О внесении изменения в постановление акимата Махамбетского района от 27 февраля 2018 года № 51 «Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Махамбет аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Махамбет аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Мұқашқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.