О признании утратившим силу решения акима района от 27 декабря 2019 года № 02 «Об образовании избирательных участков на территории района Т. Рыскулова» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Т. Рысқұлов ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешмінің қосымшасына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғалиев Бауыржан Қамарғалиұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Т.Рысқұлов аудан әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
шешіміне қосымша Т.Рысқұлов аудан әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақша 1
1) «Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4628 болып тіркелген).
Тармақша 3
3) «Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген).