О признании утратившим силу постановления акимата города Аркалыка Костанайской области от 27 февраля 2018 года № 65 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Аркалыка» Қолданыста
Басқа 0
«Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.