О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 47 «Об утверждении Правил и сроков представления банками сведений о наличии систем управления информационной безопасностью, а также о соблюдении требований к обеспечению информационной безопасности в Национальный координационный центр информационной безопасности» Күшін жойған
Басқа 0
«Банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16834 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.».
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2021 жылғы «__» __________