О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 23/нс «Об утверждении Правил выдачи и применения сертификата безопасности» Қолданыста
Басқа 0
«Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;
2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) интернет-ресурс – цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс;
4) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
5) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.
3. Қауіпсіздік сертификатын беру байланыс операторының Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі – ҰҚО) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертификатын беруге өтініші негізінде жүргізіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазсылсын:
«9. Байланыс операторлары трафикті өткізуді «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-1-тармағының 4)тармақшасына сәйкес қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып, шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдалану арқылы жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрлiгi