О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 ноября 2018 года № 477 «О некоторых мерах по реализации Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 159-1), 159-2), 159-3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы құралдары және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 13 тамызы № 252 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына 1-қосымша Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Кредит беру/микрокредит беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты шеңберінде әзірленді және шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит беру/микрокредит беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру) өнімін өндіруде, өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО) – ауыл шаруашылы саласындағы функцияларды іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүргізуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 5
5) бастапқы бизнес (стартап жоба) – кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкердің мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан кем «Еңбек» бағдарламасы қатысушыларының бизнес-жобалары;
Тармақша 6
6) жас отбасы – ерлі-зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы;
Тармақша 7
7) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 8
8) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер – кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан артық кәсіпкер;
Тармақша 9
9) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 10
10) зәкірлік кооперация – шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімін өсіру және оны кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен жасаған азаматтық-құқықтық шарттың қолданыс мерзіміне қарамастан соның негізіндегі әріптестік;
Тармақша 11
11) қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП);
Тармақша 12
12) кепілгер – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ);
Тармақша 13
13) кепілдік – кепілгердің қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитордың алдындағы ішінара ынтымақтастық жауапкершілігін растайтын құжат;
Тармақша 14
14) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
Тармақша 15
15) кредитор – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ), микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ), кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КC);
Тармақша 16
16) кредит/микрокредит – кредитор Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит/микрокредит/ жаңартылмайтын кредиттік желі беру туралы шарт бойынша Қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
Тармақша 17
17) кредиттік серіктестік – қатысушыларын кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банктік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін олардың ақшасын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған заңды тұлға;
Тармақша 18
18) микрокредит беру ұйымы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы;
Тармақша 19
19) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Микроқаржы ұйымдары туралы заң) рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 20
20) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе біліктілігі төмен жұмыс істейтіндер;
Тармақша 21
21) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды Кредиторнің (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес жасайтын адам;
Тармақша 22
22) үміткер – жұмыссыз адам, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарындағы адам, NEET санатындағы жастар, табысы аз және/немесе көп балалы отбасы мүшесі, еңбекке қабілетті мүгедек, ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, қызмет мерзіміне қарамастан, зәкірлік кооперацияға қатысушылар;
Тармақша 23
23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың белсенді шараларын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру мақсатында құрылатын заңды тұлға;
Тармақша 24
24) шағын қала – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына 2-қосымшаға сәйкес халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;
Тармақша 25
25) шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушы) – ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперация қатысушылары;
Тармақша 26
26) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиторға кредит/микрокредит/кепілдік алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын жиырма тоғыз жасқа дейінгі (қоса алғанда) дара кәсіпкер;
Тармақша 27
27) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер;
Тармақша 28
28) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар.
Тарау 2. 2-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру шарттары
2-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру шарттары
Тармақ 3
3. Кредиттер/микрокредиттер микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған/ жаңадан бастаған жас және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражатынан зәкірлік кооперацияға қатысушылардың қызметін дамыту үшін ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын қатысушыларға беріледі. Қатысушыларға кредит беру/микрокредит беру мақсатында ЖАО-ға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:
Тармақша 1
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық 0,01 пайыз (бұдан әрі – %) сыйақы мөлшерлемесімен 7 (жеті) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірін) құрайды;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған сәттен бастап есептеледі.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО микрокредит беру ұйымына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын береді және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай талаптармен бюджеттік кредит шарттарын жасасады:
Тармақша 1
1) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылдан аспайды;
Тармақша 2
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01% (нөл бүтін жүзден бір);
Тармақша 3
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ үшін – 12 (он екі) ай;
Тармақша 4
4) «АШҚҚҚ» АҚ үшін нысаналы мақсаты – «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымы үшін – «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ-ны/КС-ны қорландыру.
Тармақ 5
5. Микрокредит беру ұйымы МҚҰ-ға/КС-ға қарыз береді, азаматтық заңнамаға сәйкес МҚҰ-мен/КС-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:
Тармақша 1
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану шарттарында жүзеге асырылады (қаржылық-орнықты микроқаржы ұйымдарын, кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты қамтамасыз етумен беріледі);
Тармақша 2
2) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 3
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ үшін жылдық 2 (екі) %-ға дейін;
Тармақша 4
4) игеру кезеңі – шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредиттік келісім жасалған күннен бастап он екі ай, бірақ келесі қаржы жылының 1 наурызынан асырмай;
Тармақша 5
5) нысаналы мақсаты – «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру. Микрокредит беру ұйымдарына /кредиторға негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Тармақ 6
6. ЖАО ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда кредит беруді/микрокредит беруді ұйымдастыру үшін ЖАО-ға берілген бюджеттік кредит қаражаты көлемін одан әрі кредит беру/микрокредит беру үшін «АШҚҚҚ» АҚ және микрокредит беру ұйымы арасында бөлу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады. ЖАО-ның бюджеттік кредит қаражаты көлемін бөлу жөніндегі ұсыныстары «АШҚҚҚ» АҚ-мен және микрокредит беру ұйымымен келісіледі. Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ-ның қатысуы, сондай-ақ бөлінген сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 7
7. Кредиттер/микрокредиттер Қатысушыларға мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, нысаналы пайдалану қағидаттары сақтала отырып, мынадай шаттармен беріледі:
Тармақша 1
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 2
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ге дейін;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 (алты) %-дан аспайды;
Тармақша 4
4) кредитордың шешімі бойынша қатысушыға негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша кредит беру/микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын жеңілдікті кезең беріледі;
Тармақша 5
5) кредит/микрокредит алу үшін қатысушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған/жаңадан бастаған жас және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығының кредиторға жолдамасының болуы міндетті шарттар болып табылады;
Тармақша 6
6) қарыздардың мерзімдері мен сомалары осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қатысушы қызметінің бағытына сәйкес айқындалады;
Тармақша 7
7) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда кредитор мен қатысушы арасында кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Кредиторға қатысушылардың кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алуына тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ-ны қоспағанда, микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісіледі.
Тармақ 9
9. Кредитор «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен, аудандар мен шағын қалалардың мамандану карталарында көрсетілген басым қызмет түрлері бойынша «Еңбек» бағдарламасының шарттарында, келесі қаржылық жыл аяқталғанға дейін және ЖАО-мен жасалған қаражат тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге соңғы қарыз алушыларға қайта кредит /микрокредит беруді жүзеге асырады. Аталған қаражат көрсетілген мерзімдер өткенге дейін игерілмеген жағдайда микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Кредитор соңғы қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
Тармақ 11
11. Кредиторлар ЖАО-мен жасалатын бюджеттік кредит шарты сомасының кемінде 20 (жиырма) %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға бағыттайды.
Тармақ 12
12. Микробизнес ашуға арналған кредиттер/микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не кредит/микрокредит алу үшін жүгінген күннің алдындағы сертификат алған күннен бастап соңғы отыз алты ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаты болған жағдайда беріледі. Жамбыл облысы халқының кірістерін арттыру жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, кредиттер/микрокредиттер алуға «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Қатысушылар басым құқыққа ие болады. Жамбыл облысы халқының кірістерін арттыру жөніндегі жоба шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе ЖАО айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі. Қатысушыларға кредит беру/микрокредит беру үшін Жамбыл облысы халқының кірістерін арттыру жөніндегі жоба шеңберінде ЖАО беретін бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:
Тармақша 1
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне микрокредит беру;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінің 1/3 аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған сәттен бастап есептеледі. Жамбыл облысы халқының кірістерін арттыру жөніндегі жоба шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне – қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру шарттары:
Тармақша 1
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 2
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі бүтін оннан бес) %-дан аспайды;
Тармақша 4
4) кепілмен қамтамасыз ету. Кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі, бюджеттік кредиттің негізгі шарттары, қарыз алушыны кредитпен қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың санаты, қарыздардың мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен белгіленеді және бюджеттік кредит шартында көрсетіледі. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік өнімінің «Еңбек» бағдарламасының талаптары мен шарттарына сәйкес болуы қамтамасыз етіледі. Қарыз алушыларды сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес айқындайды. Сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) қатысушылардың кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қатысушылардың кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшерін кредитормен алдын ала жазбаша келіседі. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлемінің мөлшері тапсырма шартында белгіленеді. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың тапсырма шартында белгіленген нысанға сәйкес нысаналы пайдаланылуы бойынша ақпарат (электрондық түрде портал арқылы/қолма-қол) ұсынады.
Тармақ 13
13. Кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кемінде 3 (үш) жыл болатын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орны құрылған жағдайда беріледі.
Тармақ 14
14. Кредиттер/микрокредиттер аудандардың және шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобалар бойынша басым тәртіппен беріледі, оның ішінде: кредитор қарыз сомасының 80 (сексен) %-ын аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарында көрсетілген басым қызмет түрлеріне сәйкес кредиттер/микрокредиттер беруге жібереді; кредитор қарыз сомасының 20 (жиырма) %-ын басым қызмет түрлеріне қарамастан, кредиттер/микрокредиттер беруге жібереді. Облыстық деңгейдегі ЖАО «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – ӨКП) бірлесіп, аудандардың және шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте, аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оны облыс әкімінің ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Аудандардың, шағын қалалардың мамандандыру картасы кредиторға/кепілгерге беріледі. Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде жүргізілетін маркетингтік талдау негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (cкрининг әдісі бойынша) қаржылық емес қолдау операторы – «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін бұрын бекітілген аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталары қолданылады.
Тармақ 15
15. Кредиттер/микрокредиттер:
Тармақша 1
1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалған орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;
Тармақша 2
2) осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының 2 және 3-тарауларына сәйкес келмейтіндерге;
Тармақша 3
3) мұндай жер учаскелерінің/тұрғын жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсатын қатысушы кредит/микрокредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы қарыздарды өтеуге, акцизге жатқызылған өнім өндіруге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес);
Тармақша 4
4) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері барларға (10 (он) АЕК-ден аспайтын мөлшердегі жалпы берешекке жол беріледі) берілмейді. Берешегінің жоқтығы кәсіпкерлік субъектілеріне қаржыландыруға өтінім беру күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей электрондық сервистер (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы немесе «салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы) арқылы ұсынылған мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің электрондық нысанымен расталады.
Тармақ 16
16. Табысы аз және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелеріне кредит/микрокредит беру шарттары:
Тармақша 1
1) кредит/микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 2
2) қамтамасыз етудің болуына қарай кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 (төрт) %-дан аспайды;
Тармақша 4
4) кредиторға қатысушылардың кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қатысушылардың кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алуға рұқсат етілмейді, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ-ны қоспағанда, микрокредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісіледі;
Тармақша 5
5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бір) бөлігінен аспайтын мерзімге сыйақы алу мүмкіндігі. Табысы аз және/немесе көп балалы отбасылар мәртебесін кредитор мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттар/ақпараттар негізінде анықтай алады. Табысы аз отбасының мәртебесі атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесімен расталуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру тәртібі
3-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру тәртібі
Тармақ 17
17. Кредиттер/микрокредиттер алу үшін үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу және қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келу тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары және ӨКП-нің аудандық филиалдары есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымдары мен «АШҚҚҚ» АҚ-ға есепті айда берілген бағыттар мен кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткені туралы сертификаттар бойынша ақпарат береді.
Тармақ 18
18. Микробизнес ашуды жоспарлап отырған, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға жіберіледі.
Тармақ 19
19. Кредит/микрокредит алу үшін үміткерлер осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесімен кредиторға жүгінеді.
Тармақ 20
20. Кредитор қатысушыдан кредит/микрокредит алу үшін Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесін алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның толықтығын, сондай-ақ кредитордың кредиттік өнімінің шарттарына сәйкестігін тексереді.
Тармақ 21
21. Құжаттар/мәліметтер топтамасы толық болмаған және/немесе өтініш кредитордың кредиттік өнімдерінің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, кредитор осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының 20-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы бар өтінішті қайтару себептерін жазбаша түрде көрсете отырып, хатпен кері қайтарады. Қатысушы қайтару себептерін жойған жағдайда, осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесін қайта енгізеді.
Тармақ 22
22. Кредитор қатысушыдан құжаттардың/мәліметтердің толық топтамасы бар өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының шарттарына сәйкес кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Кредитор қатысушымен кредит/микрокредит беру туралы шартқа қол қоюды жүзеге асырады және кредит/микрокредит беруді жүзеге асырып, кейіннен кредиттің/микрокредиттің нысаналы пайдаланылуы мен уақтылы өтелуін мониторингтейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мониторинг
4-тарау. Мониторинг
Тармақ 24
24. Қатысушы кредит/микрокредит алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде растайтын құжаттарды/мәліметтерді қоса бере отырып, кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылғанын растайды. Жаңа жұмыс орнының құрылғаны кредит/микрокредит алған күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жасалған еңбек шартымен расталады.
Тармақ 25
25. Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгерту немесе кредиттің/микрокредиттің мақсаты пайдаланылғанын растау мерзімін ұзарту /оны игеру мерзімін ұзарту кредитордың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Егер қатысушы осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының 24-тармағында көрсетілген мерзім ішінде мақсатты пайдаланылғанын және жұмыс орындарының құрылғанын растамаса, қатысушы мен кредитор арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде қатысушы айыппұл төлейді және алынған қаражатты толық көлемде кредиторға қайтарады.
Тармақ 27
27. Кредитор ішкі құжаттарға және қарыз алушылармен жасалған шарт талаптарына сәйкес қатысушы кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылғанын толық растағанға дейін қаржыландырылған жобалардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 28
28. МҚҰ/КС ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-іне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді. Микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-іне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 29
29. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО кредиторлардың қаражатты уақтылы игеруіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ-ның есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға және уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді, жарты жылдың және есепті жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде береді. Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның ақпараты негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді.
Тармақ 30
30. Кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері бойынша МҚҰ/КС есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есепті береді.
Тармақ 31
31. Микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ ауыл шаруашылығы мәселелері және халықты жұмыспен қамту жөніндегі ЖАО-ға (портал арқылы электрондық түрде /қолмен) ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 3-іне дейінгі мерзімде осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты, сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейінгі мерзімде осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынады.
Басқа 1.1. Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 1-қосымша Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі р/с№ Құжаттың атауы Құжат/мәлімет түрі жеке тұлғалар үшін: 1 Кредит/микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш Түпнұсқа*/ электрондық құжат 2 Жеке басын куәландыратын құжат көшірме** / құжаттың электрондық көшірмесі/ мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 3 Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға өзі туралы ақпараттың берілуіне, сондай-ақ кредиттік есеп алушыға кредиттік есептің берілуіне келісімі түпнұсқа*/ электрондық құжат 4 Субъектінің берілген кредит/микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына және оның еншілес ұйымдарына беруге және олардан алуға келісімі түпнұсқа*/ электрондық құжат 5 Бизнес-жоспар қарыз алушы қол қойған түпнұсқа / электрондық құжат 6 Шаруа қожалығының/ фермерлік шаруашылықтың уәкілетті органының кредит/микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі түпнұсқа (кредит/микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі)/ электрондық құжат 7 Қызмет көрсететін банктен шоттың бар-жоғы туралы анықтамалар түпнұсқа (кредит/микрокредит мақұлдағаннан кейін)/электрондық құжат 8 Қаржы ұйымдарынан несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар-жоғы туралы анықтамалар (кредиттері бар болса) түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті адам түпнұсқасымен салыстырып тексерген көшірмеге рұқсат етіледі)/кредиттік бюролардан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 9 Қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) жалақысын және/немесе өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) түпнұсқа (бар болса)/мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 10 Бағалау туралы есеп түпнұсқа*/электрондық құжат 11 Кепіл беруші мен кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар көшірме**/мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық мәліметтер 12 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) сертификаты (тек «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысушылар үшін) түпнұсқа*/«Атамекен» ҚР ҰКП дерекқорларынан алынған электрондық мәліметтер 13 Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткені туралы сертификат (тек ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін) көшірме**/«Атамекен» ҚР ҰКП дерекқорларынан алынған электрондық мәліметтер 14 Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы (үміткердің мәртебесін/ санатын көрсете отырып) түпнұсқа/электрондық құжат/мемлекеттік дерекқордан алынған мәліметтер заңды тұлғалар үшін: 1 Кредит/микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш түпнұсқа*/электрондық құжат 2 Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға өзі туралы ақпараттың берілуіне, сондай-ақ кредиттік есеп алушыға кредиттік есептің берілуіне келісімі түпнұсқа*/электрондық құжат 3 Субъектінің берілген кредит/микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына және оның еншілес ұйымдарына беруге және олардан алуға келісімі түпнұсқа/электрондық құжат 4 Құрылтай құжаттары және бірінші басшылардың құжаттары (жарғы/құрылтай шарты, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, бірінші басшыны сайлау туралы құжаттар, бірінші басшының жеке басын растайтын құжат) түпнұсқа/электрондыққұжат 5 Қол қою үлгілері бар құжат уәкілетті тұлғалардың қолдарының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылған түпнұсқа 6 Қаржы ұйымынан несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар-жоғы туралы анықтамалар (кредиттері бар болса) түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті адам түпнұсқасымен салыстырып тексерген көшірмеге рұқсат етіледі)/ кредиттік бюролардан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 7 Бизнес-жоспар қарыз алушы қол қойған түпнұсқа/ электрондық құжат 8 Кепіл беруші мен кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар түпнұсқа/ мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық мәліметтер 9 «Атамекен» ҚР ҰКП сертификаты (тек «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысушылар үшін) түпнұсқа/«Атамекен» ҚР ҰКП-дан алынған электрондық мәліметтер Ескертпе: * кредитордың қатысуымен толтырылады; ** құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен салыстырып тексеріледі.
Басқа 1.2. 20__ жылғы «____» _____________ жағдай бойынша берілген кредиттер/микрокредиттер жөніндегі ақпарат
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 2-қосымша Нысан 20__ жылғы «____» _____________ жағдай бойынша берілген кредиттер/микрокредиттер жөніндегі ақпарат р/с№ Іс­ке асы­ру ор­ны (аудан, қа­ла) Қарыз алушы­ның ата­уы оның ішін­де кре­дит­тер/мик­ро­кре­дит­тер/тран­штар са­ны Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ны­са­на­лы мақ­са­ты Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің бе­рі­л­ген кү­ні Кре­дит бе­ру/мик­ро­кре­дит бе­ру мер­зі­мі,ай­лар Кре­дит/мик­ро­кре­дит со­ма­сы, тең­ге Сый­а­қы мөл­шер ле­ме­сі Эко­но­ми­ка са­ла­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Жиы­ны: кестенің жалғасы Кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт Биз­нес ашу­ға/биз­не­сті ке­ңей­ту­ге Ба­стап­қы биз­неске (стар­тап жо­ба­лар­ға) Ке­піл­дік со­ма­сы (бар бол­са) Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны нө­мір Кү­ні 11 12 13 14 15 16 Лауазымды адам _______________ _______________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жауапты жұмыскер ______________ _______________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 1.3. Кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы есеп
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 3-қосымша Нысан Кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы есеп р/с№ Кре­ди­тор­дың ата­уы Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Жо­ба­ның ата­уы Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің бе­рі­л­ген кү­ні Кре­дит бе­ру/мик­ро­кре­дит бе­ру мер­зі­мі, ай­лар Кре­дит/мик­ро­кре­дит со­ма­сы, тең­ге Кре­дит/мик­ро­кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Қарыз қа­ра­жа­ты­ның ны­са­на­лы мақ­са­ты (қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып) Қа­ра­жат­тың нақ­ты мақ­сат­ты пай­да­ла­ны­луы (қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кестенің жалғасы Іс­ке асы­ру ор­ны (аудан, қа­ла) Эко­но­ми­ка са­ла­сы Биз­не­сті ашу/биз­не­сті ке­ңей­ту Ке­піл­дік со­ма­сы (бар бол­са) Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны 12 13 14 15 16 Лауазымды адам __________ ___________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жауапты жұмыскер __________ _________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 2. Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 13 тамызы № 252 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына 2-қосымша Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты шеңберінде, сондай-ақ 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдары/ауылдық жердегі және шағын қалаларда кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібін, сондай-ақ «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру) өнімін өндіруде, өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)) – ауыл шаруашылы саласындағы функцияларды іске асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 4
4) жеке кабинет – пайдаланушының (микрокредит беру ұйымының, микроқаржы ұйымының, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)) веб-порталдағы жеке веб-парақшасы;
Тармақша 5
5) жеке шот – комиссия алуға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған жазбалардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 7
7) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер – кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан артық кәсіпкер;
Тармақша 8
8) зәкірлік кооперация – шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімін өсіру және оны кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен жасаған азаматтық-құқықтық шарттың қолданыс мерзіміне қарамастан соның негізіндегі әріптестік;
Тармақша 9
9) шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушы) – ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперация қатысушылары;
Тармақша 10
10) кепілгер – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ-сы);
Тармақша 11
11)кепілдік – кепілгердің қарыз алушының міндеттемелері бойынша микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік алдындағы ішінара ынтымақтастық жауапкершілігін растайтын құжат;
Тармақша 12
12) кепілдік беру – кәсіпкерлердің микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік алдындағы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін негізгі борыш сомасы шегіндегі ішінара ынтымақтастық жауапкершілік шарттарында орындауын қамтамасыз етуде кепілгерлік беруді көздейтін мемлекеттік қолдау нысаны;
Тармақша 13
13) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
Тармақша 14
14) комиссия алуға арналған өтінім – кредиттер/микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер үшін комиссия төлеуге арналған электрондық өтінім;
Тармақша 15
15) комиссия алуға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – комиссия алуға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
Тармақша 16
16) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын тұлға;
Тармақша 17
17) кредит/микрокредит – кредитордың ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында кредит/микрокредит/ жаңартылмайтын кредиттік желі беру туралы шарт бойынша қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
Тармақша 18
18) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – қатысушыларын кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банктік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін олардың ақшасын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған заңды тұлға;
Тармақша 19
19) кредитор – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ), микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ), кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КC);
Тармақша 20
20) қаржы институттары – банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктер, кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен КС;
Тармақша 21
21) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
Тармақша 22
22) микрокредит беру ұйымы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы;
Тармақша 23
23) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, кредиттер/микрокредиттер беру қызметін, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 24
24) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге, комиссия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге арналған, «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;
Тармақша 25
25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісіне орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
Тармақша 26
26) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан кем жиырма тоғыз (қоса алғанда) жасқа дейінгі дара кәсіпкер;
Тармақша 27
27) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер;
Тармақша 28
28) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Тарау 2. 2-тарау. Кепілдік беру шарттары
2-тарау. Кепілдік беру шарттары
Тармақ 3
3. Кепілдік беру үшін қатысушылардың мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі талап етіледі:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС арқылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қорландырылатын ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қызметін кеңейтуге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашуға және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамытуға берілетін кредитке/микрокредитке мақұлдау алу;
Тармақша 2
2) кредит/микрокредит алуға жүгінген күннің алдындағы соңғы есептілік күніне салықтарды төлеу бойынша берешектерінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқтығы (10 (он) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшердегі жалпы берешекке жол беріледі), қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектерінің болмауы;
Тармақ 4
4. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кепілдендіру қатысушылары шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Тармақ 5
5. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда, кепілдік беруге қатысуға республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, облыс әкімдігі және микрокредит беру ұйымы қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде МҚҰ/КС арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлерге жол беріледі.
Тармақ 6
6. Кепілдік беруге:
Тармақша 1
1) ұйымдар мен кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;
Тармақша 2
2) мемлекеттік даму институттары тікелей берген;
Тармақша 3
3) осындай жер учаскелерінің/ жылжымайтын тұрғын үйдің нысаналы мақсатын қатысушы кредит/микрокредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскелерін (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) сатып алуға және салуға берілген;
Тармақша 4
4) тұтынушылық мақсаттарға берілген;
Тармақша 5
5) овердрафт түріндегі;
Тармақша 6
6) акцизге жатқызылған өнімді өндіруге бағытталған;
Тармақша 7
7) бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге бағытталған;
Тармақша 8
8) қатысушылардың жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды адамдардан және қатысушылардың жұмыскерлерінен қаржылай көмек алуына байланысты туындаған берешекті өтеуге арналған;
Тармақша 9
9) делдалдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге арналған;
Тармақша 10
10) бағалы қағаздарды (портфельдік инвестицияларды) сатып алуға арналған;
Тармақша 11
11) үлестес тұлғалардан (байланысты компаниялардан) негізгі құралдарды, активтерді сатып алуға арналған;
Тармақша 12
12) оффшорлық аймақтарда тіркелген (ашылған) контрагенттердің заңды мекенжайы және/немесе банктік шотының деректемелері туралы ақпарат қамтылған шарттар (келісімшарттар, келісімдер) төлеміне берілетін кредиттер/микрокредиттер жатпайды.
Тармақ 7
7. Кепілдік ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға МҚҰ/КС берген кредиттер/микрокредиттер бойынша беріледі.
Тармақ 8
8. Кепілдік беру жүзеге асырылатын МҚҰ/КС-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген және қатысушының жобасы бойынша МҚҰ/КС шешім қабылдаған күнге 6 (алты) пайыздық (бұдан әрі – %) тармаққа ұлғайған базалық сыйақы мөлшерлемесінен жоғары болмайды.
Тармақ 9
9. Кепілдік беруге жататын кредит/микрокредит сомасы 8,0 (сегіз) мың АЕК-ден аспайды.
Тармақ 10
10. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 (сексен бес) %-ынан аспайды, ал табысы аз және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері үшін кредит/микрокредит сомасының 95 (тоқсан бес) %-ынан аспайды. Кредит/микрокредит сомасының кепілдікпен қамтамасыз етілмеген қалған %-ы қатысушының және/немесе үшінші тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуі арқылы беріледі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ/КС-ға жүгінген сәтте 3 (үш) жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперация мүшелері үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50 (елу) %-ынан артық болмайды. Кредит/микрокредит сомасының кепілдікпен қамтамасыз етілмеген қалған %-ы қатысушының және/немесе үшінші тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуі арқылы беріледі.
Тармақ 12
12. Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін ол кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
Тармақ 13
13. Кепілдік шарты жасалатын кредит/микрокредит қамтамасыз етуді көрсете отырып, кредит / микрокредит беру туралы дербес шарт түрінде, оның ішінде кепілдік түрінде ресімделеді.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-дан (көрсетілетін қызметті берушіден) кредиттер/микрокредиттерді кепілдендіру үшін комиссия мөлшері кепілдік мөлшерінің 30 (отыз) %-ын құрайды және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде төленеді.
Тармақ 15
15. МҚҰ/КС-ның кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдіктер беруі мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) кепілгер төлеген МҚҰ/КС талаптарының шегі кепілгердің кепілдігімен қалыптасқан кредит портфелі көлемінің (берешек қалдығы) 10 (он) %-нан асқан кезде;
Тармақша 2
2) кредит беру/микрокредит беру ұйымы МҚҰ/КС-ны қорландыруды тоқтатқанда тоқтатыла тұрады.
Тармақ 16
16. Кепілгер іске асырылатын «Еңбек» бағдарламасының жарнамалық науқанын жүргізеді және өзінің ресми интернет-ресурсында «Еңбек» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат орналастырады.
Тармақ 17
17. Кепілгер мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жүргізілген болжамдық қаржылық талдау қорытындылары бойынша жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болғанда;
Тармақша 2
2) жоба «Еңбек» бағдарламасы шарттарына сәйкес келмегенде;
Тармақша 3
3) қатысушының және/немесе олармен үлестес заңды және/немесе жеке тұлғалардың теріс кредиттік тарихы болғанда, атап айтқанда үздіксіз 90 (тоқсан) күннен асқан мерзімі өткен берешек болғанда және/немесе соңғы 36 (отыз алты) айдағы мерзімі өткен берешекті талап ету құқығы үшінші адамдарға табысталғанда және/немесе кепілдік беруге арналған өтінімді ұсыну күніне өтелмеген мерзімі өтіп кеткен берешек бар болғанда;
Тармақша 4
4) микрокредит беру ұйымы МҚҰ/КС-ны қорландыруды тоқтатқанда кепілдік беруден бас тартады.
Тармақ 18
18. Кепілдік ішінара ынтымақтастық жауапкершілік шарттарымен кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасы шегінде беріледі.
Тармақ 19
19. Кепілгердің шешімімен кредит/микрокредит бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Қатысушылардың кепілдік беру үшін өзара іс-қимылы тәртібі
3-тарау. Қатысушылардың кепілдік беру үшін өзара іс-қимылы тәртібі
Тармақ 20
20. Қатысушы кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС-ға жүгінеді.
Тармақ 21
21. МҚҰ/КС қатысушының өтінішін қарайды және қатысушының қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда, кепілгердің кепілдігімен кредит/микрокредит беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 22
22. Оң шешім қабылданған жағдайда, МҚҰ/КС кепілгерге жүгінеді және мыналарды:
Тармақша 1
1) осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;
Тармақша 2
2) осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес қатысушының сараптамасын жүргізу үшін берілетін құжаттар тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттарды береді.
Тармақ 23
23. Кепілгер МҚҰ/КС-дан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде алған құжаттарды қарап, кепілдік беру (бермеу) туралы шешім шығарады.
Тармақ 24
24. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, кепілгер МҚҰ/КС-ға анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұранымды жолдайды. Бұл ретте кепілгердің өтінімді қарау процесі мен мерзімдері ескертулер жойылғанға және/немесе сұратылған ақпарат берілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Тармақ 25
25. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша кепілгер кредитке/микрокредитке кепілдік беру/кепілдік беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және жауабын МҚҰ/КС-ға жолдайды.
Тармақ 26
26. Кепілгер сұратылған немесе сұратылған шарттардан бөлек шарттармен кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 27
27. Кепілгердің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі болған кезде МҚҰ/КС кепілгерге қол қойылған кредит/микрокредит беру туралы шарттардың, кепіл(дер) шартының (тарының) көшірмелерін жолдайды.
Тармақ 28
28. МҚҰ/КС-дан кредит/микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшірмесі алынғаннан, кепіл ресімделгеннен кейін кепілгер МҚҰ/КС-ға жолданатын кепілдік шартын үш данада ресімдеп, қол қояды.
Тармақ 29
29. МҚҰ/КС және қатысушы кепілдік шартына қол қояды және қол қойылған шарттың бір данасын кепілгерге береді.
Тармақ 30
30. Кепілдік беру шартын ресімдеп, қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін МҚҰ/КС қатысушыға кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Қатысушыға кепілдік беру жөнінде теріс шешім қабылданған жағдайда, кепілгер МҚҰ/КС-ға бас тарту туралы жазбаша уәжді жауабын ұсынады.
Тармақ 32
32. Қатысушылар кепілдік алу үшін кепілгерге және кейіннен кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ/КС-ға жүгінген кезде «Еңбек» бағдарламасын іске асыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) кепілгер қатысушыдан осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес толық құжаттар топтамасын алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде кейін қатысушының МҚҰ/КС-да кредит/микрокредит алуы мақсатында кепілдік беруге алынған құжаттарды қарайды;
Тармақша 2
2) кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, кепілгер қатысушыға берілетін кепілдіктің шарттарын, сондай-ақ оған сәйкес келген жағдайда, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кепілдік беруге болатын МҚҰ/КС-ның кредит/микрокредит беру шарттарын көрсете отырып, кепілдік беру мүмкіндігі туралы жауап береді;
Тармақша 3
3) кепілгердің кепілдік беру туралы оң шешімі бар жауап алынған соң қатысушы МҚҰ/КС-ға кепілдікпен кредит/микрокредит алу үшін жүгінеді;
Тармақша 4
4) МҚҰ/КС «Еңбек» бағдарламасы шарттарына сәйкес қатысушының өтінішін қарайды, кепілмен кредит/микрокредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін МҚҰ/КС-ның ішкі құжаттарына сәйкес жобаға кешенді сараптама жүргізеді;
Тармақша 5
5) МҚҰ/КС: кепілгердің кепілдік беру мүмкіндігі туралы жауабында көрсетілген шарттарда кредит/микрокредит бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/КС кепілгерге қол қойылған кредит шартын/микрокредит беру шартын/кредиттік желі ашу туралы шартты және кепіл шартын (-тарын) қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін жолдайды; кепілгердің кепілдік беру мүмкіндігі туралы жауабында көрсетілген кепілдік және кредит/микрокредит беру шарттарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/КС кепілгерге қатысушының өтінімін, МҚҰ/КС-ның уәкілетті органы шешімінің көшірмелерімен қоса қабылданған шешім туралы хабарламаны мәлімет және/немесе қайта қарау үшін жолдайды. Қатысушының өтінімін одан әрі қарау тәртібі осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақша 6
6) кепілгер кепілдік шартын, кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ресімдейді және оған қол қояды, оны МҚҰ/КС-ға жолдайды;
Тармақша 7
7) МҚҰ/КС кепілдік шартына қол қояды, оған қатысушының қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын кепілгерге жолдайды;
Тармақша 8
8) кепілдік шартын ресімдеу және оған қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін, МҚҰ/КС қатысушыға кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Кепілдік шарты бойынша ақы төлеуді кепілгер МҚҰ/КС-ның кредитті/микрокредитті қайтару бойынша іс-шаралар жүргізгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, МҚҰ/КС талабы негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. МҚҰ/КС пайдасына кепілдік шарты бойынша ақы төлеуді кепілгер кредит/микрокредит бойынша мерзімінің өтуі туындаған сәттен бастап, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн өткен соң жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссия төлеу шарттары
4-тарау. Комиссия төлеу шарттары
Тармақ 35
35. Комиссия мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
Тармақша 1
1) кепілдік туралы шарт жасалғаннан кейін кепілгердің «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Кредитер/микрокредитер бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия алуға өтінім беруі;
Тармақша 2
2) комиссия көлемі тиісті айға Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асатын өтінімдер бойынша комиссия төлеу, өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) жобаларға кепілдік беруге бөлінген бюджет қаражатының жетіспеушілігі пайда болған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) микрокредит беру ұйымын және кепілгерді ағымдағы қаржы жылы жобаларға кепілдік беру тоқтатыла тұратыны туралы хабардар етеді. Комиссиялардың ұсыну процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ комиссияларды ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын комиссияларды алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде комиссия алуға арналған өтінімнің тіркелуі;
Тармақша 5
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған кепілгердің жеке шотының болуы.
Тарау 5. 5-тарау. Комиссия төлеу тәртібі
5-тарау. Комиссия төлеу тәртібі
Тармақ 36
36. Веб-портал (бұдан әрі – «жеке кабинет») арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
Тармақша 1
1) Кепілгер субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне өздігінен тіркелу үшін ЭЦҚ алады;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші), кепілгер жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Тармақ 37
37. «Жеке кабинетте» тіркелу үшін кепілгер мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және бірінші басшының жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде, кепілгер 1 (бір) жұмыс күні ішінде «жеке кабинетіне» енгізілген дербес шотының деректерін өзгертеді.
Тармақ 38
38. Комиссия алуға арналған өтінімдерді қалыптастыру және тіркеу «жеке кабинетте» мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, комиссия алуға арналған өтінім қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) комиссия алуға арналған өтінім кепілгердмен ЭЦҚ пайдалана отырып қол қоюы жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) «жеке кабинетінде» қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына қарауға комиссия алуға арналған өтінімнің келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Егер, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) төлем шоттарын қалыптастырғанға дейін тіркелген комиссия алуға арналған өтінімде деректердің сәйкессіздігі бары анықталса, кепілгер кері қайтару себебін көрсете отырып, комиссия алуға арналған өтінімді кері қайтарып алады.
Тармақ 39
39. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) жауапты орындаушысы комиссия алуға арналған өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Өздігінен тіркелу жағдайында аталған хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі кепілгердің «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Тармақ 40
40. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялау ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін комиссия төлеуге төлем шоттарын комиссия алуға өтінім берілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Тармақ 41
41. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияның аударылғаны туралы хабарлама не осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде кепілгер көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кепілгердің «жеке кабинетінде» жіберіледі.
Тармақ 42
42. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Субсидиялау мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кепілгердің шоттарына тыйым салу;
Тармақша 2
2) комиссияны алудан бас тарту туралы кепілгердің жазбаша өтініші;
Тармақша 3
3) кепілдік шартын бұзу.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 44
44. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ЖАО басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 45
45. Кепілгердің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады: ЖАО – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. ЖАО, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген кепілгерге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кепілгер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Тарау 7. 7-тарау. Мониторинг
7-тарау. Мониторинг
Тармақ 46
46. Кепілгер берілген кепілдер бойынша мынадай бағыттарда ішінара мониторинг жүргізеді:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС және/немесе қатысушы беретін деректер мен құжаттар негізінде, сондай-ақ қатысушыға өз бетімен барып алынған өзінің деректері негізінде кепілдік шарты жасасылған қатысушыны мониторингтеу;
Тармақша 2
2) МҚҰ/КС беретін деректер немесе өзге де сеніміді дереккөздер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу.
Тармақ 47
47. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілгер қатысушы мен МҚҰ/КС-дан «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде мониторинг нысанасына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, ал қатысушы мен МҚҰ/КС оларды береді. Кепілгер жобаны іске асыру орнына өзі барып, оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 48
48. Берілген кредиттің/микрокредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, «Еңбек» бағдарламасы шарттарының бұзылуы, осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында белгіленген талаптардың орындалмауы фактілері анықталған жағдайларда, кепілгер кредиттің/микрокредиттің берілген кепілдігін жояды.
Тармақ 49
49. МҚҰ/КС қатысушы жобасын іске асыру мониторингін жүзеге асырады, ол мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) ай сайын – ағымдағы мониторинг;
Тармақша 2
2) жыл сайын – МҚҰ/КС-ның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптегі және міндетті түрде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпараттан тұратын (бизнес-жоспарға сәйкес) қатысушы жобасының іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі.
Тармақ 50
50. МҚҰ/КС МҚҰ/КС қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулердің немесе тыйымдардың басталғаны, сондай-ақ меншік құқықтарының бір уақытта сатылуы немесе бір уақытта ауысуы және/немесе МҚҰ/КС акцияларының/үлестерінің 10 (он) %-нан астамын иелену және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 51
51. Осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті МҚҰ/КС кепілгерге есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнінен кешіктірмей ай сайынғы негізде жазбаша түрде ұсынады және кепілгер айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жолдайды.
Тармақ 52
52. Кепілгер МҚҰ/КС-ның есептері негізінде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-іне дейінгі мерзімде ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) береді. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) кепілгердің есептері негізінде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға ақпарат береді, жартыжылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде береді. Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) ақпараты негізінде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кепілдіктер бойынша ақпарат береді.
Басқа 2.1. Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымша Нысан «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы _______________________________ _______________________________ Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат Микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) шеңберінде 20__ жылғы _________________ мынадай шарттармен микрокредит беру туралы оң шешім қабылданғанын хабарлайды: 1 Қарыз алушының толық атауы 2 Өнімнің (қаржыландыру) түрі кредит/микрокредит 3 Кредит/микрокредит/жаңартылмайтын кредит желісінің сомасы мен валютасы 4 Кредит берудегі/микрокредит берудегі мақсат 5 Кредит/микрокредит/ жаңартылмайтын кредит желісінің мерзімі 6 Сыйақы мөлшерлемесі 7 Негізгі қарызды өтеу тәртібі мен мерзімдері 8 Сыйақыны өтеу тәртібі мен мерзімдері 9 Кредит/микрокредит/жаңартылмайтын кредит желісі бойынша қамтамасыз ету тізбесі Объектінің атауы, орналасқан жері, кепіл құны кемінде ____ теңге. Нарықтық құны ______ _____теңге; Кепілмен қамтамасыз етудің жалпы сомасының жиыны ______ теңге. 10 Кепілдік мөлшерінің есептемесі Баяндалғандардың негізінде Сізден ___ айға дейінгі мерзіммен _____________ теңге мөлшерінде кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік __________________________ _______________________________________________________________ (қолы)
Басқа 2.2. Қатысушының сараптама жүргізу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымша Қатысушының сараптама жүргізу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі р/с№ Құ­жат ата­уы Құ­жат/мә­лі­мет­тер тү­рі же­ке тұ­лға­лар үшін: 1 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш түп­нұс­ка**/элек­тро­нық құ­жат 2 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме*/ құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 3 Да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма/да­ра кә­сіп­кер ку­ә­лі­гі (егер ша­руа/ фер­мер қо­жа­лы­ғын­да, да­ра кә­сіп­кер­де бір­не­ше қа­ты­су­шы бол­са, мем­ле­кет­тік кі­рі­стер бас­қар­ма­сы­нан са­лық тө­ле­у­ші­ні бір­лес­кен кә­сіп­кер­лік ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қо­сым­ша ұсы­ны­ла­ды) кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 4 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа**/ элек­трон­дық құ­жат 5 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Қа­зА­гро» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа **/ элек­трон­дық құ­жат 6 Биз­нес-жос­пар кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 7 Ша­руа қо­жа­лы­ғы­ның/фер­мер қо­жа­лы­ғы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­піл­дік­тер­ді және кре­дит­ті/мик­ро­кре­дит­ті тар­ту, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі (егер ша­руа / фер­мер қо­жа­лы­ғы бір мү­ше­ден тұ­ра­тын бол­са та­лап етіл­мей­ді)) Бір қа­ты­су­шы­дан, да­ра кә­сіп­кер­ден тұ­ра­тын ша­руа/фер­мер қо­жа­лы­ғы үшін – мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған ке­лі­сі­мі / мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру сәт­ін­де неке қа­ты­на­ста­ры­ның жоқ­тығы ту­ра­лы өті­ніш. кө­шір­ме * (ке­піл­дік құп­тал­ған­нан кей­ін)/ элек­трон­дық құ­жат 8 Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер, мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры мен әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ (бар) екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма. кө­шір­ме */ мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 9 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі бар­лық қол­да бар шот­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. кө­шір­ме (ке­піл­дік құп­тал­ған­нан кей­ін бе­рі­ле­ді)* / элек­трон­дық құ­жат 10 Қар­жы ұй­ым­да­ры­нан кре­дит­тік есеп және несие бе­ре­ше­гі­нің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен қарыз (қол­да­ны­с­та­ғы кре­дит­тер бар бол­са) ту­ра­лы анық­та­ма­лар. кө­шір­ме */кре­дит­тік бю­ро­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 11 Қарыз алушы­ның (тең қарыз алушы­ның) ең­бе­ка­қы­сын және/неме­се өзге де кі­рі­сте­рін рас­тай­тын құ­жат - жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі (бар бол­са). кө­шір­ме * / мем­ле­кет­тік де­рекқор­ла­ры­нан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 12 «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның «Ба­стау-Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сер­ти­фи­ка­ты неме­се Кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­дан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат (тек іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер мен стар­тап жо­ба­лар үшін). кө­шір­ме */ «Ата­ме­кен» ҰКП-дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 13 Соң­ғы есеп­ті ке­зең үшін са­лық де­кла­ра­ци­я­сы (бар бол­са). кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат заң­ды тұ­лға­лар үшін: 14 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш түп­нұс­қа **/ элек­трон­дық құ­жат 15 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа **/ элек­трон­дық құ­жат 16 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/ орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Қа­зА­гро» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі. түп­нұс­қа **/ элек­трон­дық құ­жат 17 Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры және бі­рін­ші бас­шы­лар­дың құ­жат­та­ры (жар­ғы/құ­ры­л­тай шар­ты, мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма, бі­рін­ші бас­шы­ны сай­лау ту­ра­лы құ­жат­тар, бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат) кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 18 Қол қою үл­гі­ле­рі бар құ­жат. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 19 Ке­піл­дік­ті және кре­дит­ті/мик­ро­кре­дит­ті тар­ту, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған заң­ды тұл­ға­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ше­ші­мі. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 20 Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер, мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры мен әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ (бар) екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 21 Қар­жы ұй­ым­да­ры­нан кре­дит­тік есеп және несие бе­ре­ше­гі­нің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен қарыз (қол­да­ны­с­та­ғы кре­дит­тер бар бол­са) жай­ын­да анық­та­ма­лар. кө­шір­ме */ кре­дит­тік бю­ро­лар­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 22 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі бар­лық қол­да бар шот­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 23 Биз­нес-жос­пар. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 24 «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның «Ба­стау-Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сер­ти­фи­ка­ты неме­се Кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­дан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат (тек іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер мен стар­тап жо­ба­лар үшін). кө­шір­ме */ «Ата­ме­кен» ҰКП де­ректер қо­ры­нан алын­ған мә­лі­мет­тер 25 Соң­ғы есеп­ті ке­зең үшін са­лық де­кла­ра­ци­я­сы (бар бол­са). кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат МҚҰ/КС үшін: 26 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 27 қа­ра­ша­да­ғы № 477 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17812 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл­дық жер­лер­де және ша­ғын қа­ла­лар­да мик­ро­қар­жы ұй­ым­да­ры және кре­дит­тік се­рік­те­стіктер бе­ре­тін кре­дит­тер/мик­ро­кре­дит­тер бой­ын­ша ке­піл­дік бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша – бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­ды қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сін қо­са бе­ре оты­рып, ке­піл­дік со­ма­сы есе­бі­мен кре­дит бе­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы оң ше­ші­мі бар хат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 27 МҚҰ/КС уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­пі­л­гер­дің ке­піл­ді­гі­мен кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 28 Кре­дит­тік, ке­піл және заң, тәу­е­кел­дер бө­лім­ше­ле­рі­нің, МҚҰ/КС қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің (бар бол­са) са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ла­ры. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 29 Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» сай­ты­нан МҚҰ/КС бар­лық өзге­рі­сте­рі ту­ра­лы анық­та­ма кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 30 МҚҰ/КС жар­ғы­сы (өті­ніш бе­ру­ші­нің қа­ты­суын рас­тай­тын КС Жар­ғы­сы). Өті­ніш бе­ру­ші­нің КС-ға қа­ты­суын рас­тау бол­ма­ған кез­де ке­пі­л­гер ны­са­ны бой­ын­ша ке­піл­дік мін­дет­те­ме ұсы­ну кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 31 МҚҰ/КС-тің бі­рін­ші бас­шын та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ше­шім кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­ла­ры­нан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы ақ­па­рат 32 МҚҰ/КС-тің бі­рін­ші бас­шын та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 33 МҚҰ/КС-тің бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 34 МҚҰ/КС-тің бі­рін­ші бас­шы­ның қол қою үл­гі­ле­рі бар құ­жат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат * МҚҰ/КС беретін құжаттар (Қатысушылар кепілдік алу үшін кепілгерге жүгінген және кейіннен МҚҰ/КС-ге кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде құжаттардың көшірмелерін беруге рұқсат беріледі). ** Қатысушылар ұсынатын құжаттар. Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: МҚҰ – микроқаржы ұйымы; КС – кредиттік серіктестік;
Басқа 2.3. № ____ кепілдік шарты
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша Нысан № ____ кепілдік шарты _______________________ 20___ жылғы «___» __________ Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке төменде көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатын: Кепілгер___________________________ МҚҰ/КС __________________________ Қарыз алушы_______________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), МҚҰ/КС және Қарыз алушы арасында жасалған ________ ___________ № ______ Шартқа/Негіздемелік келісімге (бұдан әрі – кредит/микрокредит, кредит/микрокредит беру туралы шарт) сәйкес төмендегілер туралы осы кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Терминдер мен айқындамалар
1-тарау. Терминдер мен айқындамалар
Тармақ 1
1. Осы Шартта «Еңбек» бағдарламасында және Қағидаларда көзделген ұғымдар мен айқындамаларға сәйкес келетін айқындамалар мен ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың нысанасы
2-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 2
2. Осы Шарттың талаптарында Кепілгер Қарыз алушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуде МҚҰ/КС алдында кредит/микрокредит бойынша негізгі боыш сомасы шегінде ішінара ынтымақтастық жауапкершілік талаптарымен жауап беруге міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Кепілгер МҚҰ/КС алдында Қарыз алушының есептелген сыйақыны, өсімпұлды, айыппұлды, материалдық немесе моральдық залалды, айырылып қалған пайданы төлеу, комиссияларды және/немесе кредитті/микрокредитті берумен байланысты Қарыз алушының кез келген басқа да міндеттемелерді, оның ішінде борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында қабылдаған міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған МҚҰ-ның/КС-ның кез келген басқа да шығындарын төлеу бөлігінде кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауына жауапты болмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Кредит/микрокредит шарттары
3-тарау. Кредит/микрокредит шарттары
Тармақ 4
4. Кепілгердің кредит/микрокредит және осы Шарт бойынша МҚҰ/КС алдындағы жауапкершілігі ______________ теңге мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектелген, бұл кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасының ___ %-ын құрайды. МҚҰ/КС Кепілгерге осы Шарт бойынша талаптар қойған жағдайда, оның ішінде талап-арыз қойған жағдайда, Кепілгер МҚҰ/КС алдында осы Шарт бойынша тек кепілдік сомасы шегінде және егер МҚҰ-ның/КС-ның тиісті талабы кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын қайтаруға қатысты болса ғана жауапты болады.
