О внесении изменения в решение маслихата района Биржан сал от 27 февраля 2018 года № С-20/9 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов района Биржан сал» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 «Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Біржан сал ауданы мәслихатының «Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6471 тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындауда: 16 реттік нөмірлі жол жаңа редакцияда баяндалсын: « 16 Тасшалқар ауылы 7 ».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі