О внесении изменения и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 27 декабря 2019 года № 226 «Об утверждении перечня открытых данных, размещаемых на интернет-портале открытых данных» Күшін жойған
Басқа 0
«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы
27 желтоқсандағы № 226 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19804 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
«
28
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер туралы статистикалық деректер
жыл сайын
30 қыркүйекке дейін
Ашық деректер интернет-порталының АЖО
ҚР Президентінің жанындағы МБА, ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті
»;
Аббревиатуралардың толық жазылуында:
орыс тіліндегі «ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;» жолға өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
«ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚР Президенті жанындағы МБА – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты одан әрі орындау үшін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын онымен таныстыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі