О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.