О внесении изменении в решение акима Бейнеуского района от 27 декабря 2018 года № 5 «О образовании избирательных участков» Қолданыста
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№122, №131, №133, №134, №136 және №138 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 122 сайлау учаскесі
Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Сам жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Бейнеу ауылының Балуанияз атындағы көшесінің №1-165 үйлері, Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің №1-163 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің №1-143 үйлері, Бозжыра көшесінің және Есекмерген батыр көшесінің қиылысынан Бозжыра көшесінің Сүгір Бегендікұлы көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Асау Батыр атындағы көшесінің №1-145 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің №1-75 үйлері.»;
«№ 131 сайлау учаскесі
Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Сарға ауылының үйлері.»;
«№ 133 сайлау учаскесі
Орталығы: Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Сыңғырлау ауылдық клубы.
Шекарасы: Сыңғырлау ауылының үйлері.»;
«№ 134 сайлау учаскесі
Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Сам №1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Сам ауылының үйлері.»;
«№ 136 сайлау учаскесі
Орталығы: Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Ноғайты ауылдық клубы.
Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.»;
«№ 138 сайлау учаскесі
Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: Бейнеу ауылының С.Қилыбайұлы атындағы көшесінің №1-18 үйлері, Ж.Аймауытов атындағы, Т.Тоқтаров атындағы, Д.Нұрпейісова атындағы, Сәттіғұл атындағы,Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Құрманғазы атындағы көшелерінің үйлері.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бейнеу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы