О внесении изменения в решение Айтекебийского районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-162 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
10 тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«8) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.