О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 138 «Об утверждении перечня транспортных средств и сельскохозяйственной техники, реализация которых освобождается от налога на добавленную стоимость» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 16757 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тiзбесi бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ______________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ______________
Басқа 0. Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 206 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығымен бекітілген Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі № р/с Атауы ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды 1 Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетігі бар немесе онысыз); толтырылған немесе толтырылмаған от сөндіргіштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары: ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған шашыратқыштар: өзгелер; ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған 842449, 842482 2 Басқа да жүк көтеруге, өткізуге, тиеуге немесе түсiруге арналған машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, экскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар) өзгелер: өзге де жабдықтар: ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген жүктегіш құрылғылар; ауыл шаруашылығы тракторларына ілу үшін әзірленген 8428 90 710 0 3 Бұрылмайтын күрегi бар бульдозерлер; грейдерлер, жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық күректер, эксковаторлар, бiр шөмiштi тиегiштер, тегістейтін машиналар, өздігінен жүретін жол аунақтары 8429 4 Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша, орман шаруашылығы машиналары; көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар 8432 5 Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престерді, тайлағыш престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар 8433 6 Аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгізілмеген дербес функциялары бар машиналар мен механикалық құрылғылар: өзгелер: өзгелер 8479 89 970 8 7 Тракторлар (8709 тауар позициясы тракторларынан басқа) 8701 8 Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан астам адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары 8702 9 Жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) арналған өзге де моторлы көлiк құралдары 8703 10 Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары 8704 11 Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себу-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) 8705 12 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарына арналған орнатылған қозғалтқыштары бар шассилер 8706 13 Орнатылған қосалқы қозғалтқышы бар, арбасы бар немесе арбасыз мотоциклдар (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер; арбалар 8711 14 Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; өзге де өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөлшектері 8716 15 Көлік құралдарына арналған бекіту бұйымдары мен фурнитура немесе пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар және 3901 - 3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар 3926 30 000 0 16 Өзгелері, пластмассадан жасалған өзге де бұйымдар және 3901-3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар 3926 90 970 9 17 Жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар 4011 18 Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге де еден төсеніштері мен кілемшелер 4016 91 000 0 19 Көлік құралдарына арналған артқы көрініс айналары 7009 10 000 20 Қысымнан тұтанатын поршеньді Іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер) 8408 21 Тек қана немесе негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөліктер 8409 22 Айналмалы әрекетті суару жүйесі және фронтальды әрекетті суару жүйесі 8424 49 100 0 23 Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге арналған ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған бүріккіштер 8424 49 910 0 24 Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге, ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған ұнтақтарды бөлгіштер 8424 82 910 0 24 Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған өзге де құрылғылар, өзгелері 8424 82 990 0 26 Ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген өзге де тиеу құрылғылары 8428 90 790 0 27 Соқалы және роторлы қар тазалағыштар 8430 20 000 0 28 Тікбұрышты (оның ішінде шаршы) немесе өзге нысандағы сепараторларды қоса алғанда, электр аккумуляторлары 8507 29 Моторлы көлік құралдарында, ұшақтарда немесе кемелерде пайдаланылатын оталдыру шырақтарына арналған сымдардың өзге де жиынтықтары және сымдардың жиынтықтары 8544 30 000 7 30 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған (кабиналарды қоса алғанда) шанақтар 8707 31 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары 8708 Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.