О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 306 «Об утверждении Правил ведения лицевых счетов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында: 174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «174. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы фактісі расталған кезде артық төленген соманы қайтару бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан алынған төлем құжаттарының деректері негізінде жүзеге асырылады.»; 205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «205. Салық тексеруі актісіне есепке жатқызылатын ҚҚС-тың бюджеттен қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі актіге қорытындыға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы ОБДО АЖ-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы құжатты есептер сальдосы бойынша есепті қалыптастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.