Тармақ 5
5. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін біржақты тәртіппен азайтпайды. Бұл ретте, негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы кепілдік сомасының борыш сомасына пайыздық мәндегі негізгі арақатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.
Тармақ 6
6. Кепілдік Қарыз алушы кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
Тармақ 7
7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз алушыға, Кредит/микрокредит беру туралы шартқа, оның ішінде оның мазмұнына және оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ол бойынша жүзеге асырылған ақы төлеу мен төлемдер, оның ішінде мерзімі өткен берешектер туралы, өтелген сома және несиелік берешек қалдықтары туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді ұсыну құқығын МҚҰ-ға/КС-ге береді. Қарыз алушы да Кепілгерге және МҚҰ-ға/КС-ге өзі туралы дербес деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинауға және өңдеуге сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін береді (жеке тұлғалар үшін).
Тармақ 8
8. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтер ұсынуына келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының «Еңбек» бағдарламасына қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушының жобасы іске асырылатын өңір және сала, кредит сомасы және мерзімі, кепілдік сомасы, кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі. Сондай-ақ, Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялау құқығын береді.
Тармақ 9
9. Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Кредит/микрокредит беру туралы шартта Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) Кредит/микрокредит беру туралы шартқа және (немесе) Кепілдік шартына енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқасы Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануға болмайды. Осы талаптың сақталмауы кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толық немесе ішінара орындаған жағдайларда, Кепілгердің жазбаша талаптарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде МҚҰ-ның/КС-ның кепілдік бойынша алған барлық соманы Кепілгерге қайтаруы міндеттілігіне алып келеді.
Тармақ 10
10. Кредит/микрокредит беру туралы шарттағы Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қолданылатын мүлік Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз алып тасталмайды. Осы шарттың сақталмауы кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда, МҚҰ-ның/ КС-ның Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтаруы міндеттілігіне алып келеді.
Тармақ 11
11. Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда).
Тармақ 12
12. Кепілгердің кепілдік бергені үшін комиссия көзделмеген және ол Қарыз алушының төлеуіне жатпайды.
Тармақ 13
13. Кепілгердің мынадай шарттарды сақтауы кепілдік жарамдылығының міндетті шарты болып табылады:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы құжаттама жүзінде, оның ішінде қажет болған жағдайда, Кепілгердің мониторинг жүргізуі барысында, жобаны іске асыру орнына барған жағдайда растаған кредиттік құралдарды кредит/микрокредит талаптарына сәйкес мақсатты пайдалану;
Тармақша 2
2)__________________________________________________________;
Тармақша 3
3)__________________________________________________________ (осы тармақ Кепілгердің уәкілетті органының шарттарына сәйкес мәліметтермен толықтырылады).
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Кепілгер:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС талаптарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей осы Шарттың талаптарында МҚҰ/КС кепілдігі бойынша төлем жүргізуге міндетті.
Тармақ 15
15. Кепілгер:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС-дан және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелерін орындауын талап етуге;
Тармақша 2
2) МҚҰ/КС-дан Қарыз алушының кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын бақылауды және МҚҰ/КС-ның және Қарыз алушының осы Шартты және (немесе) Кредит/микрокредит беру туралы шартты орындауын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін қажетті толық және дұрыс ақпарат, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты алуға, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Кепілгер өкілдерінің МҚҰ/КС-ге баруы жолымен де ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша қаржыландырылған Қарыз алушы жобасының іске асырылу орнына баруды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) осы Шарттың талаптарына (бұдан әрі – талап) сәйкес берілген кепілдік сомасының шегінде кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы Кепілгерге қойылатын МҚҰ/КС талабын орындаудан: егер, қойылған талапта айқындалған бұзушылықтарды МҚҰ/КС жойғанға дейін мұндай талап МҚҰ/КС-ға дұрыс қойылмаса; егер, мұндай талап МҚҰ/КС-ға осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойылса, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Кепілгер жүргізген мониторинг барысында осы Шарттың 5-тарауында көрсетілген Шарт талаптарының бұзылғаны анықталса, МҚҰ/КС-ға жазбаша уәжді жауап жіберу жолымен бас тартуға;
Тармақша 5
5) Қарыз алушы борышын таныған және (немесе) Қарыз алушы МҚҰ/КС-ға өз қарсылығын білдіруден бас тартқан жағдайда да, Қарыз алушы беруі мүмкін, МҚҰ/КС талаптарына қарсылық білдіруге;
Тармақша 6
6) Қарыз алушыдан және МҚҰ/КС-дан Кепілгердің сұранымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
Тармақша 7
7) МҚҰ/КС-дан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға талап қою құқығын растайтын құжаттар мен ақпаратты ұсынуды және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шарттың 32-тармағына сәйкес беруді талап етуге;
Тармақша 8
8) Қарыз алушыдан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге кепілдік бойынша жүргізілген төлем сомасын толық көлемде өтеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС-дан тоқсан сайынғы негізде қаржылық есептілікті, МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпаратты осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес сұратуға;
Тармақша 10
10) Кепілгер МҚҰ/КС-ның осы Шартта айқындалған тәртіппен кепілдік төлемі бойынша талабын орындаған жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға тапсыруға;
Тармақша 11
11) Қарыз алушының кез келген шоттарынан осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын Қазақстан Республикасының банктік және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен акцептсіз тәртіпте алып тастауға (есептен шығаруға) не Қарыз алушының банкте ашылған банктік шоттарынан ақшаны банктік шоттарды тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға. Қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеу үшін осы Шарттың көшірмесі және Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Осы Қарыз алушының банкте ашылған шоттарын тікелей дебеттеу жолымен төлемдерді жүзеге асыруға оның келісімі болып табылады;
Тармақша 12
12) осы Шарт талаптарын тиісінше және (немесе) уақтылы орындамау фактілерін анықтаған кезде Кепілдік сомасын және (немесе) мерзімін азайтуға;
Тармақша 13
13) осы Шартта, Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
Тармақ 16
16. Қарыз алушы:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС-ға, Кепілгерге растаушы құжаттарды кредит/микрокредит алған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде бере отырып, Кредит/микрокредит беру туралы шартта белгіленген кредитті/микрокредитті нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға. Бұл ретте, кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ нысаналы мақсатының расталу мерзімін ұзарту МҚҰ/КС-мен және Кепілгермен келісім бойынша мүмкін болады;
Тармақша 2
2) МҚҰ/КС-ның және (немесе) Кепілгердің алғашқы талабы бойынша оның өкілдеріне кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарап-тексеру және (немесе) МҚҰ/КС-ға және (немесе) Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржылық-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпарат беру жолымен тексеруге мүмкіндік беруге;
Тармақша 3
3) дереу, бірақ кез келген жағдайда Кредит/микрокредит беру туралы шарттың талаптары бұзылған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кепілгерге Кредит/микрокредит беру туралы шарттың олар жол берген барлық бұзушылықтары туралы, оның ішінде кредит/микрокредитті пайдаланғаны үшін негізгі борышты және (немесе) сыйақы сомасын төлеу (қайтару) мерзімін өткізіп алғаны туралы, сондай-ақ Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;
Тармақша 4
4) МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы талаптар қойған жағдайда, өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қатысты қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;
Тармақша 5
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда, Кепілгер кепілдік бойынша жүргізген төлемдер сомасын Кепілгерге толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы бар болса) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі сомасына есептелген сыйақыны Кепілгер МҚҰ/КС-ға кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап Қарыз алушы ақшаны Кепілгерге нақты қайтарған күнге дейін МҚҰ/КС-ге кепілдік бойынша төленген сомада, Кредит/микрокредит беру туралы шартта көрсетілген мөлшерлеме бойынша төлеуге, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен байланысты Кепілгерге келтірілген өзге де шығындарды Кепілгердің талабында көрсетілген тәртіппен және мерзімде өтеуге. Осы Шартта көрсетілген Кепілгердің банктік шотына ақша аударылған күн Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтарған күні болып саналады;
Тармақша 6
6) Кепілгерден Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат ұсыну жөнінде жазбаша сұраным алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
Тармақша 7
7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҚҰ/КС-ны және Кепілгерді жазбаша түрде хабардар етуге;
Тармақша 8
8) МҚҰ/КС/Кепілгер талабы бойынша Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша алынатын мүлікті қосымша кепіл ретінде ұсынуға;
Тармақша 9
9) Кепілгердің шешімімен Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша алынатын жылжымалы мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС және Кепілгер алдында барлық өз мүлкімен жауап беруге;
Тармақша 11
11) Кепілгердің бірінші талабы бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді Кепілгерге ұсынуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне келісім беру туралы өтініш беруге: кірістер; жұмыскерлер саны; жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар; бір жұмыскерге орташа айлық жалақы; салықтық төлемдер сомасы;
Тармақша 12
12) Кепілгердің мынадай талаптарын сақтауға міндетті: ___________________________________________; ___________________________________________. Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес әр жоба үшін жеке-жеке толықтырылады.
Тармақ 17
17. МҚҰ/КС:
Тармақша 1
1) Кредит/микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға алып келмейтін) кезде дереу, бірақ Кредит/микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға. Кредит/микрокредит беру туралы шартқа Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға алып келетін өзгерістер енгізілген кезде МҚҰ/КС Кепілгерден осы өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісімін алуға. Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер Кредит/микрокредит беру туралы шартқа Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда, кепілдік тоқтатылады;
Тармақша 2
2) Кепілгерден Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беру жөнінде жазбаша сұраным алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағаны (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда да) туралы 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге жазбаша хабарлауға;
Тармақша 4
4) осы Шартта белгіленген жағдайларда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда, Кепілгерден алған бүкіл соманы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борышты өтеуге жіберуге;
Тармақша 6
6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда, осы Шарттың 32-тармағы орындалғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. МҚҰ/КС құжаттары Кепілгерге төлнұсқаларда, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, нотариалды куәландырған көшірмелер түрінде тапсырылады. Құжаттарды МҚҰ/КС-дан Кепілгерге тапсыру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қарыз алушының кредиттік дерекнамасына мониторинг жүргізу үшін қолжетімділік беруге;
Тармақша 8
8) Кепілгердің кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
Тармақша 9
9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға;
Тармақша 10
10) Кепілгерге тоқсан сайынғы негізде қаржылық есептілікті, осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес МҚҰ/КС берілген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпаратты жазбаша түрде және Кепілгер айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша есепті айдан кейінгі айдың бірінен кешіктірмей беруге;
Тармақша 11
11) Кепілгерге ай сайынғы негізде осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жобаларды іске асыру барысына ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде және қосымша Кепілгер айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына есепті айдан кейінгі айдың бірінен кешіктірмей беруге;
Тармақша 12
12) кредит/микрокредит (оның ішінде кредиттік желі шеңберінде транштар) нақты берілген, сондай-ақ өтеу шарттары өзгерген (қайта құрылымдау, мерзімін ұзарту) сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Кепілгерді берешекті өтеу графигі бар Кредит/микрокредит беру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша/электрондық почта бойынша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 18
18. МҚҰ/КС:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде талап қоюға;
Тармақша 2
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Кепілдіктерді орындау тәртібі
5-тарау. Кепілдіктерді орындау тәртібі
Тармақ 19
19. Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін үздіксіз орындамаған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн мерзімінен кешіктірмей, МҚҰ/КС бұл туралы Кепілгерді Кепілдік мөлшері есептелетін негізгі борыш бойынша берешек мөлшерін Кепілгердің белгілеуі үшін Кепілдік мөлшерінің қалдығын көрсете отырып, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға жолдаған мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде МҚҰ/КС Қарыз алушыдан және қамтамасыз ету берілген адамдардан мерзімі өткен берешекті (хабарламаларды, наразылықтарды, талаптарды жіберу, соттан тыс және сот тәртібімен өндіріп алу, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етуге және үшінші тұлғалардың кепілдіктерімен/кепілгерліктерімен (кепілдікті қоспағанда) қамтамасыз етуге арналған өндіріп алуды қолдану, Қарыз алушының шоттарына төлем талаптарын қою жолымен) алу мақсатында осы Шарттың 25-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды міндетті түрде жасай отырып, қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды қабылдайды.
Тармақ 21
21. МҚҰ/КС Кепілгерге талап қойылғанға дейін Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сомалар мынадай кезектілікке сәйкес Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі:
Тармақша 1
1) негізгі борыш бойынша берешек;
Тармақша 2
2) сыйақы бойынша берешек;
Тармақша 3
3) кредит/микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
Тармақша 4
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
Тармақша 5
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
Тармақша 6
6) кредит/микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;
Тармақша 7
7) МҚҰ-ның/КС-ның орындауды алу бойынша шығасылары. Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер бұл Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
Тармақша 1
1) негізгі борыш бойынша берешек;
Тармақша 2
2) сыйақы бойынша берешек;
Тармақша 3
3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
Тармақша 4
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
Тармақша 5
5) Кредит/микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
Тармақша 6
6) кредит/микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;
Тармақша 7
7) МҚҰ-ның/КС-ның орындауды алу бойынша шығасылары.
Тармақ 22
22. Егер, Қарыз алушы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей, Кепілгерге Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Кепілгер МҚҰ/КС берген Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы жазбаша хабарлама негізінде осы Шарттың талаптарын сақтау тұрғысынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде мониторинг жүргізеді.
Тармақ 23
23. Егер, Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге талап қояды. Осы Шарттың 20-тармағында белгіленген іс-шаралар күнтізбелік 180 күнге дейін өткізілген жағдайда, МҚҰ/КС мерзімі өткен берешекті өндіріп алу және (немесе) кепілдік мүлкін өткізу бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Кепілгерге кепілдік төлеу үшін көрсетілген мерзімнен ерте жүгінеді.
Тармақ 24
24. МҚҰ/КС талаптарында:
Тармақша 1
1) Кепілдік шартының деректемелері;
Тармақша 2
2) Кредит/микрокредит беру туралы шарттың деректемелері;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының атауы;
Тармақша 4
4) Кепілгердің кепілдік бойынша төлем сомасының есептемесі;
Тармақша 5
5) ақша аударылуы тиіс МҚҰ/КС шотының деректемелері көрсетіледі.
Тармақ 25
25. МҚҰ/КС талабына:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС жазбаша хабарлама жіберген күнге Кредит/микрокредит беру туралы шарт шеңберінде Қарыз алушының жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесін көрсете отырып, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
Тармақша 2
2) кредит берілген күннен бастап Кепілгерге талап қойылған (бар болса) күнге дейінгі кезең үшін Қарыз алушының банктік шотынан үзінді көшірме;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының кредит қаражатын алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға, кепіл берушілерге, кепілгерлерге, кепіл болушыға жіберілген мерзімі өткен берешекті Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өтеу туралы жазбаша талаптың (наразалықтың) қолма-қол табыс етілген не Кредит/микрокредит беру туралы шартта, кепіл шартында, кепілдік/кепілгерлік шартында көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолдаған көшірмесі;
Тармақша 5
5) Қарыз алушының МҚҰ/КС талабына (наразылығына) берген жауабының (бар болса) көшірмесі;
Тармақша 6
6) мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей жасалған өтеудің ағымдағы жағдайы мен перспективасын көрсете отырып, кеңейтілген мониторингтік есептің көшірмесі;
Тармақша 7
7) мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, Қарыз алушының/кепілгерлердің/кепіл болушылардың шоттарына қойылған төлем талаптарының көшірмелері (Қарыз алушының/кепілгерлердің/кепіл болушылардың акцептсіз есептен шығаруға келісімі бар болса);
Тармақша 8
8) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша соманы мерзімінен бұрын қайтару туралы мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей қойылған жазбаша талаптың (наразылықтың) қолма-қол табыс етілген не Кредит/микрокредит беру туралы шартта көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған көшірмесі;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде қабылдаған шаралар және мынадай растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қабылданған шаралар нәтижесінде алынған сомалар туралы ақпарат: тіркеуші органда тіркелген, қолма-қол табыс етілген не мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған міндеттеменің орындалмағаны туралы хабарламаның көшірмесі; тіркеуші органда тіркелген, қолма-қол табыс етілген не мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 130 (бір жүз отыз) күннен кешіктірмей хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған кепілге салынған мүлікке арналған сауда-саттық туралы хабарламаның көшірмесі; мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 150 (бір жүз елу) күннен кешіктірмей жарияланған кепілге салынған мүлікке арналған сауда-саттық туралы хабарландырудың көшірмесі; мерзімі өткен берешек пайда болған болған күннен бастап күнтізбелік 170 (бір жүз жетпіс) күннен кешіктірмей қол қойылған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі; берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің және/немесе кепілге салынған мүлікке арналған өндіріп алуды қолданудың көшірмесі; орындау парақтарының көшірмелері;
Тармақша 10
10) Кредит/микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдердің көшірмелері;
Тармақша 11
11) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы берешегін және берешекті өтеу бойынша МҚҰ/КС қабылдаған шараларды растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері. МҚҰ/КС осы тармақта көзделген құжаттарды бермеген жағдайда және/немесе Қарыз алушының МҚҰ/КС-ның іс-қимылдарына шағымдануы себебінен көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайды қоспағанда, МҚҰ/КС-ның осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімдерін бұзған жағдайда, МҚҰ/КС-ның талабы Кепілгердің орындауына жатпайды.
Тармақ 26
26. Талапта көрсетілген сома осы Шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс, бірақ осы Шарттың 4-тармағында белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аспайды.
Тармақ 27
27. МҚҰ/КС талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен жібереді.
Тармақ 28
28. Талап Кепілгерге ағымдағы жұмыс күні астана уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін қойылады. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін қойылған талап келесі жұмыс күні қойылған деп саналады.
Тармақ 29
29. МҚҰ/КС талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны МҚҰ/КС қойған талаптар туралы осы Шартта көрсетілген Қарыз алушының мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен хабарлама жіберу жолымен немесе Қарыз алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде почта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні хабарлама алынды деп саналады.
Тармақ 30
30. Кепілгер МҚҰ/КС талабын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, сондай-ақ талапқа және ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей талапта көрсетілген сома мөлшерінде МҚҰ/КС-ға төлем жүргізеді не МҚҰ/КС-ға барлық қарсылықтарын көрсетіп хат жібереді.
Тармақ 31
31. Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азаяды.
Тармақ 32
32. МҚҰ/КС кепілді қамтамасыз етуді іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөніндегі шаралардың нәтижесінде, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру жолымен МҚҰ/КС алған барлық сома Кепілгер мен МҚҰ/КС-ның арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:
Тармақша 1
1) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы негізгі борышының қалдық сомасын өтеу;
Тармақша 2
2) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;
Тармақша 3
3) Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша МҚҰ/КС алдындағы сыйақыны өтеу;
Тармақша 4
4) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша тұрақсыздық айыбы мен басқа да берешегін өтеу. Бұл ретте, ақшаны бөлу МҚҰ/КС оларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Егер, осы Шарттың 32-тармағын орындау салдарынан Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмейтін болса/толық көлемде өтелмейтін болса, МҚҰ/КС кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге МҚҰ/КС сатпаған барлық мүлікті, сондай-ақ кепілдіктер, кепілгерліктер бойынша құқықтарды және Кредит/микрокредит беру туралы шартта Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілген және Кепілгер орындаған міндеттеме көлемінде қамтамасыз етуді бере отырып, Шарт бойынша кепіл ұстаушы ретінде МҚҰ/КС-ға тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді. Осы Шарттың 32-тармағын орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МҚҰ/КС Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды: Кредит/микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін; Қамтамасыз етуді беру туралы шарттарға қосымша келісімдермен бірге олардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін; кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар мен Кепілгердің талап етуі бойынша өзге де құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.
Тарау 6. 6-тарау. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
6-тарау. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
Тармақ 34
34. Кепілдік 20__ жылғы «_____» __________ (қоса алғанда) дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 35
35. Кепілдіктің қолданылуы мынадай мән-жайлардың кез келгені орын алған кезде тоқтатылады:
Тармақша 1
1) кепілдікпен қамтамасыз етілген Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасының толық өтелуі;
Тармақша 2
2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) егер, Кепілгер жаңа борышкер үшін МҚҰ/КС алдында Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша ішінара ынтымақтастық жауапкершілік алуға келісімін бермесе, кепілдікпен қамтамасыз етілген Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша борыштың өзге адамға ауысуы;
Тармақша 4
4) егер, кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау мерзімі басталғаннан кейін МҚҰ/КС Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартса;
Тармақша 5
5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершілікті арттыруға алып келетін немесе алып келуі мүмкін Кредит/микрокредит беру туралы шарттың кез келген талаптарының өзгеруі;
Тармақша 6
6) МҚҰ/КС Кепілгерге Кепілгердің кепіл беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда, оның ішінде дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсыну Қарыз алушы және/немесе МҚҰ/КС тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаса және бұл заңнамадан белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайда ғана;
Тармақша 7
7) осы Шарттың 13-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды Қарыз алушы және (немесе) МҚҰ/КС орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;
Тармақша 8
8) кредитті мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған кезде;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС/Қарыз алушы кепілдіктен бас тартқан кезде, бұл ретте, Қарыз алушының кепілдік алудан бас тартуы МҚҰ-мен/КС-мен келісіледі;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында, «Еңбек» бағдарламасында және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша. Көрсетілген негіздер бойынша кепілдіктің қолданылуы тоқтатылған кезде кепілгер бұл туралы МҚҰ/КС мен Қарыз алушыны жазбаша хабардар етеді.
Тарау 7. 7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Кепілгер МҚҰ/КС-ға талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер МҚҰ/КС-ға мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %-ы (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде, бірақ уақтылы төленбеген соманың 1%-нан (бір пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 37
37. МҚҰ/КС Кепілгерге осы Шарттың 32-тармағының талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі соманы уақтылы қайтармаған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %-ы (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде, бірақ уақтылы төленбеген соманың 1%-нан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 38
38. МҚҰ/КС осы Шарттың 17-тармағының 5) тармақшасында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 39
39. Қарыз алушы осы Шарттың 16-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда және 12) тармақшасының белгіленген талаптары айқындалған күннен бастап, Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 40
40. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талап жіберуі болып саналады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.
Тармақ 41
41. МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шартты және Кепіл шартын(тарын) тиісінше ресімдеу үшін, сондай-ақ кредит/микрокредит беру талаптарының Кепілгердің Уәкілетті органының шешімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі үшін толық жауапты болады. МҚҰ/КС тарапынан осы міндеттемені бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, Кепілгер кепілдікті жоюды қоса алғанда, жауапкершілік шараларын қолданады.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 42
42. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады.
Тармақ 43
43. Осы Шартты өзгертумен, бұзумен және орындаумен байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар арқылы шешетін болады, егер, келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмесе, онда мұндай Нұр-Сұлтан қаласында Кепілгердің атқарушы органы орналасқан жер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
Тармақ 44
44. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.
Тармақ 45
45. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 46
46. Тараптардың қолы қойылып Кредит/микрокредит беру туралы шарттың көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 47
47. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы үшін өз қаражаты шегінде ғана жауап береді.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолтаңбалары:
9-тарау. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолтаңбалары: Қарыз алушы: Кепілгер: МҚҰ/КС:
Басқа 2.3.1. МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпарат
________ № ______ Кепілдік шартына 1-қосымша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ___________________________________ (кім ұсынады: МҚҰ/КС, мекенжайы) МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпарат Р/с № Көрсеткіштер Толық жазылуы (түсіндірмелер) Қызмет басынан бастап есептік айды қоса алғанда Есепті айдағы (айдың атауы) саны сомасы, мың теңге саны сомасы, мың теңге 1 2 3 4 5 6 7 1-бөлім. Қамту және әсер ету 1 МҚҰ/КС-ның белсенді қарыз алушылары, оның ішінде Қолдарында кредиттері бар қарыз алушылар. Олардың саны және қолдағы ақша сомасы, мың теңге 1.1. Заңды тұлғалар 1.2. Жеке тұлғалар 2 Ауыл шаруашылығы қарыздары МҚҰ/КС ауыл шаруашылығы қарыздарына бағыттаған сома. Олардың саны және ақша сомасы. 3 МҚҰ/КС-ның кредиттік портфелі Өтеу мерзімі өткен қарызын қоса алғанда, қарыз алушының қолындағы ақша сомасы. Олардың саны және сомасы. 3.1. оның ішінде, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ-ның кепілдігімен берілгені оның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ-ның кепілдігімен берілген кредиттер саны мен сомасы 4 МҚҰ/КС-ның қызметі басталғаннан бастап берілген кредиттердің жалпы саны МҚҰ/КС-ның қызметі басталғаннан бастап берілген кредиттер саны мен сомасы 2-бөлім. Берешек мерзімдері бойынша портфель мәртебесі 5 Өтеу мерзімі өтпеген портфель Өтеу мерзімі өтпеген кредиттер саны мен сомасы 6 Портфель тәуекелі 30 күннен аз 30 күннен кем тәуекелде болған төлеу мерзімі өткен кредиттер саны мен сомасы 7 Портфель тәуекелі 31-90 күн аралығында Тәуекелде 31 күннен 90 күнге дейін болған төлеу мерзімі өткен кредиттер саны мен сомасы 8 Портфель тәуекелі 91-180 күн аралығында Тәуекелде 91 күннен 180 күнге дейін болған төлеу мерзімі өткен кредиттер саны мен сомасы 9 Портфель тәуекелі 180 күннен астам Тәуекелде 180 күннен астам болған төлеу мерзімі өткен кредиттер саны мен сомасы 10 1 айда есептен шығарылған кредиттер 1 айда есептен шығарылған кредиттер саны мен сомасы 11 МҚҰ/КС қызметі басталғаннан бастап есептен шығарылған кредиттер Қызмет басталғаннан бастап есептен шығарылған кредиттер саны мен сомасы Ескертпе: * портфель тәуекелі деп негізгі борыш бойынша жалпы берешек сомасы түсіндіріледі (төлеу мерзімі өткен негізгі борыш+жедел негізгі борыш қалдығы). МҚҰ/КС директоры _______________ (қолы) _________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) МҚҰ/КС бас бухгалтері _______________ (қолы) _________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Орындаушы: Байланыс телефоны: _____________________
Басқа 2.3.2. Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп
____________ №____ кепілдік шартына 2-қосымша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ____________________________________ (кім ұсынады: МҚҰ/КС, мекенжайы) Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп р/с№ Кре­ди­тор­дың ата­уы Қарыз алушы­ның жү­гін­ген ор­ны Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Заң­ды мәр­те­бе­сі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің нө­мі­рі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің кү­ні Кре­дит/мик­ро­кре­дит / жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі мер­зі­мі Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­ди­тік же­лі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Негіз­гі қары­зды өтеу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Сый­а­қы­ны тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Кре­дит/мик­ро­кре­дит/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі (транш) бой­ын­ша бе­ру кү­ні Нақ­ты бе­рі­л­ген қа­ра­жат со­ма­сы Есеп­тік күн­ге негіз­гі бо­рыш бе­ре­ше­гі­нің қал­ды­ғы Шар­ттың нө­мі­рі Шар­тты­ңың кү­ні Шарт бой­ын­ша ке­піл­дік со­ма­сы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы Ке­піл­дік бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні орын­дау со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Сый­а­қы тө­леу бой­ын­ша тө­леу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Кре­дит (ин­ве­сти­ци­я­лық кре­дит/ ай­на­лым қа­ра­жа­тын толық­ты­ру) бе­ру объ­ек­ті­сі ЭҚ­ЖЖ бой­ын­ша код Жо­ба бой­ын­ша биз­нес (ба­стап­қы/ жа­ңа ба­стал­ған) Кре­дит­тік же­лі тү­рі Кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт /кре­дит­тік же­лі ашу ту­ра­лы ке­лі­сім бой­ын­ша қол­же­тім­ді­лік ке­зе­ңі МҚҰ-ның/КС-ның уәкі­лет­ті ада­мы­ның/ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған кү­ні 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 Лауазымды адам __________ ___________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жауапты жұмыскер __________ ________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ескертпе: аббервиатурлардың толық жазылуы: ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi; МҚҰ – микроқаржы ұйымы; КС- кредиттік серіктестік.
Басқа 2.4. Комиссия алуға арналған өтінім
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Комиссия алуға арналған өтінім (кімге) _________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органына) (кімнен) _____________________________________________________________ (кепілгердің толық атауы) Осымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Кепілгер, ___________ (қарыз алушының атауы) және ____________ (микроқаржы ұйымының/кредиттік серіктестіктің (бұдан әрі – МҚҰ/КС) атауы) арасында кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды. Кепілдік _________ (қарыз алушының атауы) ____________ (МҚҰ/КС атауы) алдындағы кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде берілді. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Сізден _____________ (кепілдік сомасының 30%-ы) мөлшерінде кепілдік құнын мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз: Төлем тағайындаған кезде қарыз алушының атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер. атауы__________________________________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________ _______________________________________________________________ мекенжайы:_____________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:____________________________________________ 2. Екінші деңгейдегі банктегі шоты бойынша мәліметтер: БСН___________________________________________________________ Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)_________________________________ Банктің деректемелері: ___________________________________________ Банктің атауы:___________________________________________________ БСК (банктік сәйкестендіру коды)__________________________________ ЖСК (жеке сәйкестендіру коды)____________________________________ БСН ___________________________________________________________ Кбе ____________________________________________________________ 3. МҚҰ/КС және қатысушы арасында жасалған кредит/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер. р/с№ КШ (№ және кү­ні) Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның ЖСН/БСН-сы Өнім (қар­жы­лан­ды­ру) тү­рі (кре­дит неме­се мик­ро­кре­дит) 1 2 3 4 5 кестенің жалғасы Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің со­ма­сы және ва­лю­та­сы Кре­дит бе­ру/мик­ро­кре­дит бе­ру мақ­са­ты Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің мер­зі­мі Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, % 6 7 8 9 4. Кепілдік беру шарты туралы мәліметтер: р/с№ КШ (№ және кү­ні) Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның ЖСН/ БСН-сы Ке­піл­дік со­ма­сы, тең­ге Ке­піл­дік мер­зі­мі, жыл 1 2 3 4 5 6 Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз және дұрыс емес мәліметтер ұсынылған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім береміз. Кепілгер 20__ жылғы «__» __________ сағат ____ қол қойып, жіберді: Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама: Жұмыс органы 20__ жылғы «__» ___________сағат ____ қабылдады: ЭЦҚ-дан алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ________________________________ ________________________________
Басқа 2.5. «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 5-қосымша Нысан «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-портал (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Комиссияны аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Комиссияның бір бөлігін алу үшін кепілгердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған, электрондық құжат нысанында комиссия алуға арналған өтінім беріледі 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) кепілгердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген талаптарға кепілгердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерешеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Кепілгердің порталда «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 2.6. Комиссияны аудару туралы хабарлама
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 6-қосымша Нысан Комиссияны аудару туралы хабарлама Құрметті__________________________________________________________ (кепілгердің атауы) Сіздің 20 ___ жылғы «__» _________ № __________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің № __________ есептік шотыңызға 20 ___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде комиссия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.
Басқа 2.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 7-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама Құрметті __________________________________________________________ (кепілгердің атауы) Сіздің 20 ___ жылғы «__» ______________ № ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден ___________________________________________________________________________________________________ себепті бас тартылды.
Басқа 2.8. Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 8-қосымша Нысан Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп р/с№ Кре­ди­тор­дың ата­уы Қарыз алушы­ның жү­гін­ген ор­ны Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Заң­ды мәр­те­бе­сі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің нө­мі­рі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің кү­ні Кре­дит/мик­ро­кре­дит / жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі мер­зі­мі Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­ди­тік же­лі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Негіз­гі қары­зды өтеу бой­ын­ша же­ңіл­дік ке­зе­ңі Сый­а­қы­ны тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік ке­зе­ңі Кре­дит/мик­ро­кре­дит/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі (транш) бой­ын­ша бе­ру кү­ні Нақ­ты бе­рі­л­ген қа­ра­жат со­ма­сы Есеп­тік күн­ге негіз­гі бо­рыш бе­ре­ше­гі­нің қал­ды­ғы Шар­ттың нө­мі­рі Шар­тты­ңың кү­ні Шарт бой­ын­ша ке­піл­дік со­ма­сы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы Ке­піл­дік бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні орын­дау со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Сый­а­қы тө­леу бой­ын­ша тө­леу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Кре­дит (ин­ве­сти­ци­я­лық кре­дит/ ай­на­лым қа­ра­жа­тын толық­ты­ру) бе­ру объ­ек­ті­сі ЭҚ­ЖЖ бой­ын­ша код Жо­ба бой­ын­ша биз­нес (ба­стап­қы/ жа­ңа ба­стал­ған) Кре­дит­тік же­лі тү­рі Кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт /кре­дит­тік же­лі ашу ту­ра­лы ке­лі­сім бой­ын­ша қол­же­тім­ді­лік ке­зе­ңі МҚҰ/КС-ның уәкі­лет­ті ада­мы­ның/ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған кү­ні 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 Лауазымды адам __________ ___________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жауапты жұмыскер __________ ________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi; МҚҰ – микроқаржы ұйымы; КС- кредиттік серіктестік.
Басқа 3. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 13 тамызы № 252 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына 3-қосымша Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты шеңберінде, сондай-ақ 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауды беру тәртібін, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (микрокредит беру ұйымының, микроқаржы ұйымының, жұмыс органының) жеке веб-парақшасы;
Тармақша 3
3) дербес шот – өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
Тармақша 6
6) қарыз – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және нысаналы пайдалану талаптарымен қарыз шарты негізінде микрокредит беру ұйымы микроқаржы ұйымдарына беретін ақша сомасы. Кредит бірыңғай сомамен де, бөліктермен (транштармен) де беріледі;
Тармақша 7
7) қарыз шарты – микрокредит беру ұйымы мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша микрокредит беру ұйымы шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кейіннен микрокредит беру үшін микроқаржы ұйымына кредит береді;
Тармақша 8
8) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы ағымдағы шотты жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті екінші деңгейдегі банк;
Тармақша 9
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
Тармақша 10
10) микрокредит беру ұйымы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кредит беру жөніндегі ЕҰ-сы);
Тармақша 11
11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті, сондай-ақ «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 12
12) операциялық шығыстар – «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру ұйымынан қаражат алған сәттен бастап микрокредит беру саласындағы қызметті жүзеге асырумен байланысты МҚҰ шығындары;
Тармақша 13
13) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтінім – микрокредит беруге жұмсалатын операциялық шығыстарды өтеу үшін субсидиялар қаражатын төлеуге арналған МҚҰ-ның электрондық өтінімі;
Тармақша 14
14) субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)) – ауыл шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 15
15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге, комиссия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге арналған, «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;
Тармақша 16
16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
Тармақша 17
17) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
Тармақша 18
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Тармақ 3
3. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде МҚҰ берген микрокредиттерді беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатады. МҚҰ субсидияларды алушылар болып табылады.
Тармақ 4
4. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, порталда жасалған соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттары бойынша микрокредиттер беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатады.
Тармақ 5
5. Операциялық шығыстарды субсидиялау жүзеге асырылып қойған, бұрын берілген микрокредиттердің қайтарым қаражаты (негізгі борышты өтеу және сыйақы бойынша төлемдер) есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатпайды.
Тармақ 6
6. Субсидиялар микрокредит беру үшін шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде микрокредит беру ұйымы МҚҰ-ға берген игерілген қаражат көлеміне сәйкес МҚҰ-ға төленеді.
Тармақ 7
7. МҚҰ жасалған субсидиялау шарттары бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялар сомаларын аудару үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.
Тарау 2. 2-тарау. Субсидиялар алу шарттары
2-тарау. Субсидиялар алу шарттары
Тармақ 8
8. Субсидия мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
Тармақша 1
1) МҚҰ-ның микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінім беруі;
Тармақша 2
2) субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) операциялық шығыстарды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда жұмыс органы (қызмет беруші) микрокредит беру ұйымын ағымдағы қаржы жылында операциялық шығыстарды субсидиялауды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған. Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) субсидиялауды тіркеу жүйесінде өтінімді тіркеу;
Тармақша 5
5) кредит алынғаны туралы қарыз алушының есептік шотынан немесе кредит аударылғанын растайтын құжаттан үзінді көшірме;
Тармақша 6
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған МҚҰ-ның жеке шотының болуы.
Тарау 3. 3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
Тармақ 9
9. Субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: Ссуб = Сигер*10 % - Салын, мұнда:
Тармақша 1
1) Ссуб – субсидияланатын операциялық шығыстар сомасы;
Тармақша 2
2) Сигер – микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебінен шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде МҚҰ берген микрокредитті игеру сомасы;
Тармақша 3
3) Салын – осы қарыз шарты бойынша бұрын алынған субсидиялар сомасы. Бөлшекті цифр алынған жағдайда, нәтижесін азаю жағына қарай бүтін цифрға дөңгелектеу қажет.
Тармақ 10
10. Субсидиялар мөлшері «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кредит беру жөніндегі ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде МҚҰ берген микрокредиттер көлемінің 10%-ын құрайды.
Тарау 4. 4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 11
11. Өтінімдерді қабылдау МҚҰ-ның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Веб-портал (бұдан әрі – «жеке кабинет») арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
Тармақша 1
1) МҚҰ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен тіркелу үшін ЭЦҚ алады;
Тармақша 2
2) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), микрокредит беру ұйымы, уәкілетті орган жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Тармақ 13
13. «Жеке кабинетте» тіркелу үшін микроқаржы ұйымы мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының деректемелері. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде МҚҰ бір жұмыс күні ішінде «жеке кабинетіне» енгізілген дербес шотының деректерін өзгертеді.
Тармақ 14
14. «Жеке кабинетте» өтінімді қалыптастыру мен тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 12-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) өтінім МҚҰ-ның оған қол қоюы және микрокредит беру ұйымының ЭЦҚ пайдалана отырып растауы жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі МҚҰ «жеке кабинетінде» тиісті мәртебе өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады. Егер, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) төлем тапсырмаларын қалыптастырғанға дейін тіркелген өтінімдегі мәліметтердің сәйкессіздігі анықталса, МҚҰ кері қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.
Тармақ 15
15. Микрокредит беру ұйымы өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде МҚҰ өтінімде көрсеткен ақпаратты растайды немесе деректер дұрыс емес болған жағдайда, растаудан бас тартады.
Тармақ 16
16. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қойылған тиісті хабарламаны қабылдау жолымен оны растайды. Бұл хабарлама дербес тіркелген жағдайда МҚҰ-ның субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Тармақ 17
17. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Қаржыландыру жоспарына сәйкес осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім берілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия сомасын аудару туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде МҚҰ көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі МҚҰ-ның «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Субсидиялау мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) МҚҰ-ның негізгі борышты өтеу және/немесе сыйақы бойынша міндеттемелерін күнтізбелік 90 күннен астам мерзімде орындамауы;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша МҚҰ-ның шоттарына тыйым салынуы;
Тармақша 3
3) қарыз шарты бойынша МҚҰ-ның микрокредит беру ұйымы алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;
Тармақша 4
4) МҚҰ-ның бюджеттік субсидияларды алудан бас тарту туралы жазбаша өтініші;
Тармақша 5
5) қарыз шартын бұзу.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ЖАО басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 22
22. МҚҰ шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады: ЖАО – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. ЖАО-ның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген МҚҰ-ға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, МҚҰ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Тарау 6. 6-тарау. Мониторинг
6-тарау. Мониторинг
Тармақ 23
23. Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-іне дейінгі мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) МҚҰ арқылы микрокредит берудің нақты игерілген сомасы және субсидиялау көлемі туралы ақпарат береді. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) микрокредит беру ұйымының ақпараты негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға ақпаратты ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде, жартыжылдық және есептік жыл қорытындылары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде береді.
Тармақ 24
24. Уәкілетті орган жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ақпараты негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға МҚҰ арқылы берілген микрокредиттер және субсидиялау сомалары жөнінде ақпарат береді.
Басқа 3.1. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтінім
Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтінім (кімге)________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органы) (кімнен)_______________________________________________________ (микроқаржы ұйымының толық атауы) Субсидиялауға жататын қарыз шарттары туралы ақпаратқа сәйкес бюджеттен микроқаржы ұйымының № _________________ шотына _______________________ теңге сомасында қаражат аударуды сұраймын. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: атауы__________________________________________________________ БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – БСН)_________________ басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________________________________________ мекенжайы:_____________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:___________________________________________ 2. Екінші деңгейдегі банктегі арнайы шот мәліметтері: БСН ________________________________ Бенефициар коды ___________________________________________ Банктің атауы:__________________________________________________ Банктік сәйкестендіру коды _________________________________ Жеке сәйкестендіру коды ___________________________________ 3. Қарыз шарттары (бұдан әрі – ҚШ) туралы ақпарат р/с № ҚШ (№ мен кү­ні) Со­ма, тең­ге Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, % Суб­си­ди­я­лау кү­ніне негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша бе­ре­шек қал­ды­ғы, тең­ге ҚШ-ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­ла­тын кү­ні Кре­дит бе­ру ва­лю­та­сы 1 2 3 4 5 6 7 (кестенің жалғасы) Суб­си­ди­я­ла­у­ға жа­та­тын кре­дит бой­ын­ша иге­ру со­ма­сы Кре­дит бе­ру мақ­са­ты* Кре­дит ны­са­на­сы/са­ны 8 9 10 Ескертпе: *айналым қаражатын толтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс (қажеттісі көрсетілсін). Осымен: 1) қарыз шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау көрсетілмейтіні; 2) микроқаржы ұйымы қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту сатысында, тарату немесе банкроттық жағдайда еместігі, сондай-ақ қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағаны; 3) микрокредиттердің нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (бұдан әрі – № 477 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес келетіндігі расталады. № 477 бұйрықпен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларының талаптары мен талаптарына келісімімді растаймын. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін Микроқаржы ұйымы 20__ жылғы «__» __________ сағат ____ қол қойып, жіберді: Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама: Өтінім 20__ жылғы «__» ______ сағат _____ қарауға қабылданды ЭЦҚ-дан алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты
Басқа 3.2. «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «Электрондық үкіметітің» www.egov.kz веб-портал (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидияны аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны: электрондық. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (микроқаржы ұйымы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) микроқаржы ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға арналған өтінім; 2) түпкілікті қарыз алушының есеп айырысу шотынан кредит алғандығы туралы үзінді көшірме немесе кредит берілгенін растайтын құжат. 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) микроқаржы ұйымының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға микроқаржы ұйымының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерешеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Микроқаржы ұйымының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 3.3. Субсидияны аудару туралы хабарлама
Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Субсидияны аудару туралы хабарлама Құрметті __________________________________________________________________                                     (микроқаржы ұйымының атауы) Сіздің 20 ___ жылғы «__» _________ № __________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің № __________ есептік шотыңызға 20 ___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.
Басқа 3.4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама ___________________________________________________________                                     (микроқаржы ұйымының атауы) Сіздің 20 ___ жылғы «__» _____________ № __________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден _______________________________________________________________________________________________ себепті бас тартылды.