О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 228 «Об утверждении Требований к использованию информационно-коммуникационных технологий и обеспечению информационной безопасности при организации деятельности кредитных бюро, поставщиков информации и получателей кредитных отчетов, а также Требований, предъявляемых кредитными бюро к поставщикам информации и получателям кредитных отчетов» Қолданыста
Басқа 0
«Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы»
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар және Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптары осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 100 Қаулыға
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№228 қаулысымен бекітілген
Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен, коллекторлық агенттікпен, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымымен, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен, микроқаржы ұйымының қамтамасыз етілген облигацияларды шығару немесе қарыздар алу кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы-заңды тұлғамен, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясымен, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғамен, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, микроқаржы ұйымдарында қаржыны негізделген орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру шарты бойынша жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорымен, өзге тұлғамен – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша, микрокредит беру туралы шарт бойынша немесе ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) сатып алу немесе пайда болу (құру) сәтіне құнсыздану белгілері анықталған заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарына (талаптарына) қатысты жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын коллекторлық агенттіктер мен сервистік компаниялардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Талаптарда Кредиттік бюролар туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпарат берушілер - Кредиттік бюролар туралы заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер;
Тармақша 2
2) ақпараттық актив - ақпараттың және оны сақтауға және (немесе) өңдеуге пайдаланылатын цифрлық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік – цифрлық ресурстардың, цифрлық жүйелердің және цифрлық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жай-күйі;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі - кредиттік бюроның ақпараттық активтері конфиденциалдылығының бұзылуы, тұтастығының немесе қолжетімділігінің қасақана бұзылуы салдарынан залалдың ықтимал пайда болуы;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - кредиттік бюроның ақпараттық активтерінің конфиденциалдылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – цифрлық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін іркілістер және (немесе) кредиттік бюроның цифрлық ресурстарын заңсыз алу, көшіру, тарату, модификациялау, жою немесе бұғаттауға арналған талаптар;
Тармақша 7
7) артықшылық берілген есептік жазба – цифрлық жүйеде жасалу, жойылу және басқа есептік жазбаларға кіру құқықтарын өзгерту артықшылықтарына ие есептік жазба;
Тармақша 8
8) аудиторлық із – цифрлық жүйенің функцияларын орындау нәтижесінде деректердің өзгеруінің дәлелі қамтылған жазбалардың хронологиялық реттілігі;
Тармақша 9
9) аутенфикациялау – цифрлық жүйеге қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалылығын ұсынылған қолжетімділік деректемелерінің сәйкестігін анықтау арқылы растау;
Тармақша 10
10) бизнес-процесс - сыртқы (клиент) немесе ішкі (кредиттік бюроның қызметкері, бөлімшесі, басқа бизнес-процесс) тұтынушы үшін белгілі өнімді немесе қызметті жасауға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе міндеттер жиынтығы;
Тармақша 11
11) деректерді өңдеу орталығы – технологиялық, инженерлік, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым арқылы өзге де цифрлық объектілерді орналастыруға және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;
Тармақша 12
12) жауапты тұлға - кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерге қолжетімділігі бар қызметкері;
Тармақша 13
13) жұмыс станциясы - кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне кіру үшін пайдаланылатын дербес компьютер;
Тармақша 14
14) кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің бизнес-иесі - кредиттік бюроның цифрлық жүйе автоматтандыратын негізгі бизнес-процестің иесі болып табылатын бөлімшесі (қызметкері);
Тармақша 15
15) кредиттік есептерді алушылар – Кредиттік бюролар туралы заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар;
Тармақша 16
16) қолжетімділік - ақпараттық активтерді пайдалану мүмкіндігі;
Тармақша 17
17) оператор - кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне ақпараттың дұрыс енгізілуі үшін жауап беретін қызметкер;
Тармақша 18
18) резервтік көшірме - ақпарат жеткізгіштегі деректердің қажет болған жағдайда оларды түпнұсқада немесе жаңадан орналастырылған орнында қалпына келтіруге арналған көшірмесі;
Тармақша 19
19) техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - техникалық құралдарды (күзет және өрт сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, бейнебақылау, өрт сөндіру, деректерді өңдеу орталығында температуралық режим мен ылғалдылықты бақылау жүйелерін) пайдалана отырып кредиттік бюроның қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесі;
Тармақша 20
20) технологиялық есептік жазба - цифрлық жүйедегі цифрлық жүйелердің арасында аутенфикациялауға арналған есептік жазба;
Тармақша 21
21) түзету шарасы - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында болған проблеманы не оның бұзылу салдарын түзетуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шараларының жиынтығы;
Тармақша 22
22) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 23
23) цифрлық инфрақұрылым – цифрлық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Цифрлық технологияларды пайдалануға қойылатын талаптар
2-тарау. Цифрлық технологияларды пайдалануға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Кредиттік бюро қамтамасыз ететін цифрлық жүйені (бұдан әрі – кредиттік бюроның цифрлық жүйесі) әзірлеуді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпарат берушіден ақпарат алуды;
Тармақша 2
2) кредиттік тарихтардың дерекқорын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) кредиттік есептерді қалыптастыруды, беруді және сақтауды;
Тармақша 4
4) кредиттік бюроның цифрлық жүйесін пайдаланушыларды сәйкестендіруді және аутентификациялауды;
Тармақша 5
5) кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің аудиторлық ізін жүргізуді.
Тармақ 4
4. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесі мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) техникалық тапсырма негізінде және кредиттік бюроның әзірлеу, өзгерістер енгізу, тестілеу, өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау және енгізу, сондай-ақ барлық кезеңді құжаттандыру кезеңі мен тәртібін реттейтін ішкі құжаттарына сәйкес әзірлеуді, енгізуді және оған қызмет көрсетуді (немесе дайын өнімді бейімдеуді) жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) кредиттік бюроның цифрлық жүйесін пайдаланушылардың қолжетімділік құқықтарының аражігін ажыратуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің есептік жазбаларын басқаруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің қорғалатын деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Кредиттік бюро кредиттік бюроның кез келген цифрлық жүйесін әзірлеу, тестілеу және өнеркәсіптік пайдалану орталарына енгізілген өзгерістері кредиттік бюроның басқа ортада орналасқан цифрлық жүйесіне әсер етпейтіндей кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің осындай орталарының болуын және оларды бөлуді қамтамасыз етеді. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесін әзірлеу және пысықтау өнеркәсіптік пайдалану ортасында жүзеге асырылмайды.
Тармақ 6
6. Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді жүзеге асыратын тысқары ұйымдар мен ақпараттық технологиялар бөлімшесінің қызметкерлері кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің өнеркәсіптік пайдалану ортасындағы өзгерістерін көшіруге қол жеткізе алмайды, сондай-ақ өнеркәсіптік пайдалану ортасындағы кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне әкімшілік қол жеткізе алмайды.
Тармақ 7
7. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізбес бұрын, онда орнатылған әдепкі теңшеулер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде кредиттік бюроның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес теңшеулерге өзгертіледі. Көрсетілген теңшеулерге тестілеу кезінде пайдаланылатын құпия сөздерді ауыстыру, сондай-ақ барлық тестілік есептік жазбаларды жою кіреді.
Тармақ 8
8. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің бастапқы кодтары (бар болса) және орындалатын модульдері оларды қалпына келтіру үшін жарамды түрде жүргізілетін бағдарламалық қамтылымның қорғалған сақтау орнында сақталады.
Тармақ 9
9. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінде аудиторлық ізді жүргізу қамтамасыз етіледі, ол мыналарды көрсетеді:
Тармақша 1
1) байланыстарды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және авторизациялау оқиғалары (сәтті және сәтсіз);
Тармақша 2
2) сақталған деректерді өзгерту оқиғалары;
Тармақша 3
3) қауіпсіздік теңшеулерін жаңғырту оқиғалары;
Тармақша 4
4) пайдаланушылар топтарын және олардың өкілеттіктерін жаңғырту оқиғалары;
Тармақша 5
5) пайдаланушылардың есептік жазбаларын және олардың өкілеттіктерін жаңғырту оқиғалары;
Тармақша 6
6) цифрлық жүйеде жаңартуларды және (немесе) өзгерістерді орнатуды көрсететін оқиғалар;
Тармақша 7
7) аудиторлық ізді жүргізу өлшемдерінің өзгеру оқиғасы;
Тармақша 8
8) жүйелік өлшемдерді өзгерту оқиғалары.
Тармақ 10
10. Аудиторлық із форматы келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) әрекет жасаған пайдаланушының сәйкестендіргіші (логині);
Тармақша 2
2) әрекеттің жасалған күні мен уақыты;
Тармақша 3
3) әрекет жүргізілген объектілердің атаулары;
Тармақша 4
4) цифрлық жүйенің әкімшісі немесе соңғы пайдаланушысы жасаған әрекеттің түрі немесе атауы;
Тармақша 5
5) әрекет нәтижесі (сәтті немесе сәтсіз).
Тармақ 11
11. Аудиторлық іздің сақталу мерзімі жедел қолжетімділікте кемінде 3 (үш) айды және архивтік қолжетімділікте кемінде 1 (бір) жылды құрайды. Аудиторлық ізді оқиғаларды сақтаудың, өңдеудің және талдаудың мамандандырылған цифрлық жүйесінде сақтауға жол беріледі.
Тармақ 12
12. Кредиттік бюро аудиторлық іздің ұйымдастырушылық та, техникалық құралдармен де өзгертілмеуін қамтамасыз етеді. Цифрлық жүйенің әкімшілеріне аудиторлық із журналдарын архивке көшіруге ғана рұқсат беріледі.
Тармақ 13
13. Кредиттік бюроның деректерді өңдеу орталығы мына талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) үздіксіз электрмен жабдықтау жүйесі электр желілерінің екі немесе одан да көп тәуелсіз енгізулерімен, сондай-ақ жиырма төрт сағат бойы автономды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін автоматты түрде қосылатын резервтік қорек беру құрылғыларымен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 2
2) ғимаратқа, негізінен деректер өңдеу орталығына түрлі жолдармен жүргізілген телекоммуникациялық қызмет көрсетудің тәуелсіз провайдерлерінен деректер берудің екі немесе одан астам арнасының, сондай-ақ деректер өңдеудің резервтік орталығында кемінде екі байланыс арнасының болуы. Байланыс арналарының өткізу қабілеті ақпарат ұсыну туралы шарттардың және кредиттік есептер алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Кредиттік бюро кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптарды сақтайды:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның цифрлық жүйесі оның негізгі сервистерінің жұмыс істеуін үзбей профилактикалық жұмыстар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін серверлік жүйеде жұмыс істейді. Аппараттық қуат көздерін виртуализациялау технологияларын пайдалану кезінде виртуалды негізгі және резервтік серверлер жеке нақты серверлерге орналастырылуға тиіс;
Тармақша 2
2) кредиттік бюроның деректерін өңдеудің резервтік орталығы кредиттік бюродан тыс орналасады және кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің жұмысын негізгі деректер өңдеу орталығының жұмысы тоқтатылған сәттен бастап он екі сағаттан аспайтын мерзімде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Ақпарат беруші кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне қосылу кезінде:
Тармақша 1
1) ақпарат беру туралы шартта көрсетілген кредиттік бюроның талаптарына сәйкес келетін;
Тармақша 2
2) вирусқа қарсы өзекті базалары бар лицензиялық вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етумен қорғалған жұмыс станциясын пайдаланады.
Тармақ 16
16. Кредиттік есептерді алушы кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне қосылу кезінде:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне ғана қосылу үшін пайдаланатын бір немесе бірнеше жұмыс станциясының болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жұмыс станцияларын вирусқа қарсы өзекті базалары бар лицензиялық вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етумен қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Ақпарат берушінің ақпаратты кредиттік бюроға беру және кредиттік бюроның кредиттік есептерді кредиттік есептерді алушыға беру процестері автоматтандырылған жағдайда, Талаптардың 15 және 16-тармақтарының талаптары ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қолданылмайды.
Тарау 3. 3- тарау. Кредиттік бюролардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
3- тарау. Кредиттік бюролардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1-параграф. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 18
18. Кредиттік бюро қорғалған ақпаратты алу, сақтау және өңдеу кезінде, сондай-ақ кредиттік есептерді дайындау және беру кезінде оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған кредиттік бюроны басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі кредиттік бюроның бизнес-процестері үшін әлеуетті шығынның барынша төмен болуына мүмкіндік бере отырып, кредиттік бюроның ақпараттық активтерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің тиісті деңгейін, оны дамыту мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында мыналар айқындалатын ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) мыналар қамтылатын ақпараттық қауіпсіздік саясаты:
ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидаттары;
ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданылу саласы;
ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі шеңберіндегі жауапкершілік;
ақпараттық қауіпсіздік саясатының қолжетімділігін тарату және қамтамасыз ету;
ақпараттық қауіпсіздік саясатын қайта қарауға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) мыналар қамтылатын ақпараттық активтерді басқару қағидалары:
құпиялылық деңгейі көрсетілген ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар;
активтерді таңбалау және паспорттау жөніндегі талап;
құпиялылық деңгейін ескере отырып, ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі;
Тармақша 3
3) мыналар қамтылатын резервтік көшіру (архивтеу) тәртібі:
резервтік және архивтік көшіруге қойылатын талаптар;
резервтік көшірмелерді тестілеу тәртібі;
Тармақша 4
4) мыналар қамтылатын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және басқару әдістемесі:
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және өңдеу процесі;
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің қолайлы болу өлшемшарттары;
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін өңдеу жоспары;
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және өңдеу туралы есеп;
Тармақша 5
5) мыналар қамтылатын цифрлық жүйе пайдаланушыларының (цифрлық жүйелердің операторлары, басқарушылары) қолжетімділігі мен міндеттерін шектеу бойынша:
еңбек шартының қолданылуы аяқталғаннан кейін конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы талаптарды қамтитын функционалдық міндеттерін тоқтату немесе өзгерту тәртібі;
оқыту және хабардар болуды арттыру тәртібі;
ақпаратқа, цифрлық жүйелерге, желілерге, сервистерге, жабдыққа және үй-жайларға қолжетімділікті бақылау тәртібі;
қолжетімділік құқықтарын жүйелі түрде қайта қарау талаптары;
пайдаланушылық және артықшылық берілген қолжетімділік құқықтарын басқаруға талаптар;
қолжетімділік құқықтарын ұсынуды, өзгертуді, жоюды техникалық тұрғыдан іске асыру тәртібі;
Тармақша 6
6) мыналар қамтылатын кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі:
кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің өзгерістерін әзірлеу және басқару рәсімдері;
кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің операторлары мен басқарушыларының құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 7
7) мыналар қамтылатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын басқару рәсімдері:
оқыс оқиғаларды жіктеу, хабарлауға жататын адамдары көрсете отырып, оқыс оқиғалар туралы хабарлау тәртібі;
оқыс оқиғаларға ден қою және өңдеу тәртібі;
ақпараттық активтерді зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғау қағидалары.
Тармақ 22
22. Кредиттік ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қатысушылары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) басқару органы;
Тармақша 2
2) атқарушы орган;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі - алқалы орган);
Тармақша 4
4) әуекелдерді басқару бөлімшесі;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі;
Тармақша 6
6) ақпараттық технологиялар бөлімшесі;
Тармақша 7
7) қауіпсіздік бөлімшесі;
Тармақша 8
8) қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
Тармақша 9
9) заң бөлімшесі;
Тармақша 10
10) өзге бөлімшелер.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің функцияларын функционалдық міндеттеріне сәйкес жауапты қызметкерлердің жүзеге асыруына рұқсат етіледі.
Тармақ 23
23. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің тәуелсіздігін оларды кредиттік бюроның атқарушы органының әртүрлі мүшелеріне немесе кредиттік бюроның атқарушы органының басшысына тікелей бағынуы арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Кредиттік бюроның басқару органы ақпараттық қауіпсіздік саясатын бекітеді.
Тармақ 25
25. Кредиттік бюроның басқару органы қорғалатын ақпараттың тізбесін, оның ішінде қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтер туралы ақпаратты (бұдан әрі - қорғалатын ақпарат) қамтитын тізбені және қорғалатын ақпаратпен жұмыс тәртібін бекітеді.
Тармақ 26
26. Кредиттік бюроның атқарушы органы ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін регламенттейтін, қайта қарау тәртібі мен кезеңділігі кредиттік бюроның ішкі құжаттарында айқындалатын ішкі құжаттарды бекітеді.
Тармақ 27
27. Кредитік бюро алқалы органды құрады, оның құрамына ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, ақпараттық технологиялар бөлімшесінің өкілдері, сондай-ақ қажет болған кезде кредиттік бюроның басқа бөлімшелерінің өкілдері кіреді. Кредиттік бюроның атқарушы органының басшысы не кредиттік бюроның атқарушы органының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін мүшесі алқалы органның басшысы болып тағайындалады.
Тармақ 28
28. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауап береді және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, енгізу және тұрақты дамыту;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бойынша рәсімдерді әзірлеу;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы процестерді талдау;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің мониторингі және бағалау.
Тармақ 29
29. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі кредиттік бюро ақпаратының конфиденциалдылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құрады, кредиттік бюро бөлімшелерінің ақпараттық қауіпсіздікті және қауіптерді анықтау және талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлейді;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздігін басқарудың, қамтамасыз етудің және бақылаудың әдістерін, құралдарын және тетіктерін таңдауды, енгізуді және қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) алқалы органның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 8
8) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізуді және олардың тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға кіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) артықшылық берілген есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындайды;
Тармақша 10
10) кредиттік бюро қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 11
11) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы кредиттік бюроның басшылығын хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Кредиттік бюроның ақпараттық технологиялар бөлімшесі кредиттік бюроның мыналарды:
Тармақша 1
1) элементтерінің нақты орналасқан жерін көрсете отырып, цифрлық инфрақұрылымының жалпы схемасын;
Тармақша 2
2) цифрлық инфрақұрылым тораптарының (телекоммуникациялық құрылғылардың, серверлердің және онда орналасқан операциялық жүйелердің, дерекқорларды басқару жүйелерінің және цифрлық жүйені пайдаланушының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуінің) жауапты әкімшілерінің тізбесін айқындайтын ішкі құжаттарын әзірлейді.
Тармақ 31
31. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшеге техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүктеу мүмкіндігін айқындайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімше олардың негізгі функцияларымен мүдделер қақтығысына әкелетін функцияларды жүзеге асырмайды.
Тармақ 32
32. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мынадай функцияларын басқа бөлімшелерге:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізуді және беруді - ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімшеге;
Тармақша 2
2) кредиттік бюро қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді - қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесіне;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік жай-күйінің бұзылуына байланысты оқиғаларды және оқыс оқиғаларды есепке алуды және өңдеуді - қауіпсіздік бөлімшесіне немесе ақпараттық технологиялар бөлімшесіне тәуелді емес, жеке бөлінген оқыс оқиғаларды өңдеу бөлімшесіне беру мүмкіндігін айқындайды.
Тармақ 33
33. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның цифрлық инфрақұрылымының схемаларын әзірлейді;
Тармақша 2
2) пайдаланушыларға кредиттік бюроның ақпараттық активтеріне кіруіне рұқсатын беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроның жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін қонфигурациялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) цифрлық инфрақұрылымның үзіліссіз жұмыс істеуі, кредиттік бюроның цифрлық жүйелері деректерінің құпиялылығы, тұтастығы және қолжетімділігі (ақпаратты резервтеуді және (немесе) мұрағаттауды және резервтік көшіруді қоса алғанда) бойынша белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) цифрлық жүйелерді таңдау, енгізу, әзірлеу және тестілеуден өткізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 34
34. Қауіпсіздік бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кредиттік бюрода жеке қауіпсіздік пен техникалық қауіпсіздік шараларын іске асырады, оның ішінде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) кредиттік бюроның қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған және жұмыстан босатқан кезде ақпараттық қауіпсіздік қауіптерінің туындауы тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Тармақ 35
35. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кредиттік бюро қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет көрсету туралы шарт бойынша жұмысқа тартылған адамдардың, тәлімгерлердің, практиканттардың ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерге қол қоюын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) кредиттік бюро қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік саласында хабардар болуын арттыру процесін ұйымдастыруға қатысады.
Тармақ 36
36. Заң бөлімшесі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кредиттік бюроның ішкі құжаттарына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Кредиттік бюроның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар) қамтитын ішкі құжаттарымен танысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) олар басқаратын бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дербес жауапкершілік атқарады.
Тармақша 3
3) кредиттік бюро бөлімшесі келісімдерді, шарттарды жасасуға бастамашы болған жағдайларда конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер жасасуды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы талаптарды осындай келісімдерге, қызметтер көрсетуге/жұмыстарды орындауға арналған шарттарға енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 38
38. Кредиттік бюро өнімдерді және қызметтерді құру, ендіру, түрлендіру, клиенттерге беру кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы үшін жауап беретін кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің бизнес иесін айқындайды.
Тармақ 39
39. Кредиттік бюроның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері:
Тармақша 1
1) кредиттік бюрода қабылданған ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың орындалуы үшін жауап береді;
Тармақша 2
2) өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде өздері өзара іс-әрекет жасайтын үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауын, оның ішінде аталған талаптарды үшінші тұлғалармен жасалған шарттарға енгізу арқылы бақылайды;
Тармақша 3
3) өзінің тікелей басшысына және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне ақпараттық активтермен жұмыс істеу кезіндегі барлық күдікті жағдайлар мен бұзушылықтар туралы хабарлайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Ақпараттық активтерге қолжетімділікті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2-параграф. Ақпараттық активтерге қолжетімділікті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 40
40. Қызметкерлерге ақпаратқа қолжетімділік олардың функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде беріледі.
Тармақ 41
41. Үшінші тұлғалардың кредиттік бюросының ақпараттық активтеріне қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтау туралы талаптарды қамтитын келісім, шарт негізінде жүргізілетін жұмыстар айқындайтын кезеңге және көлемде беріледі. Ақпарат берушімен, кредиттік есептерді алушымен, үшінші тұлғалармен жасалатын келісімдерде, шарттарда конфиденциалдылық туралы ережелер, ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, сондай-ақ цифрлық жүйелердің жұмысындағы іркілістер және кредиттік бюроның, ақпарат берушінің, кредиттік есептерді алушының, үшінші тұлғалардың әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туындаған олардың қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан туындаған залалды өтеу туралы талаптар қамтылады.
Тармақ 42
42. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне қолжетімділік пайдаланушыларды сәйкестендіруден және аутенфикациялаудан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутенфикациялау мынадай тәсілдерініңің бірі:
Тармақша 1
1) «есептік жазба (сәйкестендіруші) – құпиясөз» деген жұпты енгізу және екі факторлық бірегейлендіру тәсілдерін қолдану арқылы;
Тармақша 2
2) биометриялық және (немесе) криптографиялық және (немесе) аппараттық аутенфикациялау тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінде пайдаланушылардың дербестендірілген есептік жазбалары ғана пайдаланылады.
Тармақ 45
45. Технологиялық есептік жазбаларды пайдалануға ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі басшысының келісімімен ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы бекітетін, оларды пайдалануға және оның жаңартылуына дербес жауап беретін адамдарды көрсете отырып, әрбір цифрлық жүйе үшін осындай есептік жазбалардың тізбесіне сәйкес жол беріледі.
Тармақ 46
46. Кредитік бюроның цифрлық жүйесінде кредиттік бюроның ішкі құжатында айқындалатын есептік жазбаларды және құпиясөздерді басқару, сондай-ақ пайдаланушылардың есептік жазбаларын оқшаулау бойынша функциялар қолданылады.
Тармақ 47
47. Кредиттік бюроның ақпараттық активтеріне нақты кіруді ұсыну кредитік бюроның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
3-параграф. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 48
48. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) ақпаратты өңдеу, сақтау және беру кезінде қорғау;
Тармақша 2
2) деректерді кредиттік бюроның тарабында резервтеу;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроның цифрлық жүйесін жабдықтың іркілістері мен істен шығуынан кейін қалпына келтіру рәсімдерінің болуы;
Тармақша 4
4) кредиттік бюро мен ақпаратты беруші және (немесе) кредиттік есептерді алушылар арасында криптографиялық қорғау трафигінің орнатылуы.
Тармақ 49
49. Кредиттік бюро кредиттік бюроның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте цифрлық инфрақұрылымның вирусқа қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 50
50. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісім бойынша цифрлық жүйелерге өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 51
51. Маңызды ақауларды жоятын цифрлық жүйелердің қауіпсіздігін жаңартулар ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісілген жағдайларды есептемегенде, өндіруші жариялаған және таратқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей орнатылады.
Тармақ 52
52. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесін жаңартулар өнеркәсіптік ортаға орнатылғанға дейін тестілеу ортасында сынақтардан өтеді.
Тармақ 53
53. Кредиттік бюро кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің деректерін, оның жұмысқа қабілетті көшірмелерін қалыпқа келтіруді қамтамасыз ететін оның файлдары мен теңшеулерін резервтік сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 54
54. Ақпараттың резервтік көшірмесін жасау, сақтау, қалпына келтіру тәртібі мен кезеңділігі, резервтік көшірмелерден кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келуін тестілеу кезеңділігі кредиттік бюроның ішкі құжаттарында айқындалады.
Тармақ 4. 4-параграф. Кредиттік бюроның жұмыс станцияларының қорғалуын қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
4-параграф. Кредиттік бюроның жұмыс станцияларының қорғалуын қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 55
55. Кредиттік бюро кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу үшін қолдануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтардың тізбесін айқындайды.
Тармақ 56
56. Жұмыс станцияларына кредиттік бюро қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындауға арналмаған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылмайды.
Тармақ 57
57. Кредиттік бюроның ішкі құжаттарында жұмыс станцияларының, сондай-ақ ақпарат жеткізгіштер мен кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу үшін қолданылатын желілік ресурстардың қорғалуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық шаралар айқындалады.
Тармақ 58
58. Кредиттік бюро пайдаланушыларға бағдарламалық қамтамасыз етуді, жұмыс станцияларын және перифериялық жабдықтарды өз бетінше орнатуға және теңшеуге тыйым салатын ұйымдастыру және техникалық шараларды айқындайды және енгізеді.
Тармақ 59
59. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесінің пайдаланушыларына жергілікті әкімшінің құқықтары немесе оларға ұқсас құқықтар осындай құқықтар пайдаланушы орындайтын функцияларды автоматтандыратын бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, берілмейдi.
Тармақ 60
60. Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті болған жағдайларда пайдаланушылардың жеке топтарына бағдарламалық қамтылым мен жабдықты өз бетінше орнату және теңшеу құқығы беріледі. Пайдаланушылардың көрсетілген топтарына жергілікті әкімші құқықтары немесе оған ұқсас құқықтар беріледі.
Тармақ 61
61. Талаптардың 59 және 60-тармақтарында көрсетілген пайдаланушылардың тізбесін ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісім бойынша қалыптастырады, жаңартады және бекітеді. Пайдаланушыларға Талаптардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес қосымша құқықтар берілген жағдайда ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі олардың қолданылуын бақылайды.
Тармақ 5. 5-параграф. Кредиттік бюроның деректерді өңдеу орталығының заттай қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
5-параграф. Кредиттік бюроның деректерді өңдеу орталығының заттай қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 62
62. Деректерді өңдеу орталығының заттай қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі ішкі құжатпен айқындалады.
Тармақ 63
63. Деректерді өңдеу орталығы мынадай техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталады:
Тармақша 1
1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі;
Тармақша 2
2) күзет сигнализациясы;
Тармақша 3
3) өрт сигнализациясы;
Тармақша 4
4) автоматты түрде өрт өшіру жүйесі;
Тармақша 5
5) температура мен ылғалдылықтың берілген өлшемдерін қолдау жүйесі;
Тармақша 6
6) бейнебақылау жүйесі;
Тармақша 7
7) үздіксіз электр қуаты көзінің жүйесі.
Тармақ 64
64. Деректерді өңдеу орталығына қолжетімділік тізбесін ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісім бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы бекітетін кредиттік бюро қызметкерлеріне беріледі.
Тармақ 65
65. Кредиттік бюро деректерді өңдеу орталығына қолжетімділікті бақылау және басқару журналын жүргізеді, ол кемінде 1 (бір) жыл сақталады.
Тармақ 66
66. Деректерді өңдеу орталығының автоматты түрде өрт өшіру жүйесі үй-жайдың бүкіл аумағы бойынша өртті жоюды қамтамасыз етеді және оның резервтік қоры болады.
Тармақ 67
67. Деректерді өңдеу орталығының бейнебақылау жүйесі деректерді өңдеу орталығына кіру орындарын бақылауды қамтамасыз етеді. Деректерді өңдеу орталығында бейнекамераларды орналастырып орнату деректерді өңдеу орталығының үй-жайының ішінде және оның берісінде бейнебақылаумен қамтылмаған аймақтардың болуын болдырмайды.
Тармақ 68
68. Деректерді өңдеу орталығының бейнебақылау жүйесінің оқиғаларды жазуы үздіксіз немесе қозғалыс детекторын қолданумен жүргізіледі.
Тармақ 69
69. Деректерді өңдеу орталығының бейнебақылау жүйесінің мұрағаты кемінде 3 (үш) ай сақталады.
Тармақ 70
70. Деректерді өңдеу орталығынан тыс орналасқан серверлерге және белсенді желілік жабдықтарға рұқсатсыз заттай қолжетімділіктің алдын алу мақсаттарында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар белгіленеді және іске асырылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Кредиттік бюродағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалар жөніндегі ақпараттың мониторингі мен өңдеу тәртібіне қойылатын талаптар
6-параграф. Кредиттік бюродағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалар жөніндегі ақпараттың мониторингі мен өңдеу тәртібіне қойылатын талаптар
Тармақ 71
71. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтің мониторингі барысында алынған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат шоғырландырылуы және жүйеге келтірілуге тиіс.
Тармақ 72
72. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 73
73. Егер кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының жеке көздерінің мониторингі жұмыстан тыс уақытта қажет деп белгілесе, тәулік бойы мониторинг қызметі құрылады.
Тармақ 74
74. Кредиттік бюро орын алған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы кредиттік бюроның басшы қызметкерлері мен бөлімшелерін ақпараттандыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 75
75. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларды, оның себебі мен салдарын жоюға кезек күттірмейтін шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 76
76. Кредиттік бюрода қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы ақпаратты көрсетумен ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналы жүргізіледі.
Тармақ 77
77. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын өңдеу нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының орын алу себебін, оның тетіктері мен салдарының жан-жақты талдауы жүргізіледі. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаға тартылған бағдарламалық-техникалық құралдардан техникалық деректер жинау кезінде жиналған деректердің сақталуы мен өзгерту енгізбеуді қамтамасыз етіледі.
Тармақ 78
78. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпарат, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының қайталануының ықтималдығы мен залалдың мүмкіндігін төмендету мақсатында түзеу шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар.
Тармақ 79
79. Орын алу ықтималдығы жоғары және қысқа мерзімде төмендету мүмкін емес ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары үшін кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздіктің мұндай оқыс оқиғаларын өңдеу алгоритмін, ақпараттық қауіпсіздіктің мұндай оқыс оқиғаларды мен олардың салдарын оқшаулау, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын өңдеу әдістемелері бойынша кезек күттірмейтін бірыңғай шараларды сипаттайтын ішкі құжат әзірлейді.
Тармақ 7. 7-параграф. Кредиттік бюролардың ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйі, оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптар
7-параграф. Кредиттік бюролардың ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйі, оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптар
Тармақ 80
80. Кредиттік бюро жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі және оның Талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 81
81. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратта:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің қолданылу аясы және олардың функционалының Талаптарға сәйкестігі көрсетіле отырып оның қатысушылары;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуін регламенттейтін құжаттардың болуы;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы және сандық құрамы;
Тармақша 4
4) байланыс операторларымен жасалған қызмет көрсету туралы шарттардағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен міндеттемелер;
Тармақша 5
5) деректерді өңдеудің резервтік орталықтарының болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және дайындығы;
Тармақша 6
6) кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздігін және ақпараттық активтерін басқару жүйесін Талаптарға сәйкес келтіру бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 82
82. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпарат уәкілетті органға оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен немесе кредиттік бюро жүйелерімен біріктірілген, ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығы мен түзету енгізбеуді қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен ақпаратты кепілді жеткізудің транспорттық жүйесін қолданумен, цифрлық инфрақұрылымдағы немесе электрондық форматтағы оқиғалар туралы ақпаратты нақты уақытта жинауды және талдауды жүзеге асыратын ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ААӨЖ) арқылы ұсынылады.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ААӨЖ-мен ықпалдастырылған ақпараттандыру объектілері арқылы беруге жол беріледі.
Тармақ 83
83. Кредиттік бюро уәкілетті органға мынадай анықталған ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы ақпарат береді:
Тармақша 1
1) қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтылымдағы осалдықтарды пайдалану;
Тармақша 2
2) цифрлық жүйеге рұқсатсыз кіру;
Тармақша 3
3) цифрлық жүйеге немесе деректерді беру желісіне «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуылы;
Тармақша 4
4) серверге зиянды бағдарлама немесе код енгізу;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздікті бақылауды бұзу салдарынан ақшалай қаражатты рұқсатсыз аударуды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) цифрлық жүйелердің бір сағаттан артық тоқтап қалуына әкеп соққан ақпараттық қауіпсіздіктің өзге де оқыс оқиғалары.
Осы тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат кредиттік бюроға оқыс оқиға анықталған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзету енгізбеуді қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен ақпаратты кепілді жеткізудің транспорттық жүйесін қолданумен, ААӨЖ арқылы немесе электрондық форматта беріледі.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ААӨЖ-мен ықпалдастырылған ақпараттандыру объектілері арқылы беруге жол беріледі.
Тармақ 84
84. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы ақпарат ААӨЖ-дағы кредиттік бюроның цифрлық инфрақұрылымындағы оқиғалар туралы ақпаратты нақты уақытта жинауды және талдауды жүзеге асыратын ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінен немесе кредиттік бюро жүйелерінен беру арқылы автоматтандырылған режимде беріледі.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ААӨЖ-мен ықпалдастырылған ақпараттандыру объектілері арқылы беруге жол беріледі.
Тармақ 8. 8-параграф. Кредиттік бюролардың қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
8-параграф. Кредиттік бюролардың қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 85
85. Кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) веб-қосымшалар серверлерінің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – веб-қосымша);
Тармақша 2
2) мобильдік құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – мобильдік қосымша);
Тармақша 3
3) бағдарламалық интерфейстер серверлерінің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – серверлік БҚ).
Тармақ 86
86. Қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және (немесе) пысықтауды кредиттік бюроның бағдарламалық қамтылымын әзірлеу және (немесе) пысықтау тәртібін, әзірлеу кезеңдерін және олардың қатысушыларын регламенттейтін ішкі құжаттарына сәйкес кредиттік бюро жүзеге асырады.
Тармақ 87
87. Егер кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымын әзірлеу және (немесе) пысықтау тысқары ұйымға және (немесе) үшінші тұлғаға берілген жағдайда, кредиттік бюро тысқары ұйымның және (немесе) үшінші тұлғаның осы тараудың және ішкі құжаттардың талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылым қауіпсіздігінің жай-күйіне жауап береді.
Тармақ 88
88. Кредиттік бюрода әзірленетін қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодтарын сақтау резервтік көшіруді қамтамасыз ете отырып, кредиттік бюроның қорғау аясында орналастырылатын код репозиторийлерін басқарудың мамандандырылған жүйелерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және (немесе) пысықтаудың кредиттік бюрода қабылданған тәсіліне қарамастан, қауіпсіздікті тестілеу міндетті болып табылады, оның барысында кем дегенде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бастапқы кодты статикалық талдау;
Тармақша 2
2) құрауыштарды және (немесе) тысқары кітапханаларды талдау.
Тармақ 90
90. Кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымының бастапқы кодын статикалық талдау тексерілетін бағдарламалық қамтылымда қолданылатын барлық бағдарламалау тілдерін талдауды қолдайтын бастапқы кодтарды статикалық талдау сканерін қолдана отырып жүзеге асырылады, оның функциялары келесі осалдықтарды анықтауды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) зиянды кодты инъекциялауға мүмкіндік беретін тетіктердің болуы;
Тармақша 2
2) бағдарламалау тілдерінің осал операторлары мен функцияларын пайдалану;
Тармақша 3
3) әлсіз және осал криптографиялық алгоритмдерді пайдалану;
Тармақша 4
4) белгілі бір жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуды немесе кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымының жұмысын айтарлықтай баяулатуға алып келетін кодты пайдалану;
Тармақша 5
5) кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымын қорғау жүйелерін айналып өту тетіктерінің болуы;
Тармақша 6
6) кодта құпияларды ашық түрде пайдалану;
Тармақша 7
7) қосымшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлгілері мен практикаларын бұзу.
Тармақ 91
91. Кредиттік бюроның қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымының құрауыштарын және (немесе) тысқары кітапханаларын талдау құрауыштың және (немесе) тысқары кітапхананың пайдаланылатын нұсқасына тән белгілі осалдықтарды анықтау, сондай-ақ құрауыштар және (немесе) тысқары кітапханалар мен олардың нұсқалары арасындағы тәуелділіктерді қадағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 92
92. Кредиттік бюро атқарушы орган бекіткен ішкі құжатта айқындалған тәртіппен анықталған осалдықтарды жою жөніндегі түзету шараларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте маңызды осалдықтар қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымды және (немесе) оның жаңа нұсқаларын пайдалануға бергенге дейін жойылады.
Тармақ 93
93. Кредиттік бюро ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшемен келісілгеннен кейін қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымды және (немесе) оның жаңа нұсқаларын пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 94
94. Кредиттік бюро соңғы 3 (үш) жыл ішінде пайдалануға берілген қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодтарының және қауіпсіздікті тестілеу нәтижелерінің барлық нұсқаларын сақтауды және жедел режимде оларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 95
95. Қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымның клиенттік және серверлік тараптары арасында деректер алмасу Transport Layer Security (Транспорт Лейер Секьюрити) шифрлау хаттамасының 1.2-ден төмен емес нұсқасын пайдалана отырып шифрланады.
Тармақ 96
96. Клиентті мобильді қосымшада бастапқы тіркеу кезінде кредиттік бюро Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы немесе кредиттік бюро құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, Клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Тармақ 97
97. Мобильдік қосымшаға кіру кодын (құпиясөзін) өзгерту СДАО растаған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиенттің биометриялық сәйкестендіруін қолдану немесе несиелік бюро құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымда клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау кредиттік бюроның ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес екі факторлы аутентификациялау тәсілдерін (үш фактордың екеуін: білімін, иеленуін, ажырамастығын) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 99
99. Қызметтерді қашықтан көрсететін бағдарламалық қамтылымды кроссдомендік аутентификациялау тетігі ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісіледі.
Тармақ 100
100. Веб-бағдарлама:
Тармақша 1
1) веб-қосымшаның кредиттік бюроға тиесілілігін сәйкестендіру (домендік атауы, логотиптері, корпоративтік түстері) бірегейлігін;
Тармақша 2
2) браузердің жадында авторизациялық деректерді сақтауға тыйым салуды;
Тармақша 3
3) енгізілген құпияларды жасыруды;
Тармақша 4
4) веб-қосымшаны пайдалану кезінде клиенттің авторизация парағында сақталуы туралы ұсыным берілетін кибергигиенаны қамтамасыз ету шаралары туралы хабарлауды;
Тармақша 5
5) клиент интерфейсінде конфиденциалды деректердің көрсетілуіне жол бермей, қате туралы ең аз жеткілікті ақпарат бере отырып, қателер мен ерекше жағдайларды қауіпсіз тәсілмен өңдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 101
101. Мобильдік қосымша:
Тармақша 1
1) мобильдік қосымшаның кредиттік бюроға тиесілілігін сәйкестендірудің (ресми қосымшалар дүкеніндегі деректер, логотиптер, корпоративтік түстер) бірегейлігін;
Тармақша 2
2) операциялық жүйенің тұтастығын бұзу және (немесе) қорғау тетіктерін айналып өту, қашықтан басқару процестерін анықтау белгілері анықталған жағдайда кредиттік бюроның қашықтан қызмет көрсету жөніндегі функционалын бұғаттауды;
Тармақша 3
3) клиентке мобильдік қосымша жаңартуларының бар екендігі туралы хабарлауды;
Тармақша 4
4) аса маңызды осалдықтарды жою қажет болған жағдайларда мобильдік қосымшаның жаңартуларын мәжбүрлеп орнату немесе оларды орнатқанға дейін мобильдік қосымшаның функционалын бұғаттау мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) конфиденциалды деректерді мобильдік қосымшаның қорғалған контейнерінде немесе жүйелік есептік деректер қоймасында сақтауды;
Тармақша 6
6) конфиденциалды деректерді кэштеуді болдырмауды;
Тармақша 7
7) мобильдік қосымшаның резервтік көшірмелерінен конфиденциалды деректерді ашық түрде алып тастауды;
Тармақша 8
8) клиентті мобильдік қосымшаны пайдалану кезінде сақтау туралы ұсыным берілетін кибергигиенаны қамтамасыз ету әдістері туралы хабардар етуді;
Тармақша 9
9) клиентті оның есептік жазбасындағы авторизация оқиғалары, құпиясөзді өзгерту және (немесе) қалпына келтіру, кредиттік бюро тіркеген ұялы телефон нөмірін өзгерту туралы хабардар етуді;
Тармақша 10
10) ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыру барысында клиенттің рұқсаты болған жағдайда мобильдік құрылғының геолокациялық деректерін кредиттік бюроның серверлік БҚ-на беру не мұндай рұқсаттың жоқ екендігі туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 102
102. Кредиттік бюро өз тарапынан:
Тармақша 1
1) жауапта конфиденциалды деректердің жария етілуіне жол бермей, проблеманың диагностикасы үшін ең аз жеткілікті ақпарат бере отырып, қателер мен ерекшеліктерді қауіпсіз тәсілмен өңдеуді;
Тармақша 2
2) мобильдік қосымшаларды және олармен байланысты құрылғыларды сәйкестендіруді және аутентификациялауды;
Тармақша 3
3) жасанды сұратулар мен зиянды код инъекциялары шабуылдарының алдын алу үшін деректердің жарамдылығын тексеруді қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4 тарау. Ақпаратты берушілерді ұйымдастырудағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4 тарау. Ақпаратты берушілерді ұйымдастырудағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 103
103. Ақпаратты беруші кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне берілетін ақпараттың тұтастығы мен конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 104
104. Ақпаратты беруші ақпаратты ұсыну туралы шарттың талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 105
105. Ақпаратты беруші ұйымдастырушылық-техникалық, технологиялық талаптардың және кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен өзара әрекет ету үшін пайдаланылатын жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеп тұруы және оны қорғау үшін қажетті шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 106
106. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу үшін жабдықты пайдалану кезінде оны рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау, сондай-ақ ақпарат тасымалдағыштарды және жүйелік ресурстарды қорғау қажеттілігі ескеріледі.
Тармақ 107
107. Ақпаратты беруші операторды (операторларды) тағайындайды.
Тармақ 108
108. Ақпаратты беруші оператордың (операторлардың) қол қойылған қызметтік міндеттерін атқару процесінде оларға мәлім болған ақпаратты жария етпеу және таратпау туралы міндеттемелерінің болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 109
109. Ақпаратты беруші операторды (операторларды) тағайындау тәртібін, оның (олардың) құқықтары мен жауапкершілігін айқындайтын ішкі құжаттардың (лауазымдық нұсқаулықтарды қоса алғанда) болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 110
110. Ақпаратты берушінің қызметкерлеріне функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде ақпаратқа қолжетімділік ұсынылады.
Тармақ 111
111. Оператордың кредиттік бюроның цифрлық жүйесінде сәйкестендірілетін есептік жазбасы нақты адамға тиесілі.
Тармақ 112
112. Ақпаратты беруші уәкілетті органның сұратуы бойынша ақпаратты ұсыну туралы шартта көзделген талаптарға оның сәйкес келуін растайтын мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 113
113. Жұмыс станциясының операциялық жүйесі пайдаланушы сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ белгіленген құқықтарға сәйкес пайдаланушылардың қолжетімділік құқықтарын ажыратуды және авторизациялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 114
114. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне қосылу үшін жұмыс станциясын пайдаланған кезде Интернет желісінің басқа ресурстарына бірмезгілде қосылуға болмайды.
Тармақ 115
115. Ақпарат берушінің қызметкерлері цифрлық жүйелерге қолжетімділік үшін пайдаланылатын жеке сәйкестендіру және аутентификациялау деректерінің конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 116
116. Ақпарат берушінің қызметкерлері кредиттік бюроның цифрлық жүйесін пайдалану процесінде оларға мәлім болған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Кредиттік есепті алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
5-тарау. Кредиттік есепті алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 117
117. Кредиттік есепті алушы кредиттік бюроның цифрлық жүйесінен алынатын ақпараттың тұтастығы мен конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 118
118. Кредиттік есепті алушы кредиттік есептерді алу туралы шарттың талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 119
119. Кредиттік есепті алушы ұйымдастырушылық-техникалық, технологиялық талаптарды және кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен өзара әрекет ету және одан алынатын ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеп тұруы және оны қорғау үшін қажетті шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 120
120. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу үшін жабдықты пайдалану кезінде оны рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау, сондай-ақ кредиттік бюроның цифрлық жүйесімен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын ақпарат тасымалдағыштары мен жүйелік ресурстарды қорғау қажеттілігі ескеріледі.
Тармақ 121
121. Кредиттік есептерді алушы жауапты тұлғалардың тізбесін айқындайды және бекітеді.
Тармақ 122
122. Кредиттік есепті алушы ұйымның жауапты тұлғасының (тұлғаларының) қол қойған қызметтік міндеттерін атқару процесінде оларға мәлім болған ақпаратты жария етпеу және таратпау туралы міндеттемелерінің болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 123
123. Кредиттік есепті алушы жауапты тұлғалардың тізбесін айқындау және бекіту тәртібін, олардың құқықтары мен жауапкершілігін (лауазымдық нұсқаулықтарын қоса алғанда) айқындайтын және бекітетін ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 124
124. Қызметкерлерге функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде ақпаратқа қолжетімділік ұсынылады.
Тармақ 125
125. Жауапты тұлғаның кредиттік бюроның цифрлық жүйесінде сәйкестендірілетін есептік жазбасы нақты адамға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 126
126. Кредиттік есепті алушы жұмыс станцияларының кредиттік есепті алушының ақпараттық қауіпсіздікті регламенттейтін Талаптарына және ішкі құжаттарына сәйкес келуіне жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Тармақ 127
127. Кредиттік есепті алушы уәкілетті органның сұратуы бойынша кредиттік есептерді алу туралы шартта көзделген талаптарға оның сәйкес келуін растайтын мәліметтерді ұсынады
Тармақ 128
128. Жұмыс станциясының операциялық жүйесі пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ пайдаланушылардың қолжетімділік құқықтарын ажырату және белгіленген құқықтарға сәйкес авторизациялау функцияларын қамтамасыз етеді.
Тармақ 129
129. Кредиттік есептерді алушы өзінің жұмыс станциясын пайдаланады.
Тармақ 130
130. Кредиттік бюроның цифрлық жүйесіне қосылу үшін жұмыс станциясын пайдаланған кезде Интернет желісінің басқа ресурстарына бірмезгілде қосылуға болмайды.
Тармақ 131
131. Кредиттік есептерді алушының қызметкерлері цифрлық жүйелерге кіру үшін пайдаланылатын дербес сәйкестендіру және аутентификациялау деректерінің конфиденциалдығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 132
132. Кредиттік есептерді алушының жұмыскерлері оларға кредиттік бюроның цифрлық жүйесін пайдалану барысында белгілі болған ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді.
Басқа 2. Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы «__»_________
№______ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№228 қаулысымен
бекітілген
Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптары
Тармақ 1
1. Осы кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын Талаптары (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кредиттік бюро туралы заң) сәйкес әзірленді және тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынатын жүйеленген белгілері «Жеке кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың жүйеленген белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысымен (бұдан әрі - № 25 қаулы) айқындалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынатын, коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің, өзге де тұлғалардың ақпарат беру туралы шарттар негізінде (бұдан әрі - ақпарат берушілер), сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не жүйеленген белгілері № 25 қаулыда айқындалатын тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлерлер немесе заңды тұлға, ақпарат беру туралы шарт негізінде өзге де тұлғалар, облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасалған облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигациялар ұстаушылардың өкілі болып табылатын кредиттік есептерді алушылардың (бұдан әрі – кредиттік есептерді алушылар) қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кредиттік бюролар қоятын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Кредиттік бюролар ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптар ақпарат беру туралы шартқа және кредиттік есептер алу туралы шартқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға қоятын талаптар осы қаулымен бекітілген Кредиттік бюролардың, банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 4
4. Кредиттік бюролар ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қоятын талаптар осы қаулымен бекітілген Кредиттік бюролардың, банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын Талаптардың 4 және 5-тарауларының талаптарына сәйкес келеді.