О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 ноября 2018 года № 84 «Об утверждении Правил кредитования микрокредитования в городах и моногородах и Правил гарантирования по кредитам/микрокредитам, выдаваемым микрофинансовыми организациями/банками второго уровня в городах» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17810 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында: 24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) кредитке өтінім берудің алдында кемінде 1 жыл негізгі қызметті жүзеге асыру. Бұл талап «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар құрған МҚҰ-ға қолданылмайды; ».
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.