О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы: 1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу; 2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру; 3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру; 4) машина жасау өнімдерін өндіру; 5) көп бейінді аурухана салу; 6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі; 7) «ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі»; 8) «қағаз және картон өндірісі»; 9) «гофрленген картон өндірісі»; 10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру; 11) «шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру»; 12) «негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі»; 13) «фармацевтикалық препараттар өндірісі»; 14) «ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі».».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі