О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 306 «Об утверждении Правил ведения лицевых счетов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында: 93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «93. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есепке алу «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысының (бұдан әрі – №1116 қаулы) негізінде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есепке алу «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20849 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі.»; 113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «113. Салық кодексінің 117-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес өсімпұл салықты және бюджетке төленетін төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады. Әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармағаны үшін төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, төлеген күнді қоса алғанда, төлеудің мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.»; 117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «117. Салық кодексінің 117-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банктік шоттардан салықтардың және төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін, салық төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды және салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.»; 164 және 165-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «164. Салықтың (ҚҚС қоспағанда) және бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы жыл және алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде төленген сома мөлшерінде, Салық кодексінің 108-бабы 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3- тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады. 165. Артық төленген салық, төлемақы, алым, өсімпұл сомасы мынадай тәртіппен: егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда, яғни жеке шоттың оң сальдосы шегінде; егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда, яғни төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтаруға жатады. Бұл ретте артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы есепке жатқызу немесе қайтару, олар бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш берілген, салық, төлем бойынша жеке шотты ашудың бірінші күннен бастап өспелі жиынтығымен есептелген, есепке жазылған (кемітілген), төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын ескере отырып, осы жеке шот бойынша бір мезгілде мынадай: «Есепке жазылған» бағаны бойынша жиынтық сомасы «Кемітілді» бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болу; «Төленді» бағаны бойынша жиынтық сомасы «Қайтарылды» бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болу; есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жататын артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы осы салық, төлемақы, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосынан асып кетпеу шарттары сақталған кезде жүргізіледі. Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатпайтын артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызылады.»; 286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «286. Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу мынадай тәртіпте: 1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің – заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері - ұлттық тізілімінен алып тастаған және құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алған кезде; Мұндай көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі. 2) дара кәсіпкердің – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алған кезде; Мұндай дара кәсіпкердің жеке шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі. 3) жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың - жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алған кезде; Жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың жеке шотын жабу жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі. 4) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлға, тәуелді көрсетілетін қызметті алушы арқылы немесе қызметін жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын бейрезидент, - Салық кодексінің 78-бабының 1-тармағында қарастырылған негіздер бойынша; 5) жеке тұлға: салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге құқықтарды тоқтатқан кезде – растау құжаттарын қоса бере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде; Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету кезінде – орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде; күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болу немесе қайтыс болды деп жариялау себебінен - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде; Ағымдағы жылдың аяқталуы бойынша есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалардың жиынтығын жүргізгеннен кейін есеп айырысу сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі. 6) Салық кодексінің 85-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеуші көрсетілетін қызметті беруші тиісті шешім шығарған күні қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салыған есептен шығару кезінде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасайтын және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға Салық кодексінің 429-бабы 8-тармағында көзделген шарттар туындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етілетін есептеу Тізілімнің негізінде жүргізіледі.»; 293-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) «Артық төлем» - бюджетке салықтар мен төлемдердің түрлері, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, банкрот деп жарияланған, көрсетілетін қызметті алушының артық төлемінен басқа, есепті күні жеке шоттарда іс жүзінде қалыптасқан, бірақ конкурстық өндіріс аяқталмаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төлем және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының артық төлемі, әрекетсіз көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы артық төлемі, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген, талап қоюдың ескіру мерзімінен артық есептелген артық төлем сомасы;»; 20 және 22-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 126 бұйрығына 1-қосымша Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 20-қосымша нысан _______________________________________________________________________ берiлдi (көрсетілетін қызметті алушының БСН/ЖСН, аты-жөнi (ол болған кезде) немесе атауы көрсетілетін қызметті алушының __________теңге сомасында есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегi бар/есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегі жоқ № Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды және са­лық­тар мен бюд­жет­ке тө­ле­нетiн тө­лем­дер­дiң, әле­умет­тік тө­лем­дер ата­уы Са­лық­тар мен бюд­жет­ке тө­ле­нетiн тө­лем­дер, әле­умет­тік тө­лем­дер со­ма­сы Өсiм­пұл со­ма­сы Пай­ы­здар со­ма­сы Ай­ып­пұл со­ма­сы Бе­ре­сі ар­тық тө­лем (асып ке­ту) бе­ре­сі ар­тық тө­лем бе­ре­сі ар­тық тө­лем бе­ре­сі ар­тық тө­лем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қосылған құн салығы бойынша оң сальдо асып кету және/немесе артық төленген сома peтінде қарастырылады. 1. Бюд­жет­ке бар­лық бе­ре­шек тең­ге 2. Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры бой­ын­ша бе­ре­шек тең­ге 3. Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар және (неме­се) жар­на­лар бой­ын­ша бе­ре­шек 4. Әле­умет­тiк ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек тең­ге Ес­керт­пе. Жал­пы бе­ре­шек со­ма­сын­да көр­се­тіл­ме­ген: 1. са­лық­тық тек­се­ру нәти­же­ле­рі және дең­гей­лес мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рі бой­ын­ша есеп­тел­ген, ша­ғым жа­сау са­ты­сын­да­ғы және ша­ғым жа­сал­ған со­ма­лар; тең­ге 2. тө­леу мер­зі­мі өзгер­ті­л­ген со­ма­лар; тең­ге 3. оңал­ту рә­сі­мі қол­да­ны­л­ған со­ма­лар тең­ге Мәлімет________________________________ берiлдi (талап еткен жер) 20__ж. «__»____________________________ (берген күнi) Қолы мәліметте_______ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттары көрсетілген; мәліметте_______ құрылымдық бөлiмшесінiң ақпараттары көрсетілген. Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге қосымша __________________________________________________________________________ (мәліметті берген мемлекеттік органның атауы) Көрсетілетін қызметті алушының БСН/ЖСН _______________________, аты-жөнi (ол болған кезде) немесе атауы ______________ Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және/неме­се оның құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­сінiң БСН/ЖСН Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және/неме­се оның құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­сінiң ата­уы БСК Са­лық және төлем­нің, әле­умет­тік тө­лем­дер­дің со­ма­ла­ры (+. -) Өсiм­пұл со­ма­сы (+. -) Пай­ы­здар со­ма­сы (+. -) Ай­ып- пұл со­ма­сы (+. -) Бар­лы­ғы бе­ре­шек ар­тық тө­лем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 МКОК 1 МКО ата­уы Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем 2 МКОК 2 МКО ата­уы Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем 3 МКОК 3 МКО ата­уы Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем Жиы­ны бе­ресi ар­тық тө­лем Бюд­жет­ке бар­лық бе­ре­шек Са­лық­тар және тө­лем­дер бой­ын­ша бар­лық ар­тық тө­лем­дер Мiн­дет­тi зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры бой­ын­ша бе­ре­шек Мiн­дет­тi зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры бой­ын­ша ар­тық тө­лем Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар­дың және (неме­се) жар­на­лар­дың бой­ын­ша бе­ре­шек Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар­дың және (неме­се) жар­на­лар­дың бой­ын­ша ар­тық тө­лем Әле­умет­тiк ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек Әле­умет­тiк ауда­рым­дар бой­ын­ша ар­тық тө­лем Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу: БСК – бюджеттік сыныптау коды; БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; МКО - мемлекеттік кірістер органы; МКОК – мемлекеттік кірістер органының коды.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 126 бұйрығына 2-қосымша Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 22-қосымша «Са­лық­тар­ды, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін тө­лем­дер­ді, өсім­пұл мен ай­ып­пұл­дар­ды есеп­ке жат­қы­зу­ды және қай­та­ру­ды жүр­гі­зу» (бұ­дан әрі – мем­ле­кет­тік қыз­мет) Мем­ле­кет­тік қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің аудан­дар, қа­ла­лар және қа­ла­лар­да­ғы аудан­дар бой­ын­ша, ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ ау­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) 1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); 2) «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сын есеп­ке жат­қы­зу көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы са­лық­тар­ды, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін тө­лем­дер­ді, ке­ден­дік тө­лем­дер­ді, өсім­пұл­дар­ды, пай­ы­здар мен ай­ып­пұл­дар­ды есеп­ке жат­қы­зу­ды және (неме­се) қай­та­ру­ды жүр­гізу­ге са­лық­тық өті­ніш­ті (бұ­дан әрі – са­лық­тық өті­ніш) және құ­жат­тар­ды ұсын­ған күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды; са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың қа­те тө­лен­ген со­ма­сын есеп­ке жат­қы­зу, қай­та­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қа­те со­ма­лар бой­ын­ша са­лық­тық өті­ніш­ті және осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсын­ған күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді; са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы са­лық­тық өті­ніш­ті және құ­жат­тар­ды бер­ген күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді; са­лық са­лу, зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры са­ла­сын­да­ғы құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша заң­сыз са­лын­ған ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын оны жою неме­се мөл­ше­рін азай­ту сал­да­ры­нан, сон­дай-ақ ар­тық тө­лен­ген со­ма­ны қай­та­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы са­лық­тық өті­ніш­ті және құ­жат­тар­ды та­быс ет­кен күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді; сот ше­ші­мі бой­ын­ша элек­трон­дық аук­ци­он­дар қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның кү­шін жою нәти­же­сін­де са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру, қай­та­ру­ға өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді; мем­ле­кет­тік баж­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру, қай­та­ру­ға ар­нал­ған са­лық­тық өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі: са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­ла­рын есеп­ке жат­қы­зу; қа­те тө­лен­ген со­ма­ны бюд­жет­тік сы­нып­та­ма­ның ти­іс­ті коды­на және (неме­се) ти­іс­ті мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­на есеп­ке жат­қы­зу; са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің және өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сын, сон­дай-ақ са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің қа­те тө­лен­ген со­ма­ла­рын са­лық тө­ле­у­ші­нің банк шо­ты­на қай­та­ру; са­лық са­лу, зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры са­ла­сын­да­ғы құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша заң­сыз са­лын­ған ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын, оны жою неме­се мөл­ше­рін азай­ту сал­да­ры­нан са­лық тө­ле­у­ші­нің банк шо­ты­на қай­та­ру; сот ше­ші­мі бой­ын­ша элек­трон­дық аук­ци­он­дар қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның кү­шін жою нәти­же­сін­де са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын са­лық тө­ле­у­ші­нің банк шо­ты­на қай­та­ру; мем­ле­кет­тік баж­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сын оны тө­леу ор­ны бой­ын­ша бюд­жет­тік сы­нып­та­ма­ның ти­іс­ті коды­нан са­лық тө­ле­у­ші­нің банк шо­ты­на қай­та­ру; қа­те­ні рас­та­мау ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма -мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны ауда­ру ке­зін­де қа­те­лер­дің бар-жо­ғын рас­та­ма­ған жағ­дай­да; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік баж со­ма­сын қай­та­ру­ды жү­зе­ге асыр­ған­нан кей­ін – са­лық тө­ле­у­ші­ге және (неме­се) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ге сот ше­ші­мі­нің орын­да­луы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің дәлел­ді жа­у­а­бы бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де. Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­ле оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді. 6 Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ал­дын ала жа­зы­лу та­лап етіл­мей­ді, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту көз­дел­ме­ген; 2) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ҚР Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); 3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бін­де, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу ор­ны бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді, пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті брон­дау мүм­кін­ді­гі бар. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) са­лық­тық өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық­қа 15-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­лық­тық өті­ніш; 2) са­лық са­лу, зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры са­ла­сын­да­ғы құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша заң­сыз са­лын­ған ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру үшін – ай­ып­пұл­дың заң­сыз са­лы­нуы сал­да­ры­нан оның кү­шін жо­ю­ды неме­се мөл­ше­рін азай­ту­ды көз­дей­тін заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі неме­се жо­ға­ры тұр­ған уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның (ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның) ше­ші­мі; 3) бюд­жет­ке тө­лен­ген тір­кеу үшін алым со­ма­ла­рын қай­та­ру неме­се есеп­ке жат­қы­зу үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жа­са­у­ға құ­жат­тар­ды та­быс ет­пе­ге­нін рас­тай­тын ти­іс­ті тір­ке­у­ші ор­ган бер­ген құ­жат; 4) ор­ман­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы­ның тө­лен­ген со­ма­ла­рын қай­та­ру неме­се есеп­ке жат­қы­зу үшін – ор­ман­ды пай­да­ла­ну­ға ор­ман би­ле­тін, ағаш ке­су би­ле­тін пай­да­лан­ба­ғанды­ғын рас­тай­тын мем­ле­кет­тік ор­ман ие­ле­рі бер­ген құ­жат; 5) бюд­жет­ке тө­лен­ген мем­ле­кет­тік баж со­ма­сын қай­та­ру үшін – оны қай­та­ру үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын ти­іс­ті ор­ган­ның құ­жа­ты; 6) оның пай­да­сы­на іс бой­ын­ша та­рап бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ден мем­ле­кет­тік баж­ды өтеу ту­ра­лы сот­тың ше­ші­мі шық­қан, мем­ле­кет­тік баж со­ма­сын тө­ле­у­ші­ге қай­та­ру үшін – заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі; 7) сот ше­ші­мі бой­ын­ша элек­трон­дық аук­ци­он­дар қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның кү­шін жою нәти­же­сін­де са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру үшін – са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты және заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі. Құ­жат­тар­ды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы қа­был­да­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді. Пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де: 1) са­лық­тық өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық­қа 15-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша элек­трон­ды құ­жат ны­са­нын­да­ғы са­лық­тық өті­ніш; 2) са­лық са­лу, зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры са­ла­сын­да­ғы құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша заң­сыз са­лын­ған ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру үшін – ай­ып­пұл­дың заң­сыз са­лы­нуы сал­да­ры­нан оның кү­шін жо­ю­ды неме­се мөл­ше­рін азай­ту­ды көз­дей­тін заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің неме­се жо­ға­ры тұр­ған уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның (ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның) ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) бюд­жет­ке тө­лен­ген тір­кеу үшін алым со­ма­ла­рын қай­та­ру неме­се есеп­ке жат­қы­зу үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жа­са­у­ға құ­жат­тар­ды та­быс ет­пе­ге­нін рас­тай­тын ти­іс­ті тір­ке­у­ші ор­ган бер­ген құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) ор­ман­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы­ның тө­лен­ген со­ма­ла­рын қай­та­ру неме­се есеп­ке жат­қы­зу үшін – ор­ман­ды пай­да­ла­ну­ға ор­ман би­ле­тін, ағаш ке­су би­ле­тін пай­да­лан­ба­ғанды­ғын рас­тай­тын мем­ле­кет­тік ор­ман ие­ле­рі бер­ген құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 5) бюд­жет­ке тө­лен­ген мем­ле­кет­тік баж со­ма­сын қай­та­ру үшін – оны қай­та­ру үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын ти­іс­ті ор­ган құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 6) оның пай­да­сы­на іс бой­ын­ша та­рап бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ден мем­ле­кет­тік баж­ды өтеу ту­ра­лы сот­тың ше­ші­мі шық­қан, мем­ле­кет­тік баж со­ма­сын тө­ле­у­ші­ге қай­та­ру үшін – бюд­жет­ке мем­ле­кет­тік баж со­ма­сы­ның тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты мен заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 7) сот ше­ші­мі бой­ын­ша элек­трон­дық аук­ци­он­дар қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның кү­шін жою нәти­же­сін­де са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын қай­та­ру үшін – са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың және ай­ып­пұл­дың тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты және заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді. Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін жол­дан­ған сұ­ра­удың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы кү­ні және уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді. Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ал­ған жағ­дай­да, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сі­мін бе­ре­ді. Са­лық­тық өті­ніш көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: 1) са­лық­тар­дың, тө­лем­дер­дің, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін тө­лем­дер мен өсім­пұл­дар­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­ла­рын қай­та­ру, есеп­ке жат­қы­зу­ды жүр­гі­зу үшін – са­лық тө­ле­у­ші­нің же­ке шо­ты бой­ын­ша ар­тық тө­лен­ген со­ма есеп­тел­ген бол­са; 2) са­лық­тар­дың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін тө­лем­дер­дің қа­те тө­лен­ген со­ма­ла­рын есеп­ке жат­қы­зу, қай­та­ру үшін – са­лық­тар­ды, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін тө­лем­дер­ді қа­те тө­лен­ген со­ма­сы бол­са; 3) са­лық са­лу, зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы, мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры са­ла­сын­да­ғы құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша заң­сыз са­лын­ған ай­ып­пұл­дың тө­лен­ген со­ма­сын, сон­дай-ақ ар­тық тө­лен­ген со­ма­ны қай­та­ру үшін – қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын ай­ып­пұл со­ма­сы же­ке шот бой­ын­ша есеп­те­ле­тін ай­ып­пұл со­ма­сы бол­са ұсы­ны­ла­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де бас тар­ту үшін: 1) есеп­ке жат­қы­зу: заң­ды тұл­ға мен оның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ара­сын­да­ғы есеп­ке жат­қы­зу­дан бас­қа, са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген (өн­ді­ріп алын­ған) со­ма­сы бас­қа са­лық тө­ле­у­ші­нің са­лық­тық бе­ре­ше­гін өтеу есе­біне; мем­ле­кет­тік баж­дың тө­лен­ген со­ма­сы; 2) есеп­ке жат­қы­зу және қай­та­ру: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы бой­ын­ша ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жүр­ге­ні үшін алым­ның, кон­сул­дық алым­ның, мы­на­лар үшін: жер учас­ке­ле­рін пай­да­лан­ға­ны, пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға неме­се өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зия негі­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тің жер қой­на­уы учас­ке­сін бер­ге­ні, жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­лан­ға­ны, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы­ның тө­лен­ген со­ма­сы, осын­дай со­ма­лар­дың қа­те тө­лен­ген жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да; есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­ры­мен таң­ба­ла­ну­ға жа­та­тын ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар үшін ак­ц­и­з­дер­дің ар­тық тө­лен­ген со­ма­сы, са­лық тө­ле­у­ші­нің осын­дай та­у­ар­лар­ды өн­ді­ру жө­нін­де­гі қыз­ме­тін тоқ­та­ту және бұ­рын алын­ған есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­на қай­та­ру жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да; ар­тық тө­лен­ген (өн­ді­ріп алын­ған) са­лық, жер учас­ке­ле­рін пай­да­лан­ға­ны, жер үсті көз­де­рін­де­гі су ре­сур­ста­рын пай­да­лан­ға­ны, қор­ша­ған ор­та­ға те­ріс әсер үшін тө­лем со­ма­сы – осын­дай са­лық­тар, тө­лем­дер бой­ын­ша са­лық есеп­ті­лі­гін та­быс ету мер­зі­мі оны та­быс ету кү­ніне дей­ін ұзар­ты­л­ған жағ­дай­да; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген аук­ци­он­ды өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­рын бұзуға бай­ла­ны­сты аук­ци­он же­ңім­па­зын анық­та­у­ға әсер ет­кен осы аук­ци­он­ды жа­рам­сыз деп та­ну жағ­дай­ын қо­с­па­ған­да, қол қой­ы­л­ған бо­ну­стың тө­лен­ген со­ма­сы; та­лап қою мер­зі­мі­нің өтуі; са­лық­тың, бюд­жет­ке тө­ле­не­тін төлем­нің, өсім­пұл­дың ар­тық тө­лен­ген со­ма­сы­ның бол­мауы негіз бо­лып та­бы­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ныс мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның жұ­мыс­ке­рі және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді.