О внесении дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 140 «Об утверждении Перечня сырья и (или) материалов, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость в рамках инвестиционного контракта» Күшін жойған
Басқа 0
«Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16736 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145 жолдармен толықтырылсын:
«
137
Құрғақ өнімді қайта есептегенде құрамында салмағы 20 %-дан немесе одан да көп марганец бар темір марганец кенін және концентраттарды қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттары
2602000000
138
Бейметалдардың оттегімен, бейорганикалық өзге де қосылыстары
2811299000
139
Басқа сульфидтер
2830908500
140
Басқа хроматтар мен дихроматтар; пероксохроматтар
2841500000
141
Мочевинамен қатайтылған немесе қатайтылмаған сутегі асқын тотығы
2847000000
142
Қымыздық қышқылы, оның тұздары мен эфирлері
2917110000
143
Тиурам моно-, ди- немесе тетрасульфидтер
2930300000
144
Дөңгелек қимасының диаметрі 14 миллиметрден аз темір немесе легирленбеген болаттан жасалған борпылдақ орамдардағы ыстықтай илемделген шыбықшалар
721391
145
Өңделмеген марганец; ұнтақтар
8111001100
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі