О внесении дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны» Күшін жойған
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінде жарияланды) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
3-тармақ мазмұны келесі 15) тармақшамен толықтыру:
«15) «AKTAU RESORT HOTEL» көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру.»;
11-тармақтың 8 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де қызметтерін салу және пайдалануға беру;
11-тармақ мазмұнын келесі 9) тармақшамен толықтыру:
9) әуежайлар мен әуе қозғалысын басқару; әуежай сияқты терминалдардың қызметі және сол сияқтылар; әуеайлақтарда жердегі қызмет көрсетумен байланысты қызмет және сол сияқтылар.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі