық талаптарында көрсетілген БАЖ-дың қауіпсіздік саясатына бағындырылған.
Тарау 2
2-тарау. Бағалау объектісі қауіпсіздік ортасы
Тармақ 1
1-Параграф. Қауіпсіздік болжамдары
Тармақ 21
21. БАЖ-ды алдын ала белгілеп пайдалануға қатысты болжамдар:
Тармақша 1
1) 1-болжам.
БАЖ-ға өзінің функционалдық мүмкіндіктерін іске асыру үшін қажетті барлық ЦИО-ға (бақылаудағы ЦИО-ға) БАЖ-дың қолжетімділігі қамтамасыз етілуі;
Тармақша 2
2) 2-болжам.
Пайдалану құжаттамасына сәйкес БАЖ-ды орнату, конфигурациясы мен басқару;
Тармақша 3
3) 3-болжам.
БАЖ-дың ол бақылауды жүзеге асыратын ЦИО-ның элементтерімен үйлесімділігі;
Тармақша 4
4) 4-болжам.
БАЖ-дың қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды БАЖ компоненттері орнатылған ЦИО элементтерін физикалық қорғау қамтамасыз етілуі;
Тармақша 5
5) 5-болжам.
БАЖ компоненттері арасында, сондай-ақ БАЖ бен оның жұмыс істеу ортасы арасында уақыт бойынша синхрондау қамтамасыз етілуі;
Тармақша 6
6) 6-болжам.
БАЖ-дың жұмыс істеуіне жауапты персонал пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып, БАЖ-дың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 2
2-Параграф. Қатерлер
Тармақ 22
22. БО қарсы тұруы қатерлер:
Тармақша 1
1) 1-қатер:
қатердің сипаттау - халықаралық ақпарат алмасу желілерін қоса алғанда, сыртқы цифрлық-телекоммуникациялық желілерден әрекет ететін сыртқы пайдаланушылар тарапынан ақпаратқа (ақпаратты тасығыштарға) қасақана рұқсатсыз қол жеткізу немесе арнайы әсер ету;
қатер көзі – сыртқы бұзушылар;
қатерді іске асыру тәсілі – ЦИО ұсынатын штаттық құралдарды, сондай-ақ мамандандырылған аспаптық құралдарды пайдалана отырып,
ЦИО-ның қауіпсіздік механизмдерін ескермеу;
пайдаланылатын осалдықтар – ЦИО-да қолданылатын ақпаратты қорғау құралдарының кемшіліктері;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – пайдаланушылардың деректері, конфигурациялау деректері, ЦИО-ның басқа ресурстары;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері – құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ЦИО-ның жұмыс істеу режимдерін бұзулар, ЦИО қорғау деңгейінің төмендеуі;
Тармақша 2
2) 2-қатер:
қатердің сипаттау – цифрлық жүйедегі ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен өкілеттіктері бар ішкі пайдаланушылар тарапынан ақпаратқа (ақпарат тасығыштарға) қасақана рұқсатсыз қол жеткізу немесе арнайы әсер ету;
қатер көзі – ішкі бұзушылар;
қатерді іске асыру тәсілі – ЦИО ұсынатын штаттық құралдарды, сондай-ақ мамандандырылған аспаптық құралдарды пайдалана отырып, ЦИО-ның қауіпсіздік механизмдерін ескермеу;
пайдаланылатын осалдықтар – ЦИО-да қолданылатын ақпаратты қорғау құралдарының кемшіліктері;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – пайдаланушылардың деректері, конфигурациялау деректері, ЦИО-ның басқа ресурстары;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері – құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – ЦИО-ның жұмыс істеу режимдерін бұзулар, ЦИО қорғау деңгейінің төмендеуі.
Тармақ 23
23. БАЖ жұмыс істейтін орта қарсы тұруы қатерлер:
Тармақша 1
1) 1-орта қатері:
БАЖ деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу;
пайдаланылатын осалдық – ЦИО-да қолжетімділікті басқару, сеанстарды қорғау, жабдықты физикалық қорғау механизмдерінің жеткіліксіздігі; БАЖ аудитінің журналдарын қорғау механизмдерінің жеткіліксіздігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – БАЖ деректері;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – әрекет ету туралы шешімдер қабылдау үшін БАЖ жинаған ықтимал басып кірулер (шабуылдар) туралы ақпаратты пайдаланудың мүмкінсіздігі;
Тармақша 2
2) 2-орта қатері:
қатердің сипаттау - бұзушының БАЖ компоненттерін ажыратуы немесе бұғаттауы;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – БАЖ компоненттеріне рұқсатсыз қол жеткізу;
пайдаланылатын осалдық – ЦИО-да өкілеттіктердің аражігін ажырату рәсімдерінің жеткіліксіздігі, жобалау мен әзірлеу кезеңдерінде енгізілген БАЖ осалдықтары, ЦИО бағдарламалық ортасын бақылаудың кемшіліктері;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – БАЖ бағдарламалық қамтылымы және шешуші қағидалар базасы;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – БАЖ-дың жұмыс істеу режимдерін бұзулар, ЦИО-ға қатысты іске асырылатын басып кірулерді (шабуылдарды) айқындамау;»
Тармақша 3
3) 3-орта қатері:
қатердің сипаттау - БАЖ конфигурациясын рұқсатсыз өзгерту;
қатер көзі – ішкі бұзушы, сыртқы бұзушы;
қатерді іске асыру тәсілі – БАЖ-дың конфигурациялау ақпаратына (баптауларына) рұқсатсыз қол жеткізу;
пайдаланылатын осалдық – ЦИО-да өкілеттіктердің аражігін ажырату рәсімдерінің жеткіліксіздігі, БАЖ-бен өзара іс-қимыл жасайтын және БАЖ-дың жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін ЦИО техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-техникалық құралдарының осалдықтары, ЦИО-да қолжетімділікті басқару, сеанстарды қорғау, жабдықты физикалық қорғау механизмдерінің жеткіліксіздігі;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – БАЖ бағдарламалық қамтылымының баптаулары;
активтердің бұзылатын қауіпсіздік сипаттамалары –тұтастық;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – БАЖ-дың жұмыс істеу режимдерін бұзулар, ЦИО-ға қатысты іске асырылатын енулерді (шабуылдарды) айқындамау;
Тармақша 4
4) 4-орта қатері:
қатердің сипаттау - шешуші қағидалар базасын жаңарту механизмі арқылы БАЖ-дың жұмыс істеу логикасына рұқсатсыз өзгерістер енгізу;
қатер көзі – ішкі бұзушылар, сыртқы бұзушылар;
қатерді іске асыру тәсілі – ЦИО ұсынатын штаттық құралдарды, сондай-ақ мамандандырылған аспаптық құралдарды пайдалана отырып, рұқсат етілмеген іс-қимылдарды жүзеге асыру;
пайдаланылатын осалдық – БАЖ-дың шешуші қағидалар базасын жаңартуларды алудың сенім білдірілген арнасын қамтамасыз ету механизмдерінің кемшіліктері;
әлеуетті қатерге ұшырағыш цифрлық ресурстардың түрі – БАЖ бағдарламалық қамтылымы және шешуші қағидалар базасы;
цифрлық ресурстардың бұзылатын қауіпсіздік ерекшеліктері –тұтастық, қолжетімділік;
қатерді іске асырудың ықтимал салдарлары – БАЖ-дың жұмыс істеу режимдерін бұзу, ЦИО-ға қатысты іске асырылатын басып кірулерді (шабуылдарды) айқындамау, әрекет ету туралы шешімдер қабылдау үшін БАЖ жинаған ықтимал басып кірулер (шабуылдар) туралы ақпаратты пайдаланудың мүмкінсіздігі.
Тармақ 3
3-Параграф. Ұйымның қауіпсіздік саясаты
Тармақ 24
24. БАЖ төменде келтірілген ұйымның қауіпсіздік саясаты қағидаларын сақтауы тиіс:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік саясаты.
БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындауына әсер ететін БАЖ параметрлерін басқаруды БАЖ әкімшілері ғана жүзеге асыру керек;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік саясаты.
БО желілік трафик туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыруы тиіс;
Тармақша 3
3) 3-қауіпсіздік саясаты.
Басып кіруді айқындау туралы шешім шығару мақсатында бақылаудағы ЦИО-ның жұмыс істеуі туралы БАЖ жинаған деректерді белгіленген әдістермен аналитикалық өңдеу жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік саясаты.
БАЖ-дың айқындалған басып кірулерге әрекет етуі жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік саясаты.
БАЖ-дың уәкілетті әкімшілері тарапынан БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін басқару жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік саясаты.
Бақылау объектісі рұқсатсыз қолжетімділіктен және БАЖ-дың функциялары мен деректеріне қатысты бұзулардан қорғалған болуы тиіс;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік саясаты.
БАЖ қауіпсіздік функцияларының орындалуын тіркеу мен есебін жүргізу қамтамасыз етілуі;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік саясаты.
БАЖ бағдарламалық кодының тұтастығын бақылау қамтамасыз етілуі;
Тармақша 9
9) 9-қауіпсіздік саясаты.
Бақылау объектісінің әкімшілендіру интерфейсі.
Тармақша 10
10) 10-қауіпсіздік саясаты.
Бақылау объектісінің БАЖ-дың шешуші қағидалар базасын (бұдан әрі – ШҚБ) жаңартуларды (өзектілендіру) алу және орнату режимдерін басқару.
Тарау 3
3-тарау. Қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 1
1-Параграф. Бағалау объектісіне арналған қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 25
25. БАЖ-ға арналған қауіпсіздік мақсаттарының сипаттамасы:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік мақсаты БАЖ параметрлерін басқару.
БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындауына әсер ететін БАЖ параметрлерін БАЖ-дың уәкілетті әкімшілері тарапынан басқару мүмкіндігін (БАЖ ШҚБ-дағы қағидалармен, БАЖ басқа деректерімен) БАЖ қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік мақсаты. Бақылаудағы ЦИО оқиғалары мен белсенділік туралы деректерді жинау.
БАЖ желілік трафикті беру туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыруы тиіс;
Тармақша 3
3) 3-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ деректерін талдау.
БАЖ басып кіруді айқындау туралы шешім шығару мақсатында бақылаудағы ЦИО-ның жұмыс істеуі туралы БАЖ жинаған деректерді белгіленген әдістермен аналитикалық өңдеуді жүзеге асыруы тиіс;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ-дың әрекет етуі.
БАЖ айқындалған басып кірулерге әрекет етуді жүзеге асыруы тиіс;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ-дың жұмысын басқару.
БАЖ уәкілетті әкімшілері тарапынан БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін басқаруды қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ басқаруға қолжетімділіктің аражігін ажырату.
БАЖ әкімшілерінің негізінде БАЖ-ды басқаруға қолжетімділіктің аражігін ажыратуды БАЖ қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ қауіпсіздік аудиті.
БАЖ қауіпсіздік функцияларының орындалуын тіркеу мен есебін БАЖ қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ тұтастығын бақылау.
БАЖ бағдарламалық кодының тұтастығын бақылауды БАЖ қамтамасыз етуі тиіс;
Тармақша 9
9) 9-қауіпсіздік мақсаты. БАЖ интерфейсі.
БАЖ әкімшісіне әкімшілендіру интерфейсін БАЖ беруі тиіс;
Тармақша 10
10) 10-қауіпсіздік мақсаты. ЕАЖ ШҚБ жаңартуларын (өзектілендіруді) орнатуды басқару.
БАЖ ШҚБ жаңартуларды (өзектілендіру) алу және орнату режимдерін басқару мүмкіндігі БАЖ-да.
Тармақ 2
2-Параграф. Бағалау объектісі ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттары
Тармақ 26
26. БАЖ-дың жұмыс істеу ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының сипаттамасы:
Тармақша 1
1) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат ЦИО деректеріне қол жеткізу.
БАЖ-ға өзінің функционалдық міндеттерін (ЦИО бақылаудағы объектілеріне) іске асыру үшін қажетті ЦИО деректеріне БАЖ-дың қолжетімділігі қамтамасыз етілуі;
Тармақша 2
2) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат. БАЖ-ды пайдалану.
Пайдалану құжаттамасына сәйкес БАЖ-ды орнату, конфигурациялау мен басқару қамтамасыз етілуі;
Тармақша 3
3) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат. Үйлесімділік.
БАЖ-дың ол бақылауды жүзеге асыратын ЦИО элементтерімен үйлесімділігі қамтамасыз етілуі;»;
Тармақша 4
4) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат. БАЖ бөліктерін физикалық қорғау.
БАЖ-дың қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды БАЖ компоненттері орнатылған ЦИО элементтерінің физикалық қорғауы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 5
5) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат. Сенімді байланыс.
БАЖ мен БАЖ-дың әкімшілері арасында сенімді байланыс (бағдар) қамтамасыз етілуі;
Тармақша 6
6) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат. Аутентификация және сәйкестендіру механизмдері.
БАЖ-дың жұмыс істеуі БАЖ әкімшілерінің аутентификациясы мен сәйкестендіру механизмдерін ұсынатын жұмыс істеу ортасында жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 7
7) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат. Сенімді арна.
БАЖ ШҚБ жаңартуларын алудың сенімді арнасы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 8
8) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат. ОҚФ деректерін қорғау.
БАЖ қауіпсіздік функцияларын орындаудың қорғалған аясы қамтамасыз етілуі;
Тармақша 9
9) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат. Уақыт бойынша синхрондау.
БАЖ компоненттері арасында, сондай-ақ БАЖ мен оның жұмыс істеу ортасы арасында тиісті уақыт белгілерінің көзі және уақыт бойынша синхрондау қамтамасыз етілуі;
Тармақша 10
10) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат. Аудит деректерін сақтау.
Аудит журналын рұқсатсыз өзгерту мен жоюдан қорғау, сондай-ақ аудит деректерін сақтау аймақтарының шамадан тыс толуына әкелуі ықтимал оқиғаларды басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуі;
Тармақша 11
11) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат. Қауіпсіздік атрибуттарын басқару.
БАЖ компоненттерінің және бақылаудағы ЦИО объектілерінің қауіпсіздік атрибуттарын басқару мүмкіндігі уәкілетті рөлдерге (БАЖ және ЦИО әкімшілерінің) ғана берілуі тиіс.
Тармақша 12
12) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат Персоналға қойылатын талаптар.
БО жұмыс істеуіне жауапты персонал пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып, БО тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Тарау 4
4-тарау. Негіздеме
Тармақ 1
1-Параграф. Бағалау объектісінің қауіпсіздік мақсаттарының негіздемесі
Тармақ 27
27. БО-ға арналған қауіпсіздік мақсаттарының ұйымның қауіпсіздік қатерлері мен саясатына әсері осы ҚБ-ға 5-қосымшада беріледі:
Тармақша 1
1) 1-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 1-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ-дың қауіпсіздік функцияларын орындауға әсер ететін БАЖ параметрлерін (БАЖ ШҚБ-дағы қағидалармен, БАЖ басқа деректерімен) БАЖ-дың уәкілетті әкімшілері тарапынан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) 2-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 2-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі желілік трафикті беру туралы ақпаратты жинауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) 3-қауіпсіздік мақсаты.
Қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 3-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі басып кіруді айқындау туралы шешім шығару мақсатында бақылаудағы ЦИО-ның жұмыс істеуі туралы БАЖ жинаған деректерді белгіленген әдістермен талдамалық өңдеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) 4-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 4-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі айқындалған басып кірулерге әрекет етуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) 5-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 5-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ қауіпсіздік функцияларын орындау режимдерін БАЖ-дың уәкілетті әкімшілері тарапынан басқаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) 6-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 6-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ-ды басқаруға қолжетімділіктің аражігін БАЖ әкімшілерінің негізінде ажыратуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) 7-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 7-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ қауіпсіздік функцияларын тіркеу мен орындалуын есепке алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) 8-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-қатер және 2-қатер қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ 8-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі бағдарламалық кодтын тұтастығын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) 9-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 9- қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі әкімшілендіру интерфейсінің болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) 10-қауіпсіздік мақсаты.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 10-қауіпсіздік саясаты қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ ШҚБ жаңартуларын (өзектілендіруді) алу және орнату режимдерін басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2-Параграф. Бағалау объектісі ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының негіздемесі
Тармақ 28
28. Ұйымның қауіпсіздік болжамдары ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының көрсетілуі ҚБ-ның 6-қосымшасында келтірілген, Ұйымның қауіпсіздік ортасының қатер ортасына арналған мақсаттарының көрсетілуі. 7-қосымшасында көрсетілген:
Тармақша 1
1) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат.
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат.
Қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі БО өзінің функцияларын іске асыру үшін қажетті ЦИО-ның барлық объектілеріне (бақылаудағы ЦИО-ға) БАЖ-дың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі пайдалану құжаттамасына сәйкес БАЖ-ды орнатуды, конфигурациялау мен басқаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 3-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ бақылауындағы ЦИО элементтерімен үйлесімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат.
Қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 4-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру мен 3-орта қатері ортаға арналған қатерге қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды БАЖ компоненттері орнатылған ЦИО элементтерін физикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2-орта қатері ортаға арналған қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ және БАЖ әкімшілері арасында сенімді байланысты (бағдарды) қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1,2,3-орта қатерлері ортаға арналған қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ әкімшілерінің аутентификациясы мен сәйкестендіру механизмдерін ұсынатын жұмыс істеу ортасында БАЖ-дың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 4-орта қатері ортаға арналған қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ ШҚБ жаңартуларын сенімді арна бойынша алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1,2,3-орта қатерлері ортаға арналған қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ қауіпсіздік функцияларын орындауға арналған қорғалған аясы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 9
9) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 5-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ компоненттері мен БАЖ және олардың жұмыс істеу ортасы арасында уақыт белгілерінің тиісті көзін ұсыну мен уақыт бойынша синхрондау қамтамасыз етіледі;
Тармақша 10
10) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 1-орта қатері ортаға арналған қауіпсіздік қатеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі аудит журналын рұқсатсыз өзгерту мен жоюдан қорғау, сондай-ақ аудит деректерін сақтау аймақтарының шамадан тыс толуына әкелуі ықтимал оқиғаларды басқару мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
Тармақша 11
11) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат.
Қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 2,3-орта қатерлері ортаға арналған қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру үшін қажет, себебі БАЖ компоненттерінің және бақылаудағы ЦИО киберқауіпсіздік компоненттерін басқару мүмкіндігін тек қана уәкілетті рөлдерге (БАЖ және ЦИО әкімшілерінің) беру қамтамасыз етіледі;
Тармақша 12
12) БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат.
Бұл қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу 5-болжам қауіпсіздік болжамын іске асыру үшін қажет, себебі БАЖ-дың жұмыс істеуіне жауапты персоналдың міндеттерді пайдалану құжаттамасын басшылыққа ала отырып орындауын қамтамасыз етеді.
Басқа 1.1
Қорғау бейіндеріне
1-қосымша
Вирусқа қарсы қорғау құралы пайдаланылатын цифрлық инфрақұрылым объектілерін үлгілік схемасы
Басқа 1.2
Қорғау бейіндеріне
2-қосымша
Қауіпсіздік мақсаттарының ұйымның қауіпсіздік бағалау объектісі қатерлері мен саясатына әсері
1- қауіпсіздік мақсаты
2- қауіпсіздік мақсаты
3- қауіпсіздік мақсаты
4- қауіпсіздік мақсаты
5- қауіпсіздік мақсаты
6- қауіпсіздік мақсаты
7- қауіпсіздік мақсаты
8- қауіпсіздік мақсаты
1-қатер
X
X
X
2-қатер
X
X
X
X
1-қауіпсіздік саясаты
X
2-қауіпсіздік саясаты
X
3-қауіпсіздік саясаты
X
4-қауіпсіздік саясаты
X
5-қауіпсіздік саясаты
X
6-қауіпсіздік саясаты
X
7-қауіпсіздік саясаты
X
8-қауіпсіздік саясаты
X
Басқа 1.3
Қорғау бейіндеріне
3-қосымша
Ортаға арналған қауіпсіздік мақсаттарының қауіпсіздік болжамдарына, қауіпсіздік саясаты мен қатерлерге әсері
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат
1-болжам
Х
2-болжам
Х
3-болжам
Х
4-болжам
Х
5-болжам
Х
6-болжам
Х
Х
7-болжам
Х
1-орта қатері
Х
Х
Х
Х
2-орта қатері
Х
Х
Х
Х
3-орта қатері
Х
Басқа 1.4
Қорғау бейіндеріне
4-қосымша
Цифрлық инфрақұрылым объектілері желі деңгейінің басып кірулерді айқындау жүйесі қолданудың үлгілік схемасы
Басқа 1.5
Қорғау бейіндеріне
5-қосымша
БО-ға арналған қауіпсіздік мақсаттарының ұйымның қауіпсіздік қатерлері мен саясатына әсері.
1-қауіпсіздік мақсаты
2-қауіпсіздік мақсаты
3-қауіпсіздік мақсаты
4-қауіпсіздік мақсаты
5-қауіпсіздік мақсаты
6-қауіпсіздік мақсаты
7-қауіпсіздік мақсаты
8-қауіпсіздік мақсаты
9-қауіпсіздік мақсаты
10-қауіпсіздік мақсаты
1-қатер
X
X
X
X
X
X
X
X
2-қатер
X
X
X
X
X
X
X
X
1-қауіпсіздік саясаты
X
2-қауіпсіздік саясаты
X
3-қауіпсіздік саясаты
X
4-қауіпсіздік саясаты
X
5-қауіпсіздік саясаты
X
6-қауіпсіздік саясаты
X
7-қауіпсіздік саясаты
X
8-қауіпсіздік саясаты
X
9-қауіпсіздік саясаты
X
10-қауіпсіздік саясаты
X
Басқа 1.6
Қорғау бейіндеріне
6-қосымша
Ұйымның қауіпсіздік болжамдары ортасына арналған қауіпсіздік мақсаттарының көрсетілуі.
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат
1-болжам
2-болжам
3-болжам
4-болжам
5-болжам
6-болжам
Басқа 1.7
Қорғау бейіндеріне
7-қосымша
Ұйымның қауіпсіздік ортасының қатер ортасына арналған мақсаттарының көрсетілуі.
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 1-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 2-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 3-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 4-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 5-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 6-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 7-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 8-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 9-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 10-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 11-мақсат
БО-ның жұмыс істеу ортасына арналған 12-мақсат
1-орта қатері
2-орта қатері
3-орта қатері
4-орта қатері
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 380/НҚ Бұйрыққа
2 – қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 105/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Әдістеме цифрлық инфрақұрылым объектілерінің қорғау бейіндерін әзірлеуге арналған.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағалау объектісі (бұдан әрі – БО) – бағалауға жататын әкімшінің және пайдаланушының басшысымен ЦИО-ның компоненттері;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік мақсаты – белгіленген қатерлерге қарсы тұру және (немесе) ұйымның белгіленген қауіпсіздік саясаты мен болжамдарын қанағаттандыру ниеті.
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздік қатері (бұдан әрі – қатер) – киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) қорғау бейіні– цифрлық объектілердің құрамдас бөліктері болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптардың тізбесі;
Тармақша 5
5) ұйымның қауіпсіздік саясаты – ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын қауіпсіздік саласындағы бір немесе бірнеше қағида, рәсім, практикалық тәсіл немесе басшылыққа алынатын қағидаттар;
Тармақша 6
6) цифрлық инфрақұрылым объектілері (бұдан әрі – ЦИО) – цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 7
7) цифрлық инфрақұрылым – электрондық цифрлық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ЦИО жиынтығы;
Тарау 2
2-тарау. Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі
Тармақ 4
4. Қорғау бейінін әзірлеу мынадай әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Цифрлық объектінің (бұдан әрі – ЦО) құрамдас бөліктерін талдау әдісі;
Тармақша 2
2) қатерді модельдеу әдісі;
Тармақша 3
3) ЦО құрамдас бөліктерінің пайдалану ортасын талдау әдісі;
Тармақша 4
4) қауіпсіздік мақсаттарын анықтау әдісі;
Тармақша 5
5) қауіпсіздіктің функционалдық талаптарын таңдау әдісі;
Тармақша 6
6) қорғау бейінін верификациялау және логикалық негіздеу әдісі.
Тармақ 5
5. Қорғау бейінін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) қорғау бейіні әзірленетін ЦО құрамдас бөлігін сәйкестендіру;
Тармақша 2
2) ЦО құрамдас бөлігінің мақсатын, оның функцияларын, пайдалану жағдайларын және болжамды пайдаланушылар санатын анықтау;
Тармақша 3
3) ЦО құрамдас бөлігінің архитектурасын, өзара іс-қимыл интерфейстерін және өңделетін ақпаратты талдау;
Тармақша 4
4) ЦО құрамдас бөлігінің қауіпсіздік ортасын анықтау, оның ішінде:
қауіпсіздік болжамдары;
қауіпсіздіктің ықтимал қатерлері;
ұйымның қауіпсіздік саясатының ережелері;
Тармақша 5
5) мынадай мәселелерді қамтитын қауіпсіздік қатерлерін модельдеу:
қатер көздерін анықтау;
осалдықтарды анықтау;
қатерлердің іске асырылуының ықтимал салдарларын бағалау;
қауіпсіздіктің өзекті қатерлерін анықтау;
Тармақша 6
6) қатерлерді талдау нәтижелері мен ұйымның қауіпсіздік саясаты негізінде ЦО құрамдас бөлігі және оны пайдалану ортасы үшін қауіпсіздік мақсаттарын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) ЦО құрамдас бөлігінің қауіпсіздік мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін қауіпсіздіктің функционалдық талаптарын анықтау;
Тармақша 8
8) қауіпсіздік талаптарының, қауіпсіздік мақсаттарының және анықталған қатерлердің сәйкестігін тексеру;
Тармақша 9
9) ЦО құрамдас бөлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған қауіпсіздік талаптарының жеткіліктілігі туралы негіздеме дайындау;
Тармақша 10
10) қорғау бейінін белгіленген құрылымға сәйкес ресімдеу.
Тармақ 6
6. Қорғау бейінін әзірлеу нәтижелері мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ЦО құрамдас бөліктерінің қауіпсіздігіне төнетін өзекті қатерлерді сәйкестендіруді;
Тармақша 2
2) ақпаратты қорғаудың қажетті шараларын анықтауды;
Тармақша 3
3) қауіпсіздіктің функционалдық талаптарын қалыптастыруды;
Тармақша 4
4) ЦО құрамдас бөліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған қорғау шараларының негіздемесін.