О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 174/31 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Актогайского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 174/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 174/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 174/31 шешіміне (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5944 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімен бекітілген «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:
5-тармағы мындай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (бұдан әрі – ұйымдастыру бөлімінің басшысы) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармағы мындай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру бөлімінің басшысыжәне мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.