О внесении изменения и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны» Күшін жойған
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс және
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінде жарияланды) бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;
15) Жүктерді көліктік өңдеу;
16) Өзге де көліктік қосалқы қызмет.».
11-тармақта:
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) әуежайлар қызметі;».
11-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
11) Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;
12) Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;
13) Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызмет.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі