О внесении изменений в постановление акимата Сарыагашского района от 27 июня 2019 года № 250 «Об установлении публичного сервитута»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Сарыагашского района от 27 июня 2019 года № 250 «Об установлении публичного сервитута»
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 250 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 27.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2021 152491_507113.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UK006037
- ЭКБ идентификаторы
- 152491
- Редакция идентификаторы
- 152491_507113
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:44
0 Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 250 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №250 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5101 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына «Оңтүстікауызсу» филиалы «Сарыағаш топтық су жүйесі» өңдірістік бөлімшесінің пайдалануындағы магистральды және елді мекен ішіндегі ауыз су құбырларын пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.».