О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 ноября 2018 года № 477 «О некоторых мерах по реализации Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында: 2-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) бастапқы бизнес (стартап жоба) – мемлекеттік грант үшін, кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкердің мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан кем «Еңбек» бағдарламасы қатысушыларының бизнес-жобалары;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) кепілгер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ);»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) кредитор – ЖАО (сенім білдірілген адам (агент) арқылы), микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КС)/ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ);»; 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18) микрокредит беру ұйымы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы; 19) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;»; 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың белсенді шараларын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру мақсатында құрылатын заңды тұлға;»; 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ үшін жылдық 2 (екі) %-ға дейін;»; 15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалған орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдары/ауылдық жердегі және шағын қалаларда кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібін, сондай-ақ «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»; 2-тармақта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) кепілгер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы;»; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) кредитор – ЖАО (сенім білдірілген адам (агент) арқылы), микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/КС/ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғам (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ);»; 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «22) микрокредит беру ұйымы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы;»; 23) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, кредиттер/микрокредиттер беру қызметін, сондай-ақ «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;»; 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) МҚҰ/КС арқылы «Еңбек» бағдарламасы және ЖҚЖК шеңберінде қорландырылатын ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қызметін кеңейтуге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашуға және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамытуға берілетін кредитке/микрокредитке мақұлдау алу;»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кепілдендіру қатысушылары шағын кәсіпкерлік субъектілері және ЖҚЖК шеңберінде қорландырылатын МҚҰ арқылы «Бастау бизнес» жобасының түлектері болып табылады. 5. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда, кепілдік беруге қатысуға республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, облыс әкімдігі және микрокредит беру ұйымы қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде МҚҰ/КС арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлерге және ЖҚЖК шеңберінде қорландырылатын МҚҰ арқылы «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне жол беріледі.»; 35-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жобаларға кепілдік беруге бөлінген бюджет қаражатының жетіспеушілігі пайда болған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) микрокредит беру ұйымын және кепілгерді ағымдағы қаржы жылы жобаларға кепілдік беру тоқтатыла тұратыны туралы хабардар етеді. Комиссиялардың ұсыну процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ комиссияларды ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын комиссияларды алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады»; Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында: 2-тармақта: 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) микрокредит беру ұйымы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредит беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның кредит беру жөніндегі ЕҰ-сы); 11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті, сондай-ақ «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;»; 8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) операциялық шығыстарды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда жұмыс органы (қызмет беруші) микрокредит беру ұйымын ағымдағы қаржы жылында операциялық шығыстарды субсидиялауды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған. Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Субсидиялар мөлшері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның кредит беру жөніндегі ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде МҚҰ берген микрокредиттер көлемінің 10%-ын құрайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы құралдары және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығына 1-қосымша Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына 1-қосымша Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі P/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат/мә­лі­мет тү­рі же­ке тұ­лға­лар үшін: 11 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш Түп­нұс­қа*/ элек­трон­дық құ­жат 22 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме** / құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі/ мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер 33 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің кре­дит­тік бю­ро­ға өзі ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бе­рі­лу­іне, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп алушы­ға кре­дит­тік есеп­тің бе­рі­лу­іне ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа*/ элек­трон­дық құ­жат 44 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/ орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа*/ элек­трон­дық құ­жат 55 Биз­нес-жос­пар қарыз алушы қол қой­ған түп­нұс­қа / элек­трон­дық құ­жат 66 Ша­руа қо­жа­лы­ғы­ның/ фер­мер­лік ша­ру­а­шы­лық­тың уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның кре­дит/мик­ро­кре­дит алу, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру жө­нін­де­гі мәмі­ле­ні ма­құл­дау ту­ра­лы ше­ші­мі түп­нұс­қа (кре­дит/мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін бе­рі­ле­ді)/ элек­трон­дық құ­жат 77 Қыз­мет көр­се­те­тін банк­тен шот­тың бар-жо­ғы ту­ра­лы анық­та­ма­лар түп­нұс­қа (кре­дит/мик­ро­кре­дит ма­құл­да­ған­нан кей­ін)/элек­трон­дық құ­жат 88 Қар­жы ұй­ым­да­ры­нан неси­е­лік бе­ре­шек­тің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­тің бар-жо­ғы ту­ра­лы анық­та­ма­лар (кре­дит­те­рі бар бол­са) түп­нұс­қа (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 күн­ге дей­ін­гі мер­зім­ге уәкі­лет­ті адам түп­нұс­қа­сы­мен са­лы­сты­рып тек­сер­ген кө­шір­ме­ге рұқ­сат еті­ле­ді)/кре­дит­тік бю­ро­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер 99 Қарыз алушы­ның (бір­ле­сіп қарыз алушы­ның) жа­ла­қы­сын және/неме­се өзге де та­быст­а­рын рас­тай­тын құ­жат (жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­нан үзін­ді кө­шір­ме) түп­нұс­қа (бар бол­са)/мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер 110 Ба­ға­лау ту­ра­лы есеп түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат 111 Ке­піл бе­ру­ші мен ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі құ­жат­тар кө­шір­ме**/мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 212 «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы (бұ­дан әрі – «Ата­ме­кен» ҚР ҰКП) сер­ти­фи­ка­ты (тек «Ба­стау Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­ты­су­шы­лар үшін) түп­нұс­қа «Ата­ме­кен» ҚР ҰКП де­рекқор­ла­ры­нан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 113 Кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­дан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат (тек іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер үшін) кө­шір­ме**/мем­ле­кет­тік де­рекқор­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 114 Жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­ның жол­да­ма­сы (үміт­кер­дің мәр­те­бе­сін/ са­на­тын көр­се­те оты­рып) түп­нұс­қа/элек­трон­дық құ­жат/мем­ле­кет­тік де­рекқор­дан алын­ған мә­лі­мет­тер заң­ды тұ­лға­лар үшін: 11 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат 22 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің кре­дит­тік бю­ро­ға өзі ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бе­рі­лу­іне, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп алушы­ға кре­дит­тік есеп­тің бе­рі­лу­іне ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа*/элек­трон­дық құ­жат 33 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/ орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа/элек­трон­дық құ­жат 44 Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры және бі­рін­ші бас­шы­лар­дың құ­жат­та­ры (жар­ғы/құ­ры­л­тай шар­ты, мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма, бі­рін­ші бас­шы­ны сай­лау ту­ра­лы құ­жат­тар, бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын рас­тай­тын құ­жат) түп­нұс­қа/элек­трон­дық құ­жат 55 Қол қою үл­гі­ле­рі бар құ­жат уәкі­лет­ті тұ­лға­лар­дың қол­да­ры­ның түп­нұс­қа­лы­лы­ғы но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған түп­нұс­қа 66 Қар­жы ұй­ы­мы­нан неси­е­лік бе­ре­шек­тің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­тің бар-жо­ғы ту­ра­лы анық­та­ма­лар (кре­дит­те­рі бар бол­са) түп­нұс­қа (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 күн­ге дей­ін­гі мер­зім­ге уәкі­лет­ті адам түп­нұс­қа­сы­мен са­лы­сты­рып тек­сер­ген кө­шір­ме­ге рұқ­сат еті­ле­ді)/ кре­дит­тік бю­ро­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер 77 Биз­нес-жос­пар қарыз алушы қол қой­ған түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат 88 Ке­піл бе­ру­ші мен ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі құ­жат­тар түп­нұс­қа/ мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 99 «Ата­ме­кен» ҚР ҰКП сер­ти­фи­ка­ты (тек «Ба­стау Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­ты­су­шы­лар үшін) түп­нұс­қа/«Ата­ме­кен» ҚР ҰКП-дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер Ескертпе: * кредитордың қатысуымен толтырылады; ** құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен салыстырып тексеріледі.
Басқа 2. Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығына 2-қосымша Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымша Нысан «Бәйтерек» ұлттық басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ______________________ Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат Микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 20__ жылғы _________________ мынадай шарттармен микрокредит беру туралы оң шешім қабылданғанын хабарлайды: 1 Қарыз алушы­ның то­лық ата­уы 2 Өнім­нің (қар­жы­лан­ды­ру) тү­рі кре­дит/мик­ро­кре­дит 3 Кре­дит/мик­ро­кре­дит/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің со­ма­сы мен ва­лю­та­сы 4 Кре­дит бе­ру­дің/мик­ро­кре­дит бе­ру­дің мақ­са­ты 5 Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің мер­зі­мі 6 Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі 7 Негіз­гі қары­зды өтеу тәр­ті­бі мен мер­зім­де­рі 8 Сый­а­қы­ны өтеу тәр­ті­бі мен мер­зім­де­рі 9 Кре­дит/мик­ро­кре­дит/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету тіз­бе­сі Объ­ек­ті­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі, ке­піл құ­ны ке­мін­де ____ тең­ге. На­рық­тық құ­ны ______ _____­тең­ге; Ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету­дің жал­пы со­ма­сы­ның жиы­ны ______ тең­ге. 10 Ке­піл­дік мөл­ше­рі­нің есеп­те­ме­сі Баяндалғандардың негізінде Сізден ___ айға дейінгі мерзіммен _____________ теңге мөлшерінде кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік __________________________ _____________________________________________________________ (қолы)
Басқа 3. Қатысушының сараптама жүргізу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығына 3-қосымша Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымша Қатысушының сараптама жүргізу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі P/с № Құ­жат ата­уы Құ­жат/мә­лі­мет­тер тү­рі же­ке тұ­лға­лар үшін: 1 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш түп­нұс­қа**/элек­трон­дық құ­жат 2 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме*/ құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 3 Да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма/да­ра кә­сіп­кер ку­ә­лі­гі (егер ша­руа/ фер­мер қо­жа­лы­ғын­да, да­ра кә­сіп­кер­де бір­не­ше қа­ты­су­шы бол­са, мем­ле­кет­тік кі­рі­стер бас­қар­ма­сы­нан са­лық тө­ле­у­ші­ні бір­лес­кен кә­сіп­кер­лік ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қо­сым­ша ұсы­ны­ла­ды) кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 4 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа**/ элек­трон­дық құ­жат 5 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа **/ элек­трон­дық құ­жат 6 Биз­нес-жос­пар кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 7 Ша­руа қо­жа­лы­ғы­ның/фер­мер қо­жа­лы­ғы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­піл­дік­тер­ді және кре­дит­ті/мик­ро­кре­дит­ті тар­ту, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі (егер ша­руа / фер­мер қо­жа­лы­ғы бір мү­ше­ден тұ­ра­тын бол­са та­лап етіл­мей­ді)) Бір қа­ты­су­шы­дан, да­ра кә­сіп­кер­ден тұ­ра­тын ша­руа/фер­мер қо­жа­лы­ғы үшін – мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған ке­лі­сі­мі / мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру сәт­ін­де неке қа­ты­на­ста­ры­ның жоқ­тығы ту­ра­лы өті­ніш кө­шір­ме * (ке­піл­дік құп­тал­ған­нан кей­ін)/ элек­трон­дық құ­жат 8 Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер, мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры мен әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ (бар) екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма. кө­шір­ме */ мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 9 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі бар­лық қол­да бар шот­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер кө­шір­ме (ке­піл­дік құп­тал­ған­нан кей­ін бе­рі­ле­ді)* / элек­трон­дық құ­жат 10 Қар­жы ұй­ым­да­ры­нан кре­дит­тік есеп және несие бе­ре­ше­гі­нің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен қарыз (қол­да­ны­с­та­ғы кре­дит­тер бар бол­са) ту­ра­лы анық­та­ма­лар кө­шір­ме */кре­дит­тік бю­ро­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 11 Қарыз алушы­ның (тең қарыз алушы­ның) ең­бе­ка­қы­сын және/неме­се өзге де кі­рі­сте­рін рас­тай­тын құ­жат – жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі (бар бол­са) кө­шір­ме * / мем­ле­кет­тік де­рекқор­ла­ры­нан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 12 «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның «Ба­стау-Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сер­ти­фи­ка­ты неме­се Кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­дан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат (тек іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер мен стар­тап жо­ба­лар үшін) кө­шір­ме */ «Ата­ме­кен» ҰКП-дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 13 Соң­ғы есеп­ті ке­зең үшін са­лық де­кла­ра­ци­я­сы (бар бол­са) кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат заң­ды тұ­лға­лар үшін: 14 Кре­дит/мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма-өті­ніш түп­нұс­қа**/элек­трон­дық құ­жат 15 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа**/элек­трон­дық құ­жат 16 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген кре­дит/мик­ро­кре­дит ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, мә­лі­мет­тер­ді және кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­ға­ны/ орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на, сон­дай-ақ «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­на бе­ру­ге және олар­дан алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа**/элек­трон­дық құ­жат 17 Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры және бі­рін­ші бас­шы­лар­дың құ­жат­та­ры (жар­ғы/құ­ры­л­тай шар­ты, мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма, бі­рін­ші бас­шы­ны сай­лау ту­ра­лы құ­жат­тар, бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат) кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 18 Қол қою үл­гі­ле­рі бар құ­жат кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 19 Ке­піл­дік­ті және кре­дит­ті/мик­ро­кре­дит­ті тар­ту, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған заң­ды тұл­ға­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ше­ші­мі кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 20 Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер, мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры мен әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ (бар) екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма. кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 21 Қар­жы ұй­ым­да­ры­нан кре­дит­тік есеп және несие бе­ре­ше­гі­нің, оның ішін­де мер­зі­мі өт­кен қарыз (қол­да­ны­с­та­ғы кре­дит­тер бар бол­са) жай­ын­да анық­та­ма­лар. кө­шір­ме*/кре­дит­тік бю­ро­лар­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер 22 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі бар­лық қол­да бар шот­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. кө­шір­ме*/элек­трон­дық құ­жат 23 Биз­нес-жос­пар. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 24 «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның «Ба­стау-Биз­нес» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сер­ти­фи­ка­ты неме­се Кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­дан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат (тек іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер мен стар­тап жо­ба­лар үшін). кө­шір­ме */ «Ата­ме­кен» ҰКП де­ректер қо­ры­нан алын­ған мә­лі­мет­тер 25 Соң­ғы есеп­ті ке­зең үшін са­лық де­кла­ра­ци­я­сы (бар бол­са). кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат мик­ро­қар­жы ұй­ым­да­ры (бұ­дан әрі – МҚҰ) /кре­дит­тік се­рік­те­стер (бұ­дан әрі – КС) үшін: 26 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 27 қа­ра­ша­да­ғы № 477 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17812 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл­дық жер­лер­де және ша­ғын қа­ла­лар­да мик­ро­қар­жы ұй­ым­да­ры және кре­дит­тік се­рік­те­стіктер бе­ре­тін кре­дит­тер/мик­ро­кре­дит­тер бой­ын­ша ке­піл­дік бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша – бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­ды қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сін қо­са бе­ре оты­рып, ке­піл­дік со­ма­сы есе­бі­мен кре­дит бе­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы оң ше­ші­мі бар хат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 27 МҚҰ/КС уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­пі­л­гер­дің ке­піл­ді­гі­мен кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 28 Кре­дит­тік, ке­піл және заң, тәу­е­кел­дер бө­лім­ше­ле­рі­нің, МҚҰ/КС қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің (бар бол­са) са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ла­ры. кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат 29 Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» сай­ты­нан МҚҰ/КС бар­лық өзге­рі­сте­рі ту­ра­лы анық­та­ма кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 30 МҚҰ/КС жар­ғы­сы (өті­ніш бе­ру­ші­нің қа­ты­суын рас­тай­тын КС Жар­ғы­сы). Өті­ніш бе­ру­ші­нің КС-ға қа­ты­суын рас­тау бол­ма­ған кез­де ке­пі­л­гер ны­са­ны бой­ын­ша ке­піл­дік мін­дет­те­ме ұсы­ну кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 31 МҚҰ/КС-ның бі­рін­ші бас­шын та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ше­шім кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­ла­ры­нан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы ақ­па­рат 32 МҚҰ/КС-ның бі­рін­ші бас­шын та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 33 МҚҰ/КС-ның бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат / мем­ле­кет­тік де­рекқор­лар­дан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет 34 МҚҰ/КС-ның бі­рін­ші бас­шы­ның қол қою үл­гі­ле­рі бар құ­жат кө­шір­ме */ элек­трон­дық құ­жат * МҚҰ/КС беретін құжаттар (Қатысушылар кепілдік алу үшін кепілгерге жүгінген және кейіннен МҚҰ/КС-ге кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде құжаттардың көшірмелерін беруге рұқсат беріледі). ** Қатысушылар ұсынатын құжаттар.
Басқа 4. № ____ кепілдік шарты
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығына 4-қосымша Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша Нысан № ____ кепілдік шарты _______________________ 20___ жы­л­ғы «___» __________ Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке төменде көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатын: Кепілгер___________________________ Микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) /кредиттік серіктестер (бұдан әрі – КС) __________________________ Қарыз алушы_______________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), МҚҰ/КС және Қарыз алушы арасында жасалған ________ ___________ № ______ Шартқа/Негіздемелік келісімге (бұдан әрі – кредит/микрокредит, кредит/микрокредит беру туралы шарт) сәйкес төмендегілер туралы осы кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Терминдер мен айқындамалар
1-тарау. Терминдер мен айқындамалар
Тармақ 1
1. Осы Шартта «Еңбек» бағдарламасында және Қағидаларда көзделген ұғымдар мен айқындамаларға сәйкес келетін айқындамалар мен ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың нысанасы
2-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 2
2. Осы Шарттың талаптарында Кепілгер Қарыз алушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуде МҚҰ/КС алдында кредит/микрокредит бойынша негізгі боыш сомасы шегінде ішінара ынтымақтастық жауапкершілік талаптарымен жауап беруге міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Кепілгер МҚҰ/КС алдында Қарыз алушының есептелген сыйақыны, өсімпұлды, айыппұлды, материалдық немесе моральдық залалды, айырылып қалған пайданы төлеу, комиссияларды және/немесе кредитті/микрокредитті берумен байланысты Қарыз алушының кез келген басқа да міндеттемелерді, оның ішінде борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында қабылдаған міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған МҚҰ-ның/КС-ның кез келген басқа да шығындарын төлеу бөлігінде кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауына жауапты болмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Кредит/микрокредит шарттары
3-тарау. Кредит/микрокредит шарттары
Тармақ 4
4. Кепілгердің кредит/микрокредит және осы Шарт бойынша МҚҰ/КС алдындағы жауапкершілігі ______________ теңге мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектелген, бұл кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасының ___ %-ын құрайды. МҚҰ/КС Кепілгерге осы Шарт бойынша талаптар қойған жағдайда, оның ішінде талап-арыз қойған жағдайда, Кепілгер МҚҰ/КС алдында осы Шарт бойынша тек кепілдік сомасы шегінде және егер МҚҰ-ның/КС-ның тиісті талабы кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын қайтаруға қатысты болса ғана жауапты болады.
Тармақ 5
5. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін біржақты тәртіппен азайтпайды. Бұл ретте, негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы кепілдік сомасының борыш сомасына пайыздық мәндегі негізгі арақатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.
Тармақ 6
6. Кепілдік Қарыз алушы кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
Тармақ 7
7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз алушыға, Кредит/микрокредит беру туралы шартқа, оның ішінде оның мазмұнына және оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ол бойынша жүзеге асырылған ақы төлеу мен төлемдер, оның ішінде мерзімі өткен берешектер туралы, өтелген сома және несиелік берешек қалдықтары туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді ұсыну құқығын МҚҰ-ға/КС-ге береді. Қарыз алушы да Кепілгерге және МҚҰ-ға/КС-ге өзі туралы дербес деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинауға және өңдеуге сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін береді (жеке тұлғалар үшін).
Тармақ 8
8. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтер ұсынуына келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының "Еңбек" бағдарламасына қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушының жобасы іске асырылатын өңір және сала, кредит сомасы және мерзімі, кепілдік сомасы, кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі. Сондай-ақ, Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялау құқығын береді.
Тармақ 9
9. Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Кредит/микрокредит беру туралы шартта Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) Кредит/микрокредит беру туралы шартқа және (немесе) Кепілдік шартына енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқасы Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануға болмайды. Осы талаптың сақталмауы кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толық немесе ішінара орындаған жағдайларда, Кепілгердің жазбаша талаптарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде МҚҰ-ның/КС-ның кепілдік бойынша алған барлық соманы Кепілгерге қайтаруы міндеттілігіне алып келеді.
Тармақ 10
10. Кредит/микрокредит беру туралы шарттағы Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қолданылатын мүлік Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз алып тасталмайды. Осы шарттың сақталмауы кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда, МҚҰ-ның/ КС-ның Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтаруы міндеттілігіне алып келеді.
Тармақ 11
11. Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда).
Тармақ 12
12. Кепілгердің кепілдік бергені үшін комиссия көзделмеген және ол Қарыз алушының төлеуіне жатпайды.
Тармақ 13
13. Кепілгердің мынадай шарттарды сақтауы кепілдік жарамдылығының міндетті шарты болып табылады:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы құжаттама жүзінде, оның ішінде қажет болған жағдайда, Кепілгердің мониторинг жүргізуі барысында, жобаны іске асыру орнына барған жағдайда растаған кредиттік құралдарды кредит/микрокредит талаптарына сәйкес мақсатты пайдалану;
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________________________;
Тармақша 3
3) _____________________________________________________________________________ (осы тармақ Кепілгердің уәкілетті органының шарттарына сәйкес мәліметтермен толықтырылады).
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Кепілгер:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС талаптарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей осы Шарттың талаптарында МҚҰ/КС кепілдігі бойынша төлем жүргізуге міндетті.
Тармақ 15
15. Кепілгер:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС-дан және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелерін орындауын талап етуге;
Тармақша 2
2) МҚҰ/КС-дан Қарыз алушының кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын бақылауды және МҚҰ/КС-ның және Қарыз алушының осы Шартты және (немесе) Кредит/микрокредит беру туралы шартты орындауын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін қажетті толық және дұрыс ақпарат, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты алуға, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Кепілгер өкілдерінің МҚҰ/КС-ге баруы жолымен де ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша қаржыландырылған Қарыз алушы жобасының іске асырылу орнына баруды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) осы Шарттың талаптарына (бұдан әрі – талап) сәйкес берілген кепілдік сомасының шегінде кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы Кепілгерге қойылатын МҚҰ/КС талабын орындаудан: егер, қойылған талапта айқындалған бұзушылықтарды МҚҰ/КС жойғанға дейін мұндай талап МҚҰ/КС-ға дұрыс қойылмаса; егер, мұндай талап МҚҰ/КС-ға осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойылса, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Кепілгер жүргізген мониторинг барысында осы Шарттың 5-тарауында көрсетілген Шарт талаптарының бұзылғаны анықталса, МҚҰ/КС-ға жазбаша уәжді жауап жіберу жолымен бас тартуға;
Тармақша 5
5) Қарыз алушы борышын таныған және (немесе) Қарыз алушы МҚҰ/КС-ға өз қарсылығын білдіруден бас тартқан жағдайда да, Қарыз алушы беруі мүмкін, МҚҰ/КС талаптарына қарсылық білдіруге;
Тармақша 6
6) Қарыз алушыдан және МҚҰ/КС-дан Кепілгердің сұранымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
Тармақша 7
7) МҚҰ/КС-дан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға талап қою құқығын растайтын құжаттар мен ақпаратты ұсынуды және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шарттың 32-тармағына сәйкес беруді талап етуге;
Тармақша 8
8) Қарыз алушыдан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге кепілдік бойынша жүргізілген төлем сомасын толық көлемде өтеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС-дан тоқсан сайынғы негізде қаржылық есептілікті, МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпаратты осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес сұратуға;
Тармақша 10
10) Кепілгер МҚҰ/КС-ның осы Шартта айқындалған тәртіппен кепілдік төлемі бойынша талабын орындаған жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға тапсыруға;
Тармақша 11
11) Қарыз алушының кез келген шоттарынан осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын Қазақстан Республикасының банктік және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен акцептсіз тәртіпте алып тастауға (есептен шығаруға) не Қарыз алушының банкте ашылған банктік шоттарынан ақшаны банктік шоттарды тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға. Қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеу үшін осы Шарттың көшірмесі және Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Осы Қарыз алушының банкте ашылған шоттарын тікелей дебеттеу жолымен төлемдерді жүзеге асыруға оның келісімі болып табылады;
Тармақша 12
12) осы Шарт талаптарын тиісінше және (немесе) уақтылы орындамау фактілерін анықтаған кезде Кепілдік сомасын және (немесе) мерзімін азайтуға;
Тармақша 13
13) осы Шартта, Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
Тармақ 16
16. Қарыз алушы:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС-ға, Кепілгерге растаушы құжаттарды кредит/микрокредит алған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде бере отырып, Кредит/микрокредит беру туралы шартта белгіленген кредитті/микрокредитті нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға. Бұл ретте, кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ нысаналы мақсатының расталу мерзімін ұзарту МҚҰ/КС-мен және Кепілгермен келісім бойынша мүмкін болады;
Тармақша 2
2) МҚҰ/КС-ның және (немесе) Кепілгердің алғашқы талабы бойынша оның өкілдеріне кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарап-тексеру және (немесе) МҚҰ/КС-ға және (немесе) Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржылық-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпарат беру жолымен тексеруге мүмкіндік беруге;
Тармақша 3
3) дереу, бірақ кез келген жағдайда Кредит/микрокредит беру туралы шарттың талаптары бұзылған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кепілгерге Кредит/микрокредит беру туралы шарттың олар жол берген барлық бұзушылықтары туралы, оның ішінде кредит/микрокредитті пайдаланғаны үшін негізгі борышты және (немесе) сыйақы сомасын төлеу (қайтару) мерзімін өткізіп алғаны туралы, сондай-ақ Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;
Тармақша 4
4) МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы талаптар қойған жағдайда, өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қатысты қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;
Тармақша 5
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда, Кепілгер кепілдік бойынша жүргізген төлемдер сомасын Кепілгерге толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы бар болса) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі сомасына есептелген сыйақыны Кепілгер МҚҰ/КС-ға кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап Қарыз алушы ақшаны Кепілгерге нақты қайтарған күнге дейін МҚҰ/КС-ге кепілдік бойынша төленген сомада, Кредит/микрокредит беру туралы шартта көрсетілген мөлшерлеме бойынша төлеуге, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен байланысты Кепілгерге келтірілген өзге де шығындарды Кепілгердің талабында көрсетілген тәртіппен және мерзімде өтеуге. Осы Шартта көрсетілген Кепілгердің банктік шотына ақша аударылған күн Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтарған күні болып саналады;
Тармақша 6
6) Кепілгерден Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат ұсыну жөнінде жазбаша сұраным алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
Тармақша 7
7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҚҰ/КС-ны және Кепілгерді жазбаша түрде хабардар етуге;
Тармақша 8
8) МҚҰ/КС/Кепілгер талабы бойынша Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша алынатын мүлікті қосымша кепіл ретінде ұсынуға;
Тармақша 9
9) Кепілгердің шешімімен Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша алынатын жылжымалы мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС және Кепілгер алдында барлық өз мүлкімен жауап беруге;
Тармақша 11
11) кепілгердің бірінші талабы бойынша Кепілгерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабына сәйкес кепілгерге «Еңбек» бағдарламасының тиімділігін мониторингтеу үшін пайдаланылатын салық құпиясы болып табылатын мынадай мәліметтерді беруге келісім беру туралы өтініш беруге: кірістер; жұмыскерлер саны; жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар; бір жұмыскерге орташа айлық жалақы; салықтық төлемдер сомасы;
Тармақша 12
12) Кепілгердің мынадай талаптарын сақтауға міндетті: ___________________________________________; ___________________________________________. Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес әр жоба үшін жеке-жеке толықтырылады.
Тармақ 17
17. МҚҰ/КС:
Тармақша 1
1) Кредит/микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға алып келмейтін) кезде дереу, бірақ Кредит/микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға. Кредит/микрокредит беру туралы шартқа Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға алып келетін өзгерістер енгізілген кезде МҚҰ/КС Кепілгерден осы өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісімін алуға. Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер Кредит/микрокредит беру туралы шартқа Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда, кепілдік тоқтатылады;
Тармақша 2
2) Кепілгерден Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит/микрокредит беру туралы шарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беру жөнінде жазбаша сұраным алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағаны (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда да) туралы 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге жазбаша хабарлауға;
Тармақша 4
4) осы Шартта белгіленген жағдайларда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда, Кепілгерден алған бүкіл соманы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борышты өтеуге жіберуге;
Тармақша 6
6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда, осы Шарттың 32-тармағы орындалғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. МҚҰ/КС құжаттары Кепілгерге төлнұсқаларда, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, нотариалды куәландырған көшірмелер түрінде тапсырылады. Құжаттарды МҚҰ/КС-дан Кепілгерге тапсыру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қарыз алушының кредиттік дерекнамасына мониторинг жүргізу үшін қолжетімділік беруге;
Тармақша 8
8) Кепілгердің кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
Тармақша 9
9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға;
Тармақша 10
10) Кепілгерге тоқсан сайынғы негізде қаржылық есептілікті, осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес МҚҰ/КС берілген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпаратты жазбаша түрде және Кепілгер айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша есепті айдан кейінгі айдың бірінен кешіктірмей беруге;
Тармақша 11
11) Кепілгерге ай сайынғы негізде осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жобаларды іске асыру барысына ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде және қосымша Кепілгер айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына есепті айдан кейінгі айдың бірінен кешіктірмей беруге;
Тармақша 12
12) кредит/микрокредит (оның ішінде кредиттік желі шеңберінде транштар) нақты берілген, сондай-ақ өтеу шарттары өзгерген (қайта құрылымдау, мерзімін ұзарту) сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Кепілгерді берешекті өтеу графигі бар Кредит/микрокредит беру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша/электрондық почта бойынша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 18
18. МҚҰ/КС:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде талап қоюға;
Тармақша 2
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Кепілдіктерді орындау тәртібі
5-тарау. Кепілдіктерді орындау тәртібі
Тармақ 19
19. Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін үздіксіз орындамаған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн мерзімінен кешіктірмей, МҚҰ/КС бұл туралы Кепілгерді Кепілдік мөлшері есептелетін негізгі борыш бойынша берешек мөлшерін Кепілгердің белгілеуі үшін Кепілдік мөлшерінің қалдығын көрсете отырып, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға жолдаған мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде МҚҰ/КС Қарыз алушыдан және қамтамасыз ету берілген адамдардан мерзімі өткен берешекті (хабарламаларды, наразылықтарды, талаптарды жіберу, соттан тыс және сот тәртібімен өндіріп алу, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етуге және үшінші тұлғалардың кепілдіктерімен/кепілгерліктерімен (кепілдікті қоспағанда) қамтамасыз етуге арналған өндіріп алуды қолдану, Қарыз алушының шоттарына төлем талаптарын қою жолымен) алу мақсатында осы Шарттың 25-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды міндетті түрде жасай отырып, қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды қабылдайды.
Тармақ 21
21. МҚҰ/КС Кепілгерге талап қойылғанға дейін Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сомалар мынадай кезектілікке сәйкес Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі:
Тармақша 1
1) негізгі борыш бойынша берешек;
Тармақша 2
2) сыйақы бойынша берешек;
Тармақша 3
3) кредит/микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
Тармақша 4
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
Тармақша 5
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
Тармақша 6
6) кредит/микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;
Тармақша 7
7) МҚҰ-ның/КС-ның орындауды алу бойынша шығасылары. Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер бұл Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
Тармақша 1
1) негізгі борыш бойынша берешек;
Тармақша 2
2) сыйақы бойынша берешек;
Тармақша 3
3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
Тармақша 4
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
Тармақша 5
5) Кредит/микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
Тармақша 6
6) кредит/микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;
Тармақша 7
7) МҚҰ-ның/КС-ның орындауды алу бойынша шығасылары.
Тармақ 22
22. Егер, Қарыз алушы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей, Кепілгерге Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Кепілгер МҚҰ/КС берген Қарыз алушының МҚҰ/КС алдында мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы жазбаша хабарлама негізінде осы Шарттың талаптарын сақтау тұрғысынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде мониторинг жүргізеді.
Тармақ 23
23. Егер, Қарыз алушы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге талап қояды. Осы Шарттың 20-тармағында белгіленген іс-шаралар күнтізбелік 180 күнге дейін өткізілген жағдайда, МҚҰ/КС мерзімі өткен берешекті өндіріп алу және (немесе) кепілдік мүлкін өткізу бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Кепілгерге кепілдік төлеу үшін көрсетілген мерзімнен ерте жүгінеді.
Тармақ 24
24. МҚҰ/КС талаптарында:
Тармақша 1
1) Кепілдік шартының деректемелері;
Тармақша 2
2) Кредит/микрокредит беру туралы шарттың деректемелері;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының атауы;
Тармақша 4
4) Кепілгердің кепілдік бойынша төлем сомасының есептемесі;
Тармақша 5
5) ақша аударылуы тиіс МҚҰ/КС шотының деректемелері көрсетіледі.
Тармақ 25
25. МҚҰ/КС талабына:
Тармақша 1
1) МҚҰ/КС жазбаша хабарлама жіберген күнге Кредит/микрокредит беру туралы шарт шеңберінде Қарыз алушының жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесін көрсете отырып, Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
Тармақша 2
2) кредит берілген күннен бастап Кепілгерге талап қойылған (бар болса) күнге дейінгі кезең үшін Қарыз алушының банктік шотынан үзінді көшірме;
Тармақша 3
3) Қарыз алушының кредит қаражатын алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға, кепіл берушілерге, кепілгерлерге, кепіл болушыға жіберілген мерзімі өткен берешекті Қарыз алушының Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өтеу туралы жазбаша талаптың (наразалықтың) қолма-қол табыс етілген не Кредит/микрокредит беру туралы шартта, кепіл шартында, кепілдік/кепілгерлік шартында көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолдаған көшірмесі;
Тармақша 5
5) Қарыз алушының МҚҰ/КС талабына (наразылығына) берген жауабының (бар болса) көшірмесі;
Тармақша 6
6) мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей жасалған өтеудің ағымдағы жағдайы мен перспективасын көрсете отырып, кеңейтілген мониторингтік есептің көшірмесі;
Тармақша 7
7) мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, Қарыз алушының/кепілгерлердің/кепіл болушылардың шоттарына қойылған төлем талаптарының көшірмелері (Қарыз алушының/кепілгерлердің/кепіл болушылардың акцептсіз есептен шығаруға келісімі бар болса);
Тармақша 8
8) МҚҰ/КС-ның Қарыз алушыға Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша соманы мерзімінен бұрын қайтару туралы мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей қойылған жазбаша талаптың (наразылықтың) қолма-қол табыс етілген не Кредит/микрокредит беру туралы шартта көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған көшірмесі;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде қабылдаған шаралар және мынадай растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қабылданған шаралар нәтижесінде алынған сомалар туралы ақпарат: тіркеуші органда тіркелген, қолма-қол табыс етілген не мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған міндеттеменің орындалмағаны туралы хабарламаның көшірмесі; тіркеуші органда тіркелген, қолма-қол табыс етілген не мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 130 (бір жүз отыз) күннен кешіктірмей хабарламасы бар тапсырысты хатпен жолданған кепілге салынған мүлікке арналған сауда-саттық туралы хабарламаның көшірмесі; мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 150 (бір жүз елу) күннен кешіктірмей жарияланған кепілге салынған мүлікке арналған сауда-саттық туралы хабарландырудың көшірмесі; мерзімі өткен берешек пайда болған болған күннен бастап күнтізбелік 170 (бір жүз жетпіс) күннен кешіктірмей қол қойылған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі; берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің және/немесе кепілге салынған мүлікке арналған өндіріп алуды қолданудың көшірмесі; орындау парақтарының көшірмелері;
Тармақша 10
10) Кредит/микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдердің көшірмелері;
Тармақша 11
11) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы берешегін және берешекті өтеу бойынша МҚҰ/КС қабылдаған шараларды растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері. МҚҰ/КС осы тармақта көзделген құжаттарды бермеген жағдайда және/немесе Қарыз алушының МҚҰ/КС-ның іс-қимылдарына шағымдануы себебінен көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайды қоспағанда, МҚҰ/КС-ның осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімдерін бұзған жағдайда, МҚҰ/КС-ның талабы Кепілгердің орындауына жатпайды.
Тармақ 26
26. Талапта көрсетілген сома осы Шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс, бірақ осы Шарттың 4-тармағында белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аспайды.
Тармақ 27
27. МҚҰ/КС талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен жібереді.
Тармақ 28
28. Талап Кепілгерге ағымдағы жұмыс күні астана уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін қойылады. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін қойылған талап келесі жұмыс күні қойылған деп саналады.
Тармақ 29
29. МҚҰ/КС талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны МҚҰ/КС қойған талаптар туралы осы Шартта көрсетілген Қарыз алушының мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен хабарлама жіберу жолымен немесе Қарыз алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде почта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні хабарлама алынды деп саналады.
Тармақ 30
30. Кепілгер МҚҰ/КС талабын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, сондай-ақ талапқа және ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей талапта көрсетілген сома мөлшерінде МҚҰ/КС-ға төлем жүргізеді не МҚҰ/КС-ға барлық қарсылықтарын көрсетіп хат жібереді.
Тармақ 31
31. Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азаяды.
Тармақ 32
32. МҚҰ/КС кепілді қамтамасыз етуді іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөніндегі шаралардың нәтижесінде, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру жолымен МҚҰ/КС алған барлық сома Кепілгер мен МҚҰ/КС-ның арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:
Тармақша 1
1) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы негізгі борышының қалдық сомасын өтеу;
Тармақша 2
2) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;
Тармақша 3
3) Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша МҚҰ/КС алдындағы сыйақыны өтеу;
Тармақша 4
4) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша тұрақсыздық айыбы мен басқа да берешегін өтеу. Бұл ретте, ақшаны бөлу МҚҰ/КС оларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Егер, осы Шарттың 32-тармағын орындау салдарынан Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмейтін болса/толық көлемде өтелмейтін болса, МҚҰ/КС кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге МҚҰ/КС сатпаған барлық мүлікті, сондай-ақ кепілдіктер, кепілгерліктер бойынша құқықтарды және Кредит/микрокредит беру туралы шартта Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілген және Кепілгер орындаған міндеттеме көлемінде қамтамасыз етуді бере отырып, Шарт бойынша кепіл ұстаушы ретінде МҚҰ/КС-ға тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді. Осы Шарттың 32-тармағын орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МҚҰ/КС Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды: Кредит/микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін; Қамтамасыз етуді беру туралы шарттарға қосымша келісімдермен бірге олардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін; кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар мен Кепілгердің талап етуі бойынша өзге де құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.
Тарау 6. 6-тарау. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
6-тарау. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
Тармақ 34
34. Кепілдік 20__ жылғы «_____» __________ (қоса алғанда) дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 35
35. Кепілдіктің қолданылуы мынадай мән-жайлардың кез келгені орын алған кезде тоқтатылады:
Тармақша 1
1) кепілдікпен қамтамасыз етілген Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасының толық өтелуі;
Тармақша 2
2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) егер, Кепілгер жаңа борышкер үшін МҚҰ/КС алдында Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша ішінара ынтымақтастық жауапкершілік алуға келісімін бермесе, кепілдікпен қамтамасыз етілген Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша борыштың өзге адамға ауысуы;
Тармақша 4
4) егер, кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау мерзімі басталғаннан кейін МҚҰ/КС Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартса;
Тармақша 5
5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершілікті арттыруға алып келетін немесе алып келуі мүмкін Кредит/микрокредит беру туралы шарттың кез келген талаптарының өзгеруі;
Тармақша 6
6) МҚҰ/КС Кепілгерге Кепілгердің кепіл беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда, оның ішінде дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсыну Қарыз алушы және/немесе МҚҰ/КС тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаса және бұл заңнамадан белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайда ғана;
Тармақша 7
7) осы Шарттың 13-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды Қарыз алушы және (немесе) МҚҰ/КС орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;
Тармақша 8
8) кредитті мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған кезде;
Тармақша 9
9) МҚҰ/КС/Қарыз алушы кепілдіктен бас тартқан кезде, бұл ретте, Қарыз алушының кепілдік алудан бас тартуы МҚҰ-мен/КС-мен келісіледі;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында, «Еңбек» бағдарламасында және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша. Көрсетілген негіздер бойынша кепілдіктің қолданылуы тоқтатылған кезде кепілгер бұл туралы МҚҰ/КС мен Қарыз алушыны жазбаша хабардар етеді.
Тарау 7. 7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Кепілгер МҚҰ/КС-ға талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер МҚҰ/КС-ға мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %-ы (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде, бірақ уақтылы төленбеген соманың 1%-нан (бір пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 37
37. МҚҰ/КС Кепілгерге осы Шарттың 32-тармағының талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі соманы уақтылы қайтармаған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %-ы (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде, бірақ уақтылы төленбеген соманың 1%-нан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 38
38. МҚҰ/КС осы Шарттың 17-тармағының 5) тармақшасында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, МҚҰ/КС Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 39
39. Қарыз алушы осы Шарттың 16-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда және 12) тармақшасының белгіленген талаптары айқындалған күннен бастап, Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Тармақ 40
40. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талап жіберуі болып саналады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.
Тармақ 41
41. МҚҰ/КС Кредит/микрокредит беру туралы шартты және Кепіл шартын(тарын) тиісінше ресімдеу үшін, сондай-ақ кредит/микрокредит беру талаптарының Кепілгердің Уәкілетті органының шешімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі үшін толық жауапты болады. МҚҰ/КС тарапынан осы міндеттемені бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, Кепілгер кепілдікті жоюды қоса алғанда, жауапкершілік шараларын қолданады.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 42
42. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады.
Тармақ 43
43. Осы Шартты өзгертумен, бұзумен және орындаумен байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар арқылы шешетін болады, егер, келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмесе, онда мұндай Нұр-Сұлтан қаласында Кепілгердің атқарушы органы орналасқан жер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
Тармақ 44
44. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.
Тармақ 45
45. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 46
46. Тараптардың қолы қойылып Кредит/микрокредит беру туралы шарттың көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 47
47. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы үшін өз қаражаты шегінде ғана жауап береді.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолтаңбалары:
9-тарау. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолтаңбалары: Қарыз алушы: Кепілгер: МҚҰ/КС:
Басқа 4.1. МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпарат
________ № ______ кепілдік шартына 1-қосымша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ____________________________________ (кім ұсынады: микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) /кредиттік серіктестер (бұдан әрі – КС) мекенжайы МҚҰ/КС берген кредиттер бойынша кредиттік портфель туралы ақпарат Р/с № Көр­сет­кіш­тер То­лық жа­зы­луы (тү­сін­дір­ме­лер) Қыз­мет ба­сы­нан ба­стап есеп­тік ай­ды қо­са ал­ған­да Есеп­ті ай­да­ғы (ай­дың ата­уы) са­ны со­ма­сы, мың тең­ге са­ны со­ма­сы, мың тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 1-бө­лім. Қам­ту және әсер ету 1 МҚҰ/КС-ның бел­сен­ді қарыз алушы­ла­ры, оның ішін­де Қол­да­рын­да кре­дит­те­рі бар қарыз алушы­лар. Олар­дың са­ны және қол­да­ғы ақ­ша со­ма­сы, мың тең­ге 1.1. Заң­ды тұ­лға­лар 1.2. Же­ке тұ­лға­лар 2 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қары­зда­ры МҚҰ/КС ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қары­зда­ры­на ба­ғыт­та­ған со­ма. Олар­дың са­ны және ақ­ша со­ма­сы. 3 МҚҰ/КС-ның кре­дит­тік порт­фе­лі Өтеу мер­зі­мі өт­кен қары­зын қо­са ал­ған­да, қарыз алушы­ның қо­лын­да­ғы ақ­ша со­ма­сы. Олар­дың са­ны және со­ма­сы. 3.1. оның ішін­де, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ ке­піл­дік бе­ру жө­нін­де­гі ке­піл­ді­гі­мен бе­рі­л­ге­ні оның ішін­де «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ ке­піл­дік бе­ру жө­нін­де­гі ке­піл­ді­гі­мен бе­рі­л­ген кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 4 МҚҰ/КС-ның қыз­ме­ті ба­стал­ған­нан ба­стап бе­рі­л­ген кре­дит­тер­дің жал­пы са­ны МҚҰ/КС-ның қыз­ме­ті ба­стал­ған­нан ба­стап бе­рі­л­ген кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 2-бө­лім. Бе­ре­шек мер­зім­де­рі бой­ын­ша порт­фель мәр­те­бе­сі 5 Өтеу мер­зі­мі өт­пе­ген порт­фель Өтеу мер­зі­мі өт­пе­ген кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 6 Порт­фель тәу­е­ке­лі 30 күн­нен аз 30 күн­нен кем тәу­е­кел­де болған тө­леу мер­зі­мі өт­кен кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 7 Порт­фель тәу­е­ке­лі 31-90 күн ара­лы­ғын­да Тәу­е­кел­де 31 күн­нен 90 күн­ге дей­ін болған тө­леу мер­зі­мі өт­кен кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 8 Порт­фель тәу­е­ке­лі 91-180 күн ара­лы­ғын­да Тәу­е­кел­де 91 күн­нен 180 күн­ге дей­ін болған тө­леу мер­зі­мі өт­кен кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 9 Порт­фель тәу­е­ке­лі 180 күн­нен астам Тәу­е­кел­де 180 күн­нен астам болған тө­леу мер­зі­мі өт­кен кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 10 1 ай­да есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кре­дит­тер 1 ай­да есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы 11 МҚҰ/КС қыз­ме­ті ба­стал­ған­нан ба­стап есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кре­дит­тер Қыз­мет ба­стал­ған­нан ба­стап есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кре­дит­тер са­ны мен со­ма­сы Ескертпе: * портфель тәуекелі деп негізгі борыш бойынша жалпы берешек сомасы түсіндіріледі (төлеу мерзімі өткен негізгі борыш+жедел негізгі борыш қалдығы). МҚҰ/КС ди­рек­то­ры _______________ (қо­лы) _______________________ (аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі) МҚҰ/КС бас бух­гал­те­рі ______________ (қо­лы) _______________________ (аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі) Орын­да­у­шы: Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны: _____________________
Басқа 4.2. Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп
____________ №____ кепілдік шартына 2-қосымша Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы __________________ (кім ұсынады: микроқаржы Ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) /кредиттік серіктестер (бұдан әрі – КС) мекенжайы Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп Р/с№ Кре­ди­тор­дың ата­уы Қарыз алушы­ның жү­гін­ген ор­ны Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Заң­ды мәр­те­бе­сі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің нө­мі­рі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың /кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің кү­ні Кре­дит/мик­ро­кре­дит / жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі мер­зі­мі Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы Кре­дит/мик­ро­кре­дит/ жа­ңар­тыл­май­тын кре­ди­тік же­лі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Негіз­гі қары­зды өтеу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Сый­а­қы­ны тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Кре­дит/мик­ро­кре­дит/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит­тік же­лі (транш) бой­ын­ша бе­ру кү­ні Нақ­ты бе­рі­л­ген қа­ра­жат со­ма­сы Есеп­тік күн­ге негіз­гі бо­рыш бе­ре­ше­гі­нің қал­ды­ғы Шар­ттың нө­мі­рі Шар­тты­ңың кү­ні Шарт бой­ын­ша ке­піл­дік со­ма­сы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы Ке­піл­дік бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні орын­дау со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек со­ма­сы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Сый­а­қы тө­леу бой­ын­ша тө­леу мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны Кре­дит (ин­ве­сти­ци­я­лық кре­дит/ ай­на­лым қа­ра­жа­тын то­лық­ты­ру) бе­ру объ­ек­ті­сі ҚЖЖ бой­ын­ша код Жо­ба бой­ын­ша биз­нес (ба­стап­қы/ жа­ңа ба­стал­ған) Кре­дит­тік же­лі тү­рі Кре­дит/мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт /кре­дит­тік же­лі ашу ту­ра­лы ке­лі­сім бой­ын­ша қол­же­тім­ді­лік ке­зе­ңі МҚҰ-ның/КС-ның уәкі­лет­ті ада­мы­ның/ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған кү­ні 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 Лауазымды адам __________ _______________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жауапты жұмыскер __________ ________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 5. Комиссия алуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығына 5-қосымша Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/ микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Комиссия алуға арналған өтінім __________________________________________________________________________________ (кімге) (облыстың жергілікті атқарушы органына) __________________________________________________________________________________ (кімнен) (кепілгердің толық атауы) Осымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Кепілгер, ___________ (қарыз алушының атауы) және ____________ (микроқаржы ұйымының/кредиттік серіктестіктің (бұдан әрі – МҚҰ/КС) атауы) арасында кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды. Кепілдік _________ (қарыз алушының атауы) ____________ (МҚҰ/КС атауы) алдындағы кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде берілді. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Сізден _____________ (кепілдік сомасының 30%-ы) мөлшерінде кепілдік құнын мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз: Төлем тағайындаған кезде қарыз алушының атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер. атауы_______________________________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ___________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________ ___________________________________________________________ мекенжайы:__________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:________________________________________ 2. Екінші деңгейдегі банктегі шоты бойынша мәліметтер: БСН_______________________________________________________ Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе Банктің деректемелері: __________ Банктің атауы:________________________________________ БСК (банктік сәйкестендіру коды)__________________________ ЖСК (жеке сәйкестендіру коды)_____________________________ БСН _______________________________________________ Кбе ________________________________________________ 3. МҚҰ/КС және қатысушы арасында жасалған кредит/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер. P/с № КШ (№ және кү­ні) Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның ЖСН/БСН-сы Өнім (қар­жы­лан­ды­ру) тү­рі (кре­дит неме­се мик­ро­кре­дит) 1 2 3 4 5 кестенің жалғасы Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің со­ма­сы және ва­лю­та­сы Кре­дит бе­ру/мик­ро­кре­дит бе­ру мақ­са­ты Кре­дит­тің/мик­ро­кре­дит­тің/жа­ңар­тыл­май­тын кре­дит же­лі­сі­нің мер­зі­мі Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, % 6 7 8 9 4. Кепілдік беру шарты туралы мәліметтер: р/с№ КШ (№ және кү­ні) Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның ЖСН/ БСН-сы Ке­піл­дік со­ма­сы, тең­ге Ке­піл­дік мер­зі­мі, жыл 1 2 3 4 5 6 Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз және дұрыс емес мәліметтер ұсынылған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береміз. Кепілгер 20__ жылғы «__» __________ сағат ____ қол қойып, жіберді: Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама: Жұмыс органы 20__ жылғы «__» ___________сағат ____ қабылдады: ЭЦҚ-дан алынған деректер ЭЦҚ қою күні және уақыты «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы ________________________________ ________________________________