О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 1431 «Об утверждении Положения о Комитете государственного казначейства Министерства финансов Республики Казахстан» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.»; 14-тармақтың 3) тармақшасы орыс тіліндегі мәтінінде өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; 14-тармақтың 12) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «12) мемлекеттік бюджетке қатысты және оның есебінен ұлттық және шетелдік валютада (оларды жүзеге асыруға үшінші тұлғаларға өкілеттік беру құқығынсыз), мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуінен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олар алатын, мемлекеттік мекемелер үшін, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарымдылық не белгілі бір жағдайлар туындағанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге беретін ақшаларына; квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарын ұлғайту және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақшаға; қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге аударылатын ақшаға; мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасына; Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасына мынадай банк операцияларын іске асыру;»; 19-тармақ алынып тасталсын; 20-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) өз орынбасарларының, Комитеттің астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттері басшыларының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: Комитет басшының орынбасарларын; Комитет қызметкерлерін; астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттер басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»; 20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттері туралы ережелерді бекітеді;»; 20-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, сыйақылар беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.