О внесении изменения в решение районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-162 болып тіркелген, 2018 жылғы 04 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде: 6 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.