О внесении изменения в решение маслихата города Петропавловска от 27 августа 2018 года № 4 «Об утверждении нормы образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешіміне (2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4915 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 2 шешiмiне қосымша Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешiмiне 1-қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер Есептік бірлік 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 1 Жайлы үйлер 1 тұрғын 2,07 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2,2 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 0,8 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,2 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,2 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,4 6 Емханалар 1 келіп кету 0,5 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 3,7 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,2 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,3 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары 1 отыратын орын 0,4 11 Мұражайлар, көрмелер жалпы алаңы 1 м2 0,03 12 Стадиондар, спорт алаңдары жоба бойынша 1 орын 0,004 13 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңы 1 м2 0,009 14 Азық-түлік дүкендері, өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 0,6 15 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 0 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер сауда алаңы 1 м2 0,8 17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м2 0,1 18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м2 0,02 19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету жалпы алаңы 1 м2 0,8 20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар жалпы алаңы 1 м2 0,9 21 Жағажайлар жалпы алаңы 1 м2 0,1 22 Дәріханалар сауда алаңы 1 м2 0,02 23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар 1 машина-орны 3,4 24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 5,4 25 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0 26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,2 27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі жалпы алаңы 1 м2 0,1 28 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары жалпы алаңы 1 м2 0,1 29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 2,1 30 Моншалар, сауналар жалпы алаңы 1 м2 0,1 31 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 35,9 32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 0 * Ескертпе: м2 - шаршы метр м3 - текше метр